background image

13 ҚАЗАҚША

8. 

Электрлік құралды сыртта пайдаланғанда, 

сыртта қолдануға жарамды ұзартқышты 

қолданыңыз.

 Сыртта қолдануға жарамды 

шнурды пайдалану ток соғу қаупін азайтады.

9. 

Егер электрлік құралды ылғалды жерде пайдалану 

керек болса, қорғаныстық ажырату құрылғысын 

(RCD) пайдаланыңыз.

 Қорғаныстық ажырату 

құрылғысын пайдалану ток соғу қаупін азайтады.

10. 

Электр қуатын әрдайым 30 мА немесе одан 

кем номиналды дифференциалды тогы бар 

қорғаныстық ажырату құрылғысы (RCD) 

арқылы пайдаланған жөн.

Жеке қауіпсіздік

11. 

Электрлік құралды пайдаланған кезде, 

жасап жатқан жұмысыңызға қырағылық 

танытып, мұқият болыңыз. Шаршағанда 

немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі-

дәрмектің әсерінде болған кезде электрлік 

құралды пайдаланбаңыз.

 Электрлік құралды 

пайдалану кезінде сәл ғана аңсыздық таныту 

ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.

12. 

Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз. 

Міндетті түрде қорғаныс көзілдірігін тағыңыз.

 

Шаңнан қорғайтын маска, сырғанамайтын 

қорғаныс аяқ киімі, каска немесе құлаққап сияқты 

қорғаныс жабдықтарын тиісті жағдайларда 

қолдану жарақаттану қаупін азайтады.

13. 

Кездейсоқ іске қосудың алдын алыңыз. 

Құралды қуат көзіне және/немесе аккумулятор 

блогына қоспас бұрын, оны жинап немесе 

тасымалдамас бұрын, ауыстырып-қосқыш 

өшірулі күйде екеніне көз жеткізіңіз.

 Саусақ 

электрлік құралдың ауыстырып-қосқышында 

тұрған кезде оны тасымалдау немесе ауыстырып-

қосқышы қосулы электрлік құралды қуат көзіне 

қосу жазатайым оқиғаға әкеп соғуы мүмкін.

14. 

Электрлік құралды қоспас бұрын, реттегіш 

немесе сомынды бұрайтын кілттерді алып 

тастаңыз.

 Электрлік құралдың айналмалы 

бөлігінде реттегіш немесе сомынды бұрайтын 

кілт бекітулі қалса, жарақаттауы мүмкін.

15. 

Тым артық күш салмаңыз. Әрдайым 

тұрақты және тепе-теңдік сақтайтын күйде 

болыңыз.

 Бұл күтпеген жағдайда электрлік 

құралды жақсы басқаруға мүмкіндік береді.

16. 

Жұмысқа сай киініңіз. Бос киім кимеңіз 

және әшекей тақпаңыз. Шаш, киім және 

қолғабыңызды қозғалмалы бөлшектерден 

алшақ ұстаңыз.

 Бос киім, әшекейлер немесе ұзын 

шаш қозғалмалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.

17. 

Шаң тұту және жинау құрылғылары 

қамтамасыз етілген болса, олардың қосулы 

екендігіне және дұрыс қолданылып жатқанына 

көз жеткізіңіз.

 Шаң жинау құрылғысын пайдалану 

шаңмен байланысты қауіпті азайтуы мүмкін.

Электрлік құралды пайдалану және күтім жасау

18. 

Электрлік құралға артық күш түсірмеңіз. 

Орындалатын жұмысқа сәйкес келетін 

электрлік құралды пайдаланыңыз.

 Дұрыс 

таңдалған электрлік құрал өзіне жүктелген 

жұмысты жақсы және қауіпсіз істейді.

19. 

Ауыстырып-қосқышы ақаулы электрлік 

құралды пайдаланбаңыз.

 Ауыстырып-

қосқышы ақаулы кез келген электрлік құрал 

қауіп төндіреді және оны жөндеу керек.

20. 

Кез келген реттеулер жасамас бұрын, керек-

жарақтарды ауыстырмас бұрын немесе электрлік 

құралдарды ұзақ уақытқа сақтамас бұрын, 

ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе 

аккумулятор блогы бар болса, оны шығарып 

алыңыз.

 Осындай алдын алу шаралары электрлік 

құралдың кездейсоқ іске қосылу қаупін азайтады.

21. 

Электрлік құралдарды балалардың қолы 

жетпейтін жерде сақтаңыз, сонымен қатар 

электрлік құралмен жұмыс істей алмайтын 

және осы нұсқауларды оқымаған тұлғаларға 

құралды пайдалануға рұқсат етпеңіз.

 

Арнайы жаттығудан өтпеген пайдаланушылар 

үшін электрлік құрал қауіп төндіреді.

22. 

Электр құралдарына техникалық қызмет 

көрсетіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің ауытқуы 

және оралуы, зақымдалған бөлшектер 

және электрлік құралдың жұмысына кері 

әсер ететін басқа жағдайлардың бар-жоғын 

тексеріңіз. Зақымы болса, электрлік құралды 

жөндеген соң бірақ пайдаланыңыз.

 Жазатайым 

оқиғалардың көбі электрлік құралдарға дұрыс 

техникалық қызмет көрсетілмеу себебінен болады.

23. 

Кесу құралдары өткір және таза болуы 

керек.

 Кескіш жиектері өткір кесу құралдарын 

дұрыс пайдалансаңыз, олар тұрып қалмайды 

және басқаруға оңай.

24. 

Электрлік құралды, керек-жарақтарды және 

қондырмаларды, т.б. жұмыс жағдайы мен 

орындалатын жұмысты ескере отырып, 

осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз.

 

Электрлік құралды басқа мақсатта пайдаланған 

жағдайда, қауіпті жағдай туындауы мүмкін.

Қызмет көрсету

25. 

Электрлік құралды білікті маманға жөндетіп 

алыңыз, ол тиісті қосалқы бөлшектерді 

пайдалануы керек.

 Бұл электрлік құралдың 

қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

26. 

Керек-жарақтарды майлау және ауыстыру 

нұсқауын орындаңыз.

27. 

Тұтқаларды құрғақ, таза ұстаңыз және 

майлы болмауын қамтамасыз етіңіз.

СОҚПАЛЫ БҰРҒЫҒА ҚАТЫСТЫ 

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ҚАУІПСІЗДІК 

ЕСКЕРТУЛЕРІ

1. 

Соққылау арқылы бұрғылау кезінде құлақ 

қорғанышын киіңіз.

 Шуылдың әсері есту 

қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін.

2. 

Егер құралмен бірге берілген болса, қосалқы 

тұтқа(лар)ды пайдаланыңыз.

 Құралға ие бола 

алмай қалсаңыз, жарақат алуыңыз мүмкін.

3. 

Жұмыс істеп жатқанда, кесуге арналған 

керек-жарақ жасырын сымға немесе 

өз шнурына тиіп кетуі мүмкін болса, 

электр құралды оқшауланған арнайы 

қысқыштармен ұстаңыз.

 Кесу құралы кернеулі 

сымға тиіп кетсе, электрлік құралдың ашық 

металл бөлшектерінде кернеу пайда болады, 

нәтижесінде операторды ток соғуы мүмкін.

4. 

Әрдайым тұрақты жерде тұрғаныңызға көз жеткізіңіз.

 

Құралды биіктікте пайдаланған кезде, 

төменгі жақта адамдардың жоқ екеніне көз 

жеткі.

Summary of Contents for MT M0800

Page 1: ...M0800 M0801 EN Hammer Drill INSTRUCTION MANUAL 3 RU 7 KK 12...

Page 2: ...1 2 A B 1 1 2 1 3 5 6 4 1 2 1 2 3 4 Fig 1 Fig 2 Fig 3 Fig 4 Fig 5 Fig 6 Fig 7 2...

Page 3: ...ions Failure to follow the warnings and instruc tions may result in electric shock fire and or serious injury Save all warnings and instruc tions for future reference The term power tool in the warnin...

Page 4: ...hil dren and do not allow persons unfamiliar with the power tool or these instructions to operate the power tool Power tools are dangerous in the hands of untrained users 22 Maintain power tools Check...

Page 5: ...he action mode changing lever to the right symbol For rotation only slide the action mode changing lever to the left symbol ASSEMBLY CAUTION Always be sure that the tool is switched off and unplugged...

Page 6: ...life of the tool There is a tremendous force exerted on the tool bit at the time of hole break through Hold the tool firmly and exert care when the bit begins to break through the workpiece A stuck b...

Page 7: ...7 M0800 M0801 10 16 20 20 10 13 0 3 200 1 0 3 200 1 0 48 000 0 48 000 254 261 1 6 1 7 II EPTA 01 2003 1 2 3 4...

Page 8: ...8 5 6 7 8 9 RCD RCD 10 RCD 30 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24...

Page 9: ...9 25 26 27 1 2 3 4 5 6 7 8 9 1 1 2 A B 2 1...

Page 10: ...10 3 1 4 1 2 3 4 5 6 360 360 5 1 2 6 1 2 3 4 1 2 3 7...

Page 11: ...11 Makita Makita...

Page 12: ...12 i M0800 M0801 10 16 20 20 10 13 0 3200 1 0 3200 1 0 48 000 0 48 000 254 261 1 6 1 7 II EPTA Procedure 01 2003 1 2 3 4 5 6 7...

Page 13: ...13 8 9 RCD 10 30 RCD 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 1 2 3 4...

Page 14: ...14 5 6 7 8 9 1 1 2 A B 2 1 3 1 4 1 2 3 4 5 6...

Page 15: ...15 360 360 5 1 2 6 1 2 3 4 1 2 3 7...

Page 16: ...Makita Corporation 3 11 8 Sumiyoshi cho Anjo Aichi 446 8502 Japan www makita com Makita Makita 885429 782 EN RU KK 20181012...

Reviews: