150
Қазақ
•
Құрылғыларды тек арнайы белгіленген батареялар
жинақтарымен бірге пайдаланыңыз. Кез келген
басқа батареялар жинақтарын пайдалану жарақат
алу және өрт қаупін тудыруы мүмкін.
•
Батареялар жинағы пайдаланылып жатпағанда,
бір клеммадан екіншісіне қосылымды жасауы
мүмкін басқа металл заттардан, мысалы, қағаз
қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден,
шегелерден, бұрандалардан немесе басқа шағын
металл заттардан аулақ ұстаңыз. Батареяның
түйіспе тұстарын қысқа тұйықтау күйіктерге немесе
өртке әкелуі мүмкін.
•
Шарттарға сай емес жағдайларда батареядан
сұйықтық шығуы мүмкін; оған тимеңіз. Оған
кездейсоқ тисеңіз, сумен шайыңыз. Сұйықтық
көздерге тисе, бұған қоса медициналық көмекке
жүгініңіз. Батареядан шыққан сұйықтық тітіркенуге
немесе күйіктерге әкелуі мүмкін.
•
Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар
жинағын немесе құрылғыны пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар
болжауға келмейтін түрде жұмыс істеп, өртке,
жарылысқа немесе жарақат қаупіне әкелуі мүмкін.
•
Батареялар жинағына немесе құрылғығыға оттың
немесе артық температураның әсерін тигізбеңіз. Оттың
немесе 130 °C-тан (265 °F) жоғары температураның
әсерін тигізу жарылысқа әкелуі мүмкін
.
•
Зарядтау туралы барлық нұсқауларды орындаңыз
және батареялар жинағын немесе құрылғыны
нұсқауларда көрсетілген температуралар
ауқымынан тыс зарядтамаңыз. Тиісті емес немесе
көрсетілген ауқымнан тыс температураларда
зарядтау батареяны зақымдауы және өрт қаупін
арттыруы мүмкін.
•
Қызмет көрсетуді білікті жөндеуші тек бірдей
ауыстыру бөлшектерін пайдаланып орындауы
керек. Бұл осы өнімнің қауіпсіздігінің сақталуын
қамтамасыз етеді.
•
Пайдалану және күту туралы нұсқауларда
көрсетілген болмаса, құрылғыны немесе
батареялар жинағын өзгертпеңіз немесе жөндеуге
әрекеттенбеңіз.
Батарея картриджына қатысты
қауіпсіздік туралы маңызды
нұсқаулар
•
Батарея картриджын пайдалану алдында
(1) батарея зарядтағышындағы, (2) батареядағы
және (3) батареяны пайдаланатын өнімдегі
барлық нұсқаулрады және сақтық белгілерді
оқып шығыңыз.
•
Батарея картриджін бөлшектемеңіз немесе
бұзбаңыз. Бұл өртке, шамадан тыс қызуға
немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.
•
Жұмыс уақыты тым қысқа болып кетсе,
пайдалануды бірден тоқтатыңыз. Бұл қызып
кету, ықтимал күйіктер және тіпті жарылыс
қаупіне әкелуі мүмкін.
•
Көздеріңізге электролит кірсе, оларды таза
сумен шайыңыз және бірден медициналық
көмек алыңыз. Бұл көру қабілетінің жоғалуына
әкелуі мүмкін.
•
Батарея картриджын қысқа тұйықтамаңыз.
(1) Клеммаларға ешбір өткізгіш материалмен
тимеңіз.
(2) Батарея картриджын шегелер, тиындар, т.б.
сияқты басқа металл заттар бар контейнерде
сақтамаңыз.
(3) Батарея картриджына судың немсе
жаңбырдың әсерін тигізбеңіз. Батареяның
қысқа тұйықталуы үлкен ток ағынына, қызып
кетуге, ықтимал күйіктерге және тіпті бұзылуға
әкелуі мүмкін.
•
Құралды және батарея картриджын
температура 50 °C-қа (122 °F) жетуі немесе
одан асуы мүмкін жерлерде сақтамаңыз және
пайдаланбаңыз.
•
Тіпті қатты зақымдалған немесе толығымен
тозған болса да, батарея картриджын теспеңіз.
Отта батарея картриджы жарылуы мүмкін.
•
Батарея картриджіне шеге қақпаңыз, кеспеңіз,
лақтырмаңыз, түсіріп алмаңыз немесе қатты
затқа соқпаңыз. Мұндай әрекеттер өртке,
шамадан тыс қызуға немесе жарылысқа әкелуі
мүмкін.
•
Зақымдалған батареяны пайдаланбаңыз.
•
Ішіндегі литий-йонды батареяларға қауіпті
тауарлар туралы заңнаманың талаптары
қолданылады. Коммерциялық тасымалдаулар
үшін, мысалы, үшінші тараптардың, қайта
бағыттау агенттерінің, орауыштағы және
жапсырмалардағы арнайы талаптарды
орындау керек. Затты жөнелтуге дайындау
үшін қауіпті материалдар жөніндегі маманнан
кеңес алу керек. Сондай-ақ егжей-тегжейлі
ұлттық ережелерді сақтаңыз. Түйіспелерді
лентамен жабыңыз және батареяны орауышта
қозғалмайтындай ораңыз.
•
Бәтеря қорабын бір жақтылы еткенде, оны
аспаптан алып шығып, хаупсіз жерге қойу
керек.
Батареяны қоқысқа лақтыруға қатысты
жергілікті ережелерді сақтаңыз.
•
Батареяларды тек Makita көрсеткен өнімдерде
пайдаланыңыз. Батареяларды талаптарға сай
емес өнімдерде орнату өртке, артық қызуға,
жарылысқа немесе электролиттің ағуына әкелуі
мүмкін.
•
Құрал ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса,
батареяны құралдан шығару керек.
•
Пайдалану кезінде және одан кейін батарея
картриджы қызуы мүмкін, бұл күйіктерге
немесе төмен температуралық күйіктерге әкелуі
мүмкін. Ыстық батарея картридждерін ұстауға
назар аударыңыз.
•
Пайдаланғаннан кейін құралдың клеммасына
бірден тимеңіз, себебі ол күйіктер тудыруға
жеткілікті қызып кетуі мүмкін.
•
Батарея картриджының клеммаларына,
тесіктеріне және ойықтарына жаңқалардың,
шаңның немесе топырақтың тұрып қалуына
жол бермеңіз. Бұл құралдың нашар жұмыс
істемеуіне я болмаса құралдың немесе батарея
картриджының бұзылуына әкелуі мүмкін.
Summary of Contents for ML007G
Page 2: ... 1 2 3 5 6 7 4 8 ...