18
ҚазаҚша
оралғанда, батырманы (3) жәберіңіз, термо-қылшақтың (1
немесе 7) айналуы тоқталады.
•
Біршама уақыт бойы (шаштың түріне байланысты)
шашты құрғатыңыз, ауа ағынының қарқындылығы мен
температурасын ауыстырғышпен (4) реттеңіз.
•
Бұйраны бекіту үшін жұмыс режимдерінің ауыстырғышын
(4) «С» күйіне белгілеңіз, осы кезде шығып жатқан ауаның
температурасы төмендейді, бұл бұйраның пішінін бекітуге
көмектеседі.
•
Термо-қылшақты (1 немесе 7) шаштан шығарыңыз.
Ескерту:
–
егер қондырма-қылшақты шаштан шығару қиындық
тудырса, онда ауыстырғышты (4) «0» күйіне белгілеп,
фенді сөндіріңіз, термо-қылшақты (1 немесе 7)
корпусынан (5) шешіңіз және оны шаш бұйрасынан
ұқыпты шығарыңыз;
–
термо-қылшақтың (1 немесе 7) ыстық беттерінің
бетпен, мойынмен және дененің басқа бөліктерімен
жанасуына жол бермеңіз.
ҚЫЗЫП КЕТУДЕН ҚОРҒАНЫС
Егер шығып жатқан ауаның температурасы асып кетсе, қызып
кетуден қорғау жүйесі фен-қылшақты сөндіреді. Егер фен-
қылшақ пайдалану уақытында сөніп қалса, ауыстырғышты
(4) «0» күйіне белгілеңіз, желілік айыртетікті электрлік
ашалықтан шығарыңыз және кіргізетін және шығаратын
саңылаулардың бөгеттелмегенін тексеріңіз. Фенге 10-15
минут бойы салқындауға уақыт беріңіз, содан кейін оны
қайтадан іске қосыңыз. Фен-қылшақты пайдалану уақытында
ауа саңылауларын бөгеттемеңіз және оның ауатартқыш
саңылауына шаштың тиюіне жол бремеңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
•
Ауыстырғышты (4) «0» күйіне белгілеңіз және желілік
баусымның айыртетігін ашалықтан шығарыңыз, термо-
қылшақтың толық салқындауын күтіңіз.
•
Термо-қылшақты (1 немесе 7) фен-қылшақтың корпусынан
(5) шешіңіз.
•
Термо-қылшақты шаштан тазартыңыз.
•
Корпусын (5) дымқыл матамен сүртуге болады, содан
құрғатып сүрту керек.
•
Ауатартқыш торын қылшақ көмегімен тазалаңыз.
•
Құрылғыны суға немесе кез-келген басқа сұйықтықтарға
матыруға тыйым салынады.
•
Корпусын тазалау үшін қажайтын жуғыш заттарды және
еріткіштерді пайдалануға тыйым салынады.
IM VT-8239_70x130.indd 18
31.07.2017 14:29:58