Қауіпсіздікке қатысты сақтық шаралары
6
Ішкі блок
• Электрлік бөлшектерге судың енуіне жол бермеңіз.
- Ол өнімнің істен шығуына немесе электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін.
• Өнімнің жанында жанғыш газ немесе жанғыш заттарды сақтамаңыз.
- Өрт немесе өнімнің бұзылу қаупі бар.
• Өнімді жабық кеңістікте ұзақ уақыт пайдаланбаңыз.
- Оттегі тапшылығы пайда болуы мүмкін.
• Жанғыш газ аққан жағдайда, газды өшіріңіз жəне құрылғыны іске қоспай
тұрып бөлмені желдетіп алыңыз.
- Телефон немесе электр ажыратқыш-қосқыштарын пайдаланбаңыз.
Жарылыс немесе өрт қаупі туындайды.
• Құрылғыдан жат дыбыстар, иістер немесе түтін шықса, қуатты
ажыратқыштан өшіріңіз немесе қуат кабелін суырып алыңыз.
- Электр тогының соғуы немесе өрттің орын алу қаупі бар.
• Нөсер немесе дауыл болған кезде жұмысты тоқтатып, терезені жабыңыз.
Мүмкін болса, дауыл келмей тұрып, құрылғыны терезеден алып тастаңыз.
- Мүліктің зақымдалу, құрылғының бұзылу немесе электр тогының соғу
қаупі бар.
• Жұмыс істеу барысында ауа тартылатын торды ашпаңыз. (Өнімде
орнатылған болса, электрстатикалық сүзгіге қол тигізбеңіз.)
- Дене жарақаты, электр тогы соғуы немесе өнімнің зақымдалу қаупі бар.
• Өнімге су тисе (су басса немесе суға түсіп кетсе), өкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
- Өрт немесе ток соғу қаупі бар.
• Өнімнің ішіне су кіріп кетпеуін қадағалаңыз.
- Өрт шығу, ток соғу немесе өнімнің зақымдалу қаупі бар.
• Өнім пешпен, т.б. құралдармен пайдаланылғанда оны ара-тұра желдетіп
тұрыңыз.
- Өрт немесе ток соғу қаупі бар.
• Өнімді тазалау немесе техникалық қызмет көрсету барысында негізгі қуат
қосқышын өшіріңіз.
- Электр тогының соғу қаупі бар.
• Өнім ұзақ уақыт пайдаланылмаған кезде, қуат айырын суырып алыңыз
немесе ажыратқыштан өшіріңіз.
- Өнімнің зақымдалу, істен шығу немесе байқаусызда қосылып кету қаупі
туындайды.
• Ішкі блокты ешкімнің басып кетпеуін немесе үстіне құлап кетпеуін қадағалаңыз.
- Бұл дене жарақатына немесе өнімнің зақымдалуына əкелуі мүмкін.
• Механикалық жалғағыштар сыртта қайта пайдаланылған жағдайда,
тығыздауыш бөліктерді жаңарту қажет (R32 үшін).
• Ернеуі кең қосылымдар іште пайдаланылған жағдайда, ернеуі кең бөлікті
қайтадан жасау қажет (R32 үшін).
Summary of Contents for MULTI V ARNU05GL4G4
Page 21: ...R32 R410A ...
Page 43: ......
Page 65: ...R32 R410A ...
Page 87: ......
Page 109: ...R32 R410A ...
Page 131: ......
Page 153: ...R32 R410A ...
Page 175: ......
Page 197: ......
Page 219: ......
Page 241: ......
Page 263: ......
Page 285: ......
Page 307: ......
Page 329: ......
Page 331: ......