
102
kk
●
Пайдалануға, күтуге жəне техникалық қызмет көрсе-
туге қатысты Пайдалану бойынша нұсқаулықта басып
шығарылған ақпаратты орындаңыз.
●
Ешқашан аспапты өзіңізге немесе жаныңыздағы
тұлғаларға бағыттамаңыз.
●
Ешқашан аспаптың қондырмасын қолыңызға неме-
се денеңіздің кез келген басқа бөлігіне баспаңыз.
●
Шегелерді əйнек, мəрмəр, пластмасса, қола, жез,
мыс, табиғи тас, изоляцилық материал, қуыс кірпіш,
кіреукелі плитка, жіңішке жапырақты металл (< 4 мм),
сұр шойын, сфера тəрізді сұр шойын жəне газобетон
сияқты материалдарға қақпаңыз.
1.5 Технология
●
Бұл аспап ең жаңа технологиялар бойынша жоба-
ланған жəне жасалған.
●
Бұл аспап жəне оған арналған қосымша жабдық
оқытылмаған қызметкерлер дұрыс емес пайдаланғанда
немесе мақсатқа сай емес пайдаланғанда қауіп туды-
руы мүмкін.
1.6 Жмұыс орнын қауіпсіз ұйымдастыру
●
Жақсы жарықтандыруды қамтамасыз етіңіз.
●
Аппаратты тек жақсы желдетілетін бөлмеде қолда-
ныңыз.
●
Аспап тек қолмен пайдалануға арналған.
●
Жұмыс уақытында денені ыңғайсыз (қате) орна-
ластыруға жол берілмейді. Əрқашан тік, сенімді ұста-
ныңыз жəне тепе-теңдікті сақтаңыз.
●
Бөгде тұлғаларды, əсіресе балаларды, жұмыстар-
ды өткізу аймағына жібермеңіз.
●
Аспапты пайдалануды бастау алдында бекіту эле-
менттері қағылатын орынның артында немесе сол
орыннан төмен ешкім жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
●
Тұтқышты құрғақ, таза жəне майлармен ластал-
маған күйде ұстаңыз.
1.7 Қауіпсіздік техникасының жалпы ережелері
●
Аспапты тек мақсаты бойынша жəне жұмыс істей-
тін күйінде қолданыңыз.
●
Егер патрон атылмаса немесе тұтанбаса, келесі
əрекеттерді орындаңыз:
1. Аспапты жұмыс бетіне 30 секунд бойы басулы ұстаңыз.
2. Егер заряд сонда да атылмаса, аспапты жұмыс беті-
нен алыңыз, сонымен қатар оның өзіңізге немесе
басқа тұлғаларға бағытталуына жол бермеңіз.
3. Патрондық таспаны бір патронға қолмен тартыңыз;
Таспада қалған патрондарды қолданыңыз. Пайда-
ланылған зарядтары бар лентаны тастаңыз жəне
олардың қайталап пайдаланылуын немесе басқа
мақсатты пайдаланылуын болдырмайтындай етіп
жойыңыз.
●
Патронды таспадан немесе аспаптан алуға тыйым
салынады.
●
Аспаптан атқанда қолдарды бүгілген етіп ұстаңыз
(қолдарды жазбаңыз).
●
Ешқашан зарядталған аспапты қараусыз қалдыр-
маңыз.
●
Тазалауды, техникалық қызмет көрсетуді немесе
бөлшектерді ауыстыруды бастау алдында жəне сақтау
алдында əрқашан аспапты разрядтаңыз.
●
Патрондарды жəне қолданылмайтын аспаптарды
разрядталған күйде құрғақ, жоғары орналасқан неме-
се балалар жете алмайтын құлыпталған жерде сақтаңыз.
Аспапты рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғалған
чемоданда сақтау жəне тасымалдау керек.
1.8 Температуралық режим
●
Аспапты бөлшектеу алдында оны суытыңыз.
●
Ешқашан ұсынылған орындалатын бекітулердің мак-
сималды санынан (бір сағат ішінде орындалатын бекі-
тулер саны) асырмаңыз. Əйтпесе аспап шамадан тыс
қызуы мүмкін.
●
Патрондар бар пластмасса таспа ери бастаса, дереу
аспаппен жұмысты тоқтатыңыз жəне оны суытыңыз.
1.9 Пайдаланушылар орындауы керек талаптар
●
Аспап кəсіби қолдануға арналған.
●
Аспапты пайдалануды, қызмет көрсетуді жəне жөндеу-
ді тек уəкілетті жəне оқытылған қызметкерлер орын-
дай алады. Қызметкерлер қауіпсіздік техникасы бойын-
ша арнайы нұсқау алуы керек.
●
Жұмыстарды орындау кезінде əрқашан ұқыпты
болыңыз. Өз əрекеттеріңізге сенімді болыңыз, əйтпе-
се құралды пайдалануға тыйым салынады. Өзіңізді
жаман сезінсеңіз, аспаппен жұмыс істеуді тоқтатыңыз.
1.10 Жеке қорғану жабдығы
●
Пайдаланушы жəне тікелей жанында орналасқан
басқа тұлғалар əрқашан көздерді қорғау құралдарын,
қорғауыш касканы жəне құлаққапты киюі керек.
Printed: 20.08.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069824 / 000 / 02
Summary of Contents for DX 351 BT
Page 2: ...1 3 2 1 DX 351 2 DX351BTG DX351BT Printed 20 08 2013 Doc Nr PUB 5069824 000 02...
Page 4: ...16 360 18 21 23 24 25 17 19 20 22 Printed 20 08 2013 Doc Nr PUB 5069824 000 02...
Page 5: ...26 28 30 31 33 34 27 29 32 Printed 20 08 2013 Doc Nr PUB 5069824 000 02...
Page 49: ...44 Printed 20 08 2013 Doc Nr PUB 5069824 000 02...
Page 93: ...88 ru 4 1 5 1 6 1 7 1 30 2 3 1 8 1 9 1 10 Printed 20 08 2013 Doc Nr PUB 5069824 000 02...
Page 103: ...98 ru 8 8 Hilti Printed 20 08 2013 Doc Nr PUB 5069824 000 02...
Page 107: ...102 kk 4 1 5 1 6 1 7 1 30 2 3 1 8 1 9 1 10 Printed 20 08 2013 Doc Nr PUB 5069824 000 02...
Page 115: ...110 kk 9 24 Hilti Hilti Hilti Hilti Hilti Hilti Printed 20 08 2013 Doc Nr PUB 5069824 000 02...
Page 116: ...111 kk 1 2 8 8 7 2 1 Printed 20 08 2013 Doc Nr PUB 5069824 000 02...
Page 117: ...112 kk 8 8 Hilti Printed 20 08 2013 Doc Nr PUB 5069824 000 02...
Page 120: ...Printed 20 08 2013 Doc Nr PUB 5069824 000 02...
Page 121: ...Printed 20 08 2013 Doc Nr PUB 5069824 000 02...
Page 122: ...Printed 20 08 2013 Doc Nr PUB 5069824 000 02...
Page 123: ...Printed 20 08 2013 Doc Nr PUB 5069824 000 02...
Page 124: ...Printed 20 08 2013 Doc Nr PUB 5069824 000 02...
Page 125: ...Printed 20 08 2013 Doc Nr PUB 5069824 000 02...