![AEG MC2664E User Manual Download Page 150](http://html.mh-extra.com/html/aeg/mc2664e/mc2664e_user-manual_12441150.webp)
150 www.aeg.com
в)
Есіктің тығыздағыштары мен тығыздағыш
беттері: олардың зақымданбағанына көз
жеткізіңіз.
г)
пеш қуысында немесе есікте: майысқан
жерлердің жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
д)
Қуат сымы мен ашасы: олардың
зақымданбағанына көз жеткізіңіз.
пешті өз бетіңізше реттеуші, жөндеуші немесе
өзгертуші болмаңыз. Білікті маманнан басқа кез
келген кісінің микротолқын энергиясынан
қорғайтын қақпақты ашып, қандай да бір қызмет
көрсету немесе жөндеу жұмысын жүргізуі қауіпті.
Есіктің тығыздағыштары мен көршілес
бөлшектерге майдың немесе кірдің
жинақталуына жол бермеңіз. «Күту және
тазалау» бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз.
пешті тұрақты уақыт аралықтарында тазалап,
жиналып қалған тамақ қалдықтарын кетіріңіз.
пешті таза күйде ұстамау беттің нашарлауына
әкеліп, бұл құрылғының қызмет ету мерзіміне
кері әсерін тигізіп, қауіпті жағдайдың туындауына
себеп болуы мүмкін.
Қуат сымын немесе ашасын суға немесе қандай
да бір басқа сұйықтыққа салмаңыз. Қуат сымын
қандай да бір ыстық немесе өткір беттер,
мысалы, пештің арт жағындағы үстіңгі бөлікте
орналасқан ыстық ауа желдеткіш аймағы
арқылы өткізбеңіз. пештің шамын өз бетіңізше
ауыстыруға немесе Қызмет көрсету орталығы
тиісті рұқсат бермеген кісіге ауыстырт-уға
әрекеттенбеңіз. пештің шамы жанбай қалса,
дилермен кеңесіңіз немесе жергілікті AEG
Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
6_AEG_Kazakh_MS_AF14z_Layout 1 22/05/2015 09:59 Page 150