WT2-M3011
21
KAZ
Пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз да,
оны анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалану оның қыз
-
метінің мерзімін ұзартады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар құралды қолдану кезінде
туындауы мүмкін барлық жағдайларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезінде
қолданушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ
•
Өндіруші қауіпсіздік техникасының талаптарын және бұйымды пайдалану
ережелерін сақтамаудан туындаған зақымдар үшін жауап бермейді.
•
Бұл электр аспап пәтерлерде, қала сыртындағы үйлерде мен өнеркәсіптік
емес пайдаланудың кез келген басқа осындай жағдайларда пайдаланыла
алады. Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез келген мақсатсыз пайдалану
бұйымды тиісті түрде пайдалану шарттарын бұзу болып саналады. Бұл
жағдайда өндіруші ықтимал салдарлар үшін жауап бермейді.
•
Құрылғыны электр желісіне қосар алдында оның кернеуі аспаптың номи-
налды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның техникалық си-
паттамалары немесе зауыттық кестесін қараңыз).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ешқашан аспаптың қақпағын ашпаңыз.
Электр тоғының соғуы мүмкін болғандықтан, құрылғының
ішкі оқшауланбаған бөліктеріне қол тигізу өте қауіпті.
•
Аспапты қолданған соң, сонымен қатар оны тазалаған немесе тасымалдаған
кезде розеткіден өшіріңіз. Электр бауын сымынан емес, штепселінен ұстап
тұрып, құрғақ қолмен шығарыңыз.
•
Аспаптың тұтынатын қуатына есептелген ұзартқыш қолданыңыз: параме-
трлердің сәйкессіздігі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің жануына әкеліп
соқтыруы мүмкін.
•
Электр қоректендіру бауын есік қуыстарында немесе жылу көздерінің
жанында тартпаңыз. Электр бауының бұралмағанын және иілмегенін, үшкір
заттарға, бұрыштар мен жиһазға тимегенін қадағалаңыз.
•
Электр рәзеткеге қосылған аспап оңай қолжетімді болуы тиіс.
ЖАДЫҢЫЗДА БОЛСЫН: электр қоректендіру кабелі
зақымдалуы кепілдік шарттарына сәйкес келмейтін ақау
-
ларға, сонымен қатар электр тоғына ұрынуға әкеліп соқты
-
руы мүмкін.
•
Аспапқа бөгде заттарды орнатпаңыз, отырмаңыз және аспапқа тұрмаңыз.
Инфрақызыл сәуленің әсерінен көзіңізді қорғаңыз. Қашықтан
басқару пультінің сәулелендіргішін көзге бағыттамаңыз.
•
Аспапты жұмсақ бетке орнатпаңыз, желдеткіштерді бөгде заттармен жап-
паңыз — бұл құрылғының қызып кетуіне және бұзылуына әкелуі мүмкін.
•
Аспапты ашық ауада пайдалануға тыйым салынады: құрылғы корпусының
ішіне су немесе бөгде заттардың түсуі оны қатты зақымдауы мүмкін.
•
Аспапты тазалар алдында оның электр желісінен өшіріліп көз жеткізіңіз.
Аспапты тазалау бойынша нұсқауларды қатаң ұстаныңыз.
Аспап корпусын суға батыруға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ немесе
оны ағып тұрған су астына қою!
•
8 және одан үлкен жастағы балаларға, сонымен қатар физикалық, сенсор-
лық немесе ой шектеулері бар немесе тәжірибе не білім жетіспеушіліктері
бар тұлғаларға құралды тек қараумен және/немесе егер олар құралды
қауіпсіз пайдалануға қатысты нұсқау алып, оны пайдаланумен байланысты
қауіпті сезсе ғана қолдануға болады. Балаларға құралмен ойнауға болмай-
ды. Құрал мен оның электр желісі сымын 8 жастан кіші балалар үшін қол
жетімсіз жерде ұстаңыз. Құрылғыны тазалау мен оған қызмет көрсету
ересектердің қарауысыз балалармен іске асырылмауы қажет.
•
Орам материалы (үлдір, пенопласт және т. б.) балалар үшін қауіпті болуы
мүмкін. Тыныстың тарылу қаупі бар! Орамды балалардың қолы жетепйтін
жерде сақтаңыз.