24 ҚАЗАҚША
►
Сурет5
5.
Кесіп болғаннан кейін құралды қоймай
тұрып, сақтандырғыштың жабық болуына
және жүзінің толық тоқтауына көз жеткізіңіз.
6.
Дискілі араны ешқашан төңкеріп ұстап
кеспеңіз. Бұл өте қауіпті және ауыр
жағдайларға әкелуі мүмкін.
►
Сурет6
7.
Кейбір материалдарда улы болуы мүмкін
химиялық заттар бар. Шаң жұтпаңыз және
теріге тигізбеңіз. Материал жеткізушісінің
қауіпсіздік туралы деректерін ұстаныңыз.
8.
Ара жүзін бүйірінен қысым түсіру арқылы
тоқтатпаңыз.
9.
Ешқандай абразивті дөңгелектерді
пайдаланбаңыз.
10.
Ара жүзін құралда белгіленген немесе
нұсқаулықта көрсетілген диаметрмен ғана
пайдаланыңыз.
Өлшемі сай келмейтін жүзді
пайдалану жүзді тиісті түрде сақтандыруға
немесе сақтандырғыштың жұмыс істеуіне
кері әсер етуі мүмкін, нәтижесінде ауыр дене
жарақатының пайда болуы ықтимал.
11.
Жүзді өткірлеп және тазалап тұрыңыз.
Жүздегі қатып қалған шайыр мен ағаш
шайыры араны баяулатады және кері соққы
ықтималдығын арттырады. Алдымен ара
жүзін құралдан алып тастаңыз, сосын оны
шайыр кетіргішпен, ыстық сумен немесе
керосинмен тазалаңыз. Ешқашан жанармайды
пайдаланбаңыз.
12.
Құралды пайдаланғанда шаңнан қорғайтын
маска және құлаққа арналған қорғаныш
құралын киіп алыңыз.
13.
Әрдайым кесілетін материалға арналған ара
жүзін пайдаланыңыз.
14.
Құралда белгіленген жылдамдыққа тең
немесе одан жоғары жылдамдықпен
белгіленген ара жүздерін ғана
пайдаланыңыз.
15.
(Тек Еуропа елдері үшін)
Әрқашан EN847-1 стандартына сәйкес
келетін жүзді пайдаланыңыз.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.
ЕСКЕРТУ:
Бұл өнімді әбден пайдаланып
үйренген (қайта-қайта пайдаланғанның
нәтижесінде) болсаңыз да және сізге
қолайсыздық тудырса да, осы өнімді қолдану
кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң
түрде сақтау қажет. Осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта келтірілген қауіпсіздік ережелерін
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАУ немесе орындамау
ауыр жарақаттарға әкеп соқтыруы мүмкін.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
•
Құралдың жұмысын реттемей және
тексермей тұрып оның өшірулі екеніне
және токтан ажыратылғанына әрдайым көз
жеткізіңіз.
Кесу тереңдігін реттеу
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
•
Кесу тереңдігін реттегеннен кейін, әрдайым
тетікті мұқият бекітіңіз.
►
Сурет7:
1.
Тетік
Тереңдік бағыттауышының тетігін босатыңыз және
табанды жоғары немесе төмен жылжытыңыз.
Қажетті кесу тереңдігінде тетікті бекіту арқылы
табанды бекітіңіз.
Кесудің таза әрі қауіпсіз болуы үшін өңделетін
бөлшектің астынан бір тістен артық шығып
тұрмайтындай етіп, кесу тереңдігін орнатыңыз.
Дұрыс тереңдікті пайдалану жеке жарақатқа әкелетін
қауіпті КЕРІ СОҚҚЫ ықтималдығын азайтады.
Көлбеу кесу
►
Сурет8:
1.
Бекіткіш бұранда
►
Сурет9:
1.
Бекіткіш бұранда
Үлгі: HS7000
Алдыңғы және артқы бекіткіш бұрандаларды
босатыңыз. Тиісінше еңкейтіп, қажетті бұрышқа
(0°-45°) орнатыңыз, содан кейін алдыңғы және артқы
бекіткіш бұрандаларды мықтап бекітіңіз.
Үлгі: HS7600
Бекіткіш бұранданы босатыңыз. Тиісінше еңкейтіп,
қажетті бұрышқа (0°- 45°) орнатыңыз, содан кейін
бекіткіш бұранданы мықтап бекітіңіз.
Көздеу
Үлгі: HS7000
►
Сурет10:
1.
Кесу сызығы (0° күйі)
2.
Кесу сызығы
(45° күйі)
Үлгі: HS7600
►
Сурет11:
1.
Кесу сызығы (0° күйі)
2.
Кесу сызығы
(45° күйі)
Түзу кесу үшін табанның алдыңғы жағындағы 0°
күйін кесу сызығымен сәйкестендіріңіз. 45° бұрышта
көлбеу кесу үшін 45° күйіне сәйкестендіріңіз.