161
ҚАЗАҚ
Микротолқынмен пісіру бойынша кеңес
Құрамы
Майы немесе қанты көп тағамдар (мысалы, Рождестволық пудингтер,
тәтті тоқаштар) үшін азырақ ысыту уақыты қажет. Мұқият болған жөн,
себебі шамадан тыс ысыту өртке себепші болуы мүмкін.
Өлшемі
Біркелкі пісіру үшін, барлық кесектердің өлшемін бірдей етіңіз.
Тамақтың
температур-
асы
Тамақтың бастапқы температурасы қажетті пісіру уақытының мөлшеріне
әсер етеді.Ішінде салмасы бар тағамдарды, мысалы, джем қосылған
тоқаштарды қызуды немесе буды шығару үшін кесіңіз.
Реттеу
Тамақтың қалыңырақ бөліктерін табақтың сыртына қаратып
орналастырыңыз. (Мысалы, тауық сандары.)
Жабын
Тесіктері бар микротолқынды пештің жапқыш пленкасын немесе
лайықты бір қақпақты пайдаланыңыз.
Тесу
Қабығы бар тағамдарды пісіру немесе қайта ысыту алдында бірнеше
жерден тесу керек, себебі бу жиналып, тамақтың жарылуына себепші
болуы мүмкін. (Мысалы, картоп, балық, тауық, шұжықтар.)
МАҢЫЗДЫ!
Жұмыртқаларды микротолқын энергиясымен
ысытпаған жөн, себебі олар тіпті пісіріп болғаннан кейін, (мысалы,
асылған, қайнатылғаннан кейін де жарылуы мүмкін).
Араластыру,
аудару және
ауыстыру
Біркелкі пісу үшін, пісіру кезінде тамақты араластырып, аударып және
ауыстырып тұру маңызды. Әрдайым араластырып, сырттан ортаға қарай
ауыстырып тұрыңыз.
Тұрғызып қою Қызудың тамаққа теңдей таралуына мүмкіндік беру үшін, тамақты
пісіргеннен кейін біраз уақыт тұрғызып қою қажет.
Қорғаныш
Мұзы ерітіліп жатқан тамақтың кейбір жерлері жылуы мүмкін.Жылы
тұстарды микротолқындарды шағылыстыратын фольгамен қорғап қаптап
қоюға болады. (Мысалы, тауықтың сирақтары мен қанаттары.)
5.3 МиКРоТолқЫнМЕн ПіСіРУ
5.2 МиКРоТолқЫнМЕн
ПіСіРУ БоЙЫншА
КЕҢЕС
пеште 6 қуат деңгейі бар.
қуат
параметрі
ұсынылатын қолданыс
900 Вт/
ЖОҒАРЫ
Жылдам пісіру немесе қайта ысыту үшін, (мысалы, сорпа, пісірмелер,
консервіленген тағам, ыстық сусындар, көкөністер, балық, т.б. үшін
қолданылады).
630 Вт
Ет қуыру, ет орамасы және табаққа салынатын тағамдар сияқты ұзақ
пісетін тамақтар пісіру үшін, сондай-ақ ірімшік тұздығы мен кеуекті тортар
сияқты нәзік тағамдар үшін қолданылады. Бұл төмендетілген параметрде
тұздық қатты қайнап кетпейді және тамақтың жан-жағы күймей, біркелкі
болып піседі.
450 Вт
Әдетте пісіргенде ұзақ уақыт пісіруді қажет ететін тығыз тағамдар, мысалы,
сиыр етінен жасалатын тағандарға арналған және ет жұмсақ болуы
қамтамасыз ету үшін, осы қуат параметрін қолдануға кеңес беріледі.
270 Вт/
МҰЗДЫ
ЕРIТУ
Мұзды еріту үшін, тамақтың мұзы біркелкі еруін қамтамасыз ету
мақсатында осы қуат параметрін қолданыңыз. Бұл параметр, сондай-ақ,
күріш, макарон, тұшпараны баяу қайнату үшін және жұмыртқа кастардын
пісіру үшін тамаша.
90 Вт
Жеңіл жібіту үшін, (мысалы, торт кремін немесе кондитерлік бұйымдар
үшін).
0 Вт
Күту/ас үй таймері үшін.
Вт = ВАТТ
6_AEG_Kazakh_MS_AF14z_Layout 1 22/05/2015 09:59 Page 161