14
ҚазаҚша
СУҒА АРНАЛҒАН ЫДЫСТЫ ТОЛТЫРУ
Үтікке су құярдың алдында оның электрлік
желіден ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
•
Тұрақты бу жіберу реттегішін (3)
күйіне
орнатыңыз – бу жіберу өшірілді.
•
Қақпақты (2) ашыңыз және өлшейтін шағын
стаканды (14) пайдаланып, суға арналған
ыдысқа (10) су құйыңыз, содан кейін
қақпақты (2) тығыз жабыңыз.
Ескертпе
:
•
Суды «MAX» белгісінен (12) жоғары
толтырмаңыз.
•
Егер үтіктеу кезінде суды толтыру керек
болса, онда үтікті сөндіріңіз де, желілік бау
айырын электрлік розеткадан суырыңыз.
•
Үтіктеп болғаннан кейін үтікті сөндіріңіз,
оның толық салқындауын күтіңіз, содан
кейін су құятын саңылаудың қақпағын (2)
ашыңыз, үтікті төңкеріңіз және қалған
суды төгіңіз.
ҮТІКТЕУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ
Үтіктің осы моделінде Smart Sense технологиясы
қолданылады, ол температураның оңтайлы
комбинациясын және үтіктеуге рұқсат берілген
кез-келген матаға арналған будың қажетті
көлемін анықтайды.
Пайдалануға беру алдында үтіктің табаны
(13) және суға арналған ыдыстың (10) таза
екеніне көз жеткізу үшін қызған үтікті матаның
кішкентай бөлігінде тексеріңіз.
•
Егер бұйым заттаңбасында
таңбасы
болса, онда берілген бұйымды үтіктеуге
кеңес берілмейді.
•
Вельветті және басқа да түгі тез түсетін
маталарды қатаң түрде бір бағытта ғана
(түктің бағытына қарай) сәл батыңқырап
үтіктеу керек.
•
Синтетикалық және жібек маталарда түгі
түскен дақтардың пайда болуына жол бермеу
үшін оларды астары жағынан үтіктеген жөн.
СУ ШАШЫРАТҚЫШ
•
Сіз су шашыратқыш түймесін (5) бірнеше
рет басып, матаны дымқылдата аласыз.
•
Ыдыста (10) судың жеткілікті екеніне көз
жеткізіңіз.
ҚҰРҒАҚ ҮТІКТЕУ
•
Үтікті негізіне (9) қойыңыз.
•
Желілік бау айырын электрлік розет-
каға салыңыз, осы кезде (7) индикатор
жанады.
•
Тұрақты бу беру реттегішін (3) «
» күйіне
ауыстырыңыз – бу жіберу өшірілді.
•
Үтік табанының (13) температурасы
белгіленген температураға дейін қызған кезде
көрсеткіш (7) сөнеді, үтіктеуге кірісуге болады.
•
Үтікті пайдаланып болғаннан кейін желілік
бау айырын электрлік розеткадан суырыңыз,
үтіктің толық салқындағанын күтіңіз.
БУМЕН ҮТІКТЕУ
Үтік тамшыға қарсы қақпақшамен жабдықталған,
ол үтік табанының температурасы өте төмен
болған кезде су жіберуді жабады, бұл үтіктің
табанындағы (13) саңылаудан тамшылардың
пайда болуының алдын алады. Үтік табаны
қызған немесе суыған кезде тамшыға
қарсы қалпақшаның ашылу/жабылуына тән
шыртылтарды естисіз, бұл оның дұрыс жұмыс
істеп тұрғандығын білдіреді.
•
Үтікті негізіне (9) қойыңыз.
•
Тұрақты бу беру реттегішін (3)
күйіне
ауыстырыңыз – бу жіберу өшірілді.
•
Желілік бау айырын электрлік розеткаға
салыңыз, осы кезде (7) индикатор жанады.
•
Ыдыста (10) судың жеткілікті екеніне көз
жеткізіңіз.
•
Үтіктің табаны (13) белгіленген температураға
дейін жеткен кезде көрсеткіш (7) сөніп қалады,
осыдан кейін үтіктеуге кірісе беруге болады.
•
Тұрақты бу беру реттегішімен (3) бу
түзу қарқындылығын белгілеңіз, бу үтік
табанының (13) саңылауларынан шыға
бастайды.
•
Үтікті пайдаланып болғаннан кейін
тұрақты бу жіберу реттегішін (3)
күйіне
орнатыңыз – бу жіберу өшірілді.
•
Желілік бау айырын электрлік розеткадан
суырыңыз, үтіктің толық салқындағанын
күтіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Егер жұмыс істеу кезінде бу тұрақты
жіберіліп тұрмаса, онда ыдыста (10) судың
бар екендігін тексеріңіз.
ҚОСЫМША БУ ЖІБЕРУ
Қосымша бу жіберу функциясы қыртыстарды
үтіктеуге қажетті.
•
Қосымша бу беру түймесін (4) басқан кезде
бу үтіктің табанынан бу аса қарқынды шыға
бастайды.
Ескертпе: Судың бу саңылауларынан ағуына
жол бермеу үшін қосымша бу беру түймесін (4)
4-5 секунд аралығымен басыңыз.
IM VT-8340.indd 14
16.01.2019 17:27:55
Содержание VT-8340
Страница 1: ...1 VT 8340 3 7 12 17 Iron 22 IM VT 8340 indd 1 16 01 2019 17 27 54...
Страница 2: ...IM VT 8340 indd 2 16 01 2019 17 27 54...
Страница 8: ...8 www vitek ru 13 50 60 10 10 IM VT 8340 indd 8 16 01 2019 17 27 55...
Страница 13: ...13 www vitek ru 13 50 60 10 10 IM VT 8340 indd 13 16 01 2019 17 27 55...
Страница 16: ...16 1 1 1 220 240 50 2000 2400 info vitek ru 3 i i i i i i i i i i i i IM VT 8340 indd 16 16 01 2019 17 27 56...
Страница 18: ...18 i www vitek ru 13 50 60 10 10 3 2 14 10 2 MAX 12 IM VT 8340 indd 18 16 01 2019 17 27 56...
Страница 21: ...21 1 1 1 220 240 50 2000 2400 info vitek ru 3 2014 30 2014 35 IM VT 8340 indd 21 16 01 2019 17 27 56...
Страница 23: ...23 www vitek ru 13 50 60 10 10 3 2 14 10 2 MAX 12 2 IM VT 8340 indd 23 16 01 2019 17 27 56...
Страница 26: ...26 info vitek ru 3 IM VT 8340 indd 26 16 01 2019 17 27 56...
Страница 27: ...IM VT 8340 indd 27 16 01 2019 17 27 56...