14
ҚазаҚша
(3) жарығы, басқару түймелерінің жарығы
жанып тұрады, ал (16) түйме қызыл түспен
жыпылықтап тұрады.
–
Егер құрылғы күту режимінде тұрып, сіз басқару
панелінің түймесіне (2) 1 минут ішінде қол
тигізбесеңіз, онда құрылғы ұйқы режиміне
ауысады.
–
Ұйқы режимінде дисплей (3) жарығы жоқ,
ал (16)
түйме қызыл түспен жыпылықтап
тұрады. Құрылғыны баптауға өту үшін (16)
түймені бір рет басу керек.
–
Ұйқы режимінде 3 минут өткен соң (дисплей
жарығы сөніп қалды) құрылғы ажыратылады,
түймелер мен дисплей жарығы жоқ. Құрылғыны
күту режиміне ауыстыру үшін (16) түймені 2
рет басыңыз.
Режимдердің индикаторлары
Дисплейдегі (3) таңбасы құрылғының қыздыру
режимінде тұрғанын көрсетеді. Дисплейде
таңбасы ұсақтау режимінде пайда болады.
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ҰСЫНЫСТАР
–
Моторлы блокты (1) жылу, ылғал және тікелей
күн сәулесінен алшақ. тегіс және тұрақты бетке
орналастырыңыз.
–
Тостақты (4) моторлы блокқа (1) орнатып, оған
азық-түліктерді салыңыз ( Рецептілер кітабын
қараңыз).
–
Қақпақты (8) тостаққа (4) бекіткіш (7) тостақтың
сол жағында орналасатындай етіп орнатыңыз,
одан кейін қақпақты сағат тілінің бағытында
түбіне дейін бұраңыз.
–
Өлшеуіш стақанды (9) қақпақ дөңестерін
саңылау ойықтарына келтіріп қақпақ (8)
саңылауына орналастырыңыз. Одан кейін
стақанды сағат тілінің бағытында түбіне дейін
бұраңыз.
–
Желілік шнур ашасын электр розеткасына
сұғыңыз, дыбыстық сигнал естіледі, дисплей
(3) жарығы бір рет жыпылықтайды, ал (16)
түйме жарығы қызыл түспен жыпылықтап
тұрады (құрылғы ұйқы режимінде тұр).
–
Құрылғыны ұйқы режимінен күту режиміне
ауыстыру үшін (16)
түймені басыңыз,
дисплей жарығы (3) жанатын болады.
–
Құрылғыны баптаңыз («ЖҰМЫС РЕЖИМДЕРІ»
бөлімін қараңыз).
–
(16)
түймені басып әзірлеуді/ұсақтауды
қосыңыз, түйме жарығы түсін қызылдан
жасылға өзгертеді.
–
Әзірлеу/ұсақтау аяқталған кезде 4 дыбыстық
сигнал естіледі.
–
Әзірлеу/ұсақтау режимін үзу үшін (16)
түймені басыңыз.
Назар аударыңыз!
•
Жұмыс істеп тұрған кезде тостақты (4)
моторлы блоктан (1) шешіп алуға тыйым
салынады.
•
Көже және көже-езбені әзірлеу кезінде бу
қақпақ (8) астынан шығуы мүмкін, бұған жол
берілген және ол ақау болып табылмайды.
•
Тостақ (4), қақпақ (8) және өлшеуіш стақан
(9) көже және көже-езбені әзірлеу кезінде
қызады, дененің қорғалмаған жерлерін ыстық
беттерге тигізбеңіз және құрылғының үстіне
еңкеймеңіз.
•
Дәмдеуіштері көп қосылған тағам әзірлеп
болғаннан кейін тостақты (4) бірден жуыңыз.
•
Тостақтың (4) бетін бүлдіріп алмас үшін
тостақты (4) тағам әзірлеп болғаннан
кейін бірден суық су астына ұстамаңыз, оны
алдымен суытып алыңыз.
•
Тостақ (4) ыдыс жуғыш машинада жууға
арналмаған.
ЖҰМЫС РЕЖИМДЕРІ
Қыздыру температурасын және әзірлеу
ұзақтығын орнату
Қыздырғыш элементтің (5) температурасын
және әзірлеу ұзақтығын 1-90 миинут аралығында
орнатып көже пісіруге арналған құрылғыны
пайдалануға болады. Орташа және жоғары
температура режиміндегі жұмысты аяқтағаннан
кейін құрылғы температураны ұстау (60Сº)
режиміне өтеді Температураны ұстау режимі 25
минутқа созылады.
–
Күту режимінде жоғары (100ºС), орташа (80ºС)
немесе төменгі (60ºС) қыздыру температурасын
таңдау үшін (13) түймені басыңыз, осы кезде
(13) түйме жарығы жыпылықтайтын болады.
–
(11) «+/-» түймелерін қайта-қайта басып немесе
ұстап тұрып, әзірлеу ұзақтығын орнатыңыз.
–
(16)
түймесін басқан кезде, құрылғы
әзірлеуге көшеді: әзірлеу уақыты кері санала
бастайды, (16)
түймесі жасыл түспен
жыпылықтайды, ал дисплейде (3) таңбасы
пайда болады.
–
Егер төменгі қыздыру температурасын
орнатқан болсаңыз, әзірлеуден кейін құрылғы
күту режиміне өтеді.
–
Құрылғы орташа немесе жоғары температура
режимінде жұмыс істеген болса, әзірлеу
аяқталған соң үші дыбыстық сигнал естіледі
VT-2620.indd 14
20.06.2014 15:47:22