30
31
kz
kz
КоФеқайнаТқЫшТЫ жҰМЫСқа дайЫн
-
даУ
құрылғыны төмен температурада тасымалдаған
-
нан кейін немесе сақтағаннан кейін оны бөлме
температурасында үш сағаттан кем емес уақыт
ұстау қажет.
• Кофеқайнатқышты қаптамадан шығарыңыз және
барлық қаптама материалдарын алып тастаңыз.
• Зауыт қаптамасын сақтап қойыңыз.
• Жинақталымын тексеріңіз.
• Қауіпсіздік шаралары мен пайдалану нұсқаула
-
рымен танысыңыз.
• Кофеқайнатқышты зақымдануға тексеріңіз,
зақымданған жері бар болған жағдайда оны
электр розеткасына қоспаңыз.
• Бұйымның төменгі панелінде көрсетілген қуат
-
тандыру кернеуінің параметрлері электр желісінің
параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны 60 Гц жиіліктегі электр желісінде
пайдаланғанда, ешқандай қосымша әрекет қажет
емес.
• Кофеқайнатқыш корпусының сыртқы бетін таза,
шаңды сүртуге арналған сәл дымқыл матамен
сүртіңіз.
• Құйғышты бұраңыз, құйғыштан сүзгіштің
ұстағышын (4) шығарыңыз, көп реттік сүзгішті (5)
шығарыңыз.
• Барлық шешілмелі бөлшектерді: кофе құтысын
(1), сүзгіштің ұстағышын (4), сүзгішті (5) бейтарап
жуу құралы бар жылы сумен жуыңыз, оларды
шайыңыз және кептіріңіз.
• Сүзгіштің ұстағышын (4) құйғышқа орнатыңыз.
• Сүзгішті (5) ұстағышқа (4) салыңыз.
• Құйғышты жұмыс күйіне бұраңыз.
• Кофеге арналған құтыны (1) таза сумен жартысы
-
на дейін толтырыңыз.
• Қақпақты (6) ашыңыз және суды құтыдан (1)
суқоймаға (7) құйыңыз.
• Қақпақты (6) жабыңыз, құтыны (1) алаңшаға (10)
орнатыңыз.
• Қуаттандыру бауының айырын электрлік розеткаға
салыңыз.
• Кофе қайнатқышты қосу үшін қуаттандыруды
өшіргішті (10) «І» күйіне орнатыңыз, осы кезде
өшіргіште (10) жарық индикаторы жанады.
• Сауытта (7) су таусылған кезде қуаттанды
-
руды ажыратқышты (10) «0» күйіне орнатып,
кофебұқтырғышты сөндіріңіз, бұл жерде жарық
индикаторы өшеді.
• Құрылғыны 5 минут бойы суытыңыз, суды құтыдан
(1) төгіңіз.
• Қажет болса, кофеқайнатқыштың жуу циклын 2-3
рет қайталаңыз.
• Кофе ыстық күйінде қалуы үшін құтыны (1) алаң
-
шада (12) қалдырыңыз және кофеқайнатқышты
өшірмеңіз.
•
ескертпе:
дайын кофені жылыту уақыты 40
минутпен шектелген, содан кейін кофеқайнатқыш
өшіріледі.
КоФе ӘЗірЛеУ
Ыстық су сүзгіштегі (5) ұнтақталған кофенің қаба
-
тынан бір рет өткен кезде кофе әзірленеді. Дайын
сусынның дәмі бастапқы өнімнің сапасына байла
-
нысты, сондықтан жақсы қуырылған және дәні жаңа
ұнтақталған кофені пайдалану ұсынылады.
• Ұнтақталған кофенің қажетті көлемін өлшеңіз
және құйғышты бұрап, оны сүзгішке (5) салыңыз.
Орташа мөлшермен бір тостаған кофеге 6 грамм
ұнтақталған кофе қажет, дәл мөлшерін талғамға
қарай таңдаңыз.
• Құйғышты жұмыс күйіне бұраңыз.
• Қақпақты (6) ашыңыз, суқойманы (7) қажетті
деңгейге дейін суық суға толтырыңыз. Су деңгейін
шкаланың (8) көмегімен анықтаңыз.
• Қақпақты (6) жабыңыз.
• Құтыны (1) алаңшаға (12) орнатыңыз.
• Қуаттандыру бауының айырын электрлік розеткаға
салыңыз.
• Кофе қайнатқышты қосу үшін қуаттандыруды
өшіргішті (10) «І» күйіне орнатыңыз, осы кезде
өшіргіште (10) жарық индикаторы жанады.
• Құтыға (1) дайын кофе толғаннан кейін кофеқай
-
натқышты өшіріңіз, ол үшін қуаттандыру өшіргішін
(10) «0» күйіне орнатыңыз, осы кезде жарық
индикаторы өшеді.
наЗар аУдарЫҢЫЗ!
• Егер бұдан былай құтыны (1) қыздыру қажет
болмаса, міндетті түрде кофеқайнатқышты
өшіріңіз, ол үшін қуат қуаттандыруды қосқышты
(10) «0» күйіне орнатыңыз.
• Су бу қысымымен ұнтақталған кофе арқылы
өтеді, сондықтан кофені әзірлеу кезінде кофе
қайнатқыштың үстіне еңкеюге, қақпақты (6)
ашуға, құйғышты бұрауға, сүзгі ұстағышын (4)
және сүзгіні (5) шығаруға тыйым салынады.
• Кофеге арналған бос құтыны (1) құтыны қызды
-
руға арналған алаңшада (12) қалдыруға тыйым
салынады, кері жағдайда құтының шынысы
шытынап кетуі мүмкін.
қақТЫ КеТірУ
• Кофеқайнатқышты қақтан мезгілімен тазалаңыз.
• «Қақты кетіретін үй құралын» қолдануға болады
бұл лимон қышқылының үш бөлігін судың жүз
бөлігіне қатысты лимон қышқылының ерітіндісі.