20 ҚАЗАҚША
ҚАЗАҚША (Түпнұсқа нұсқаулар)
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Үлгісi
HS7000
HS7600
Жүзінің диаметрі
185 мм
Макс. кесу тереңдігі
0°-та
65 мм
64 мм
45°-та
43 мм
42 мм
Жүктемесіз жылдамдығы
5 200 мин
-1
Жалпы ұзындығы
298 мм
309 мм
Таза салмағы
3,8 кг
3,6 кг
Қауіпсіздік класы
/II
•
Зерттеу мен әзірлеудің үздіксіз бағдарламасына байланысты осы құжаттағы техникалық сипаттамалар
ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
•
Техникалық сипаттамалары әр елде әр түрлі болуы мүмкін.
•
Салмағы EPTA-Procedure 01/2014 стандартына сәйкес
Белгілер
Төменде жабдықта пайдаланылған белгілер
көрсетілген. Қолданар алдында олардың мағынасын
түсініп алыңыз.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып
шығыңыз.
ҚОС ҚАБАТТЫ ОҚШАУЛАУ
Тек ЕО елдері үшін
Электрлік жабдықты тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз!
Электрлік және электрондық жабдықты
қоқысқа тастау бойынша Еуропалық
директиваның шарттары бойынша,
қызметтік мерзімі аяқталған электрлік
жабдық бөлек жиналып, экологиялық
тұрғыдан қауіпсіз утилизация пунктіне
қайтарылуы тиіс.
Мақсатты пайдалану
Құрал өңделетін бөлшекпен тығыз жанасу арқылы
ағашты ұзына бойы және айқас түзу сызық бойы,
сондай-ақ қиғаш бұрыштармен кесуге арналған.
Makita компаниясының сәйкес түпнұсқа ара
жүздерімен басқа материалдарды да кесуге болады.
Қуат көзі
Құрал паспорттық деректері бар фирмалық
тақтайшада көрсетілген кернеумен бірдей қуат көзіне
қосылуы керек және тек бір фазалы АТ көзімен
жұмыс істейді. Оның қос қабатты оқшауламасы бар
болғандықтан, жерге тұйықталмаған розеткаларды
пайдалануға болады.
Электрлік құралдың жалпы
қауіпсіздік ескертулері
ЕСКЕРТУ:
Осы электрлік құралмен
бірге берілген қауіпсіздік ескертулерін,
нұсқауларды, суреттерді және техникалық
сипаттамаларды оқып шығыңыз.
Төменде
берілген барлық нұсқауды орындамаған жағдайда,
электр тогының соғуы, өрт шығуы және/немесе
ауыр жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Алдағы уақытта қолдану үшін
барлық ескерту мен нұсқауды
сақтап қойыңыз.
Ескертулердегі “электрлік құрал” термині қуат
көзінен жұмыс істейтін (сымды) электрлік құралды
немесе аккумулятормен жұмыс істейтін (сымсыз)
электрлік құралды білдіреді.
Жұмыс аймағындағы қауіпсіздік
1.
Жұмыс аймағы таза әрі жарық болуы керек.
Лас немесе қараңғы аймақтарда жазатайым
оқиғалар туындауы мүмкін.
2.
Электрлік құралды айналасында тез
тұтанатын сұйықтық, газ немесе шаң
сияқты заттардан тұратын жарылыс қаупі
бар орталарда пайдаланбаңыз.
Электрлік
құралдар шаң немесе газды тұтандыратын
электр ұшқындарын шығарады.
3.
Электрлік құралды пайдаланған кезде,
балалар және бөгде адамдар алшақ жүруі
керек.
Басқа нәрсеге алаңдасаңыз, құралға ие
бола алмай қалуыңыз мүмкін.
Электрлік қауіпсіздік
1.
Электрлік құралдың ашасы розеткаға
сәйкес келуі керек. Ашаны ешбір жағдайда
өзгертпеңіз. Адаптер ашаларын жерге
тұйықталған электрлік құралдармен
пайдаланбаңыз.
Өзгертілмеген ашалар мен
сәйкес келетін розеткалар электр тогының соғу
қаупін азайтады.