13
ҚазаҚша
• Балалар қауіпсіздігі тұрғысынан қаптама
ретінде
пайдаланылатын
полиэтилен
пакеттерді қараусыз қалдырмаңыз.
•
Назар аударыңыз!
Балаларға полиэтилен
пакеттермен немесе қаптама үлдірімен
ойнауға рұқсат бермеңіз.
Тұншығу қаупі!
• Желілік шнурдың және желілік шнур ашасының
бүтіндігін уақытылы тексеріп отырыңыз.
Құрылғының, желілік шнурдың немесе желілік
шнур ашасының ақауы болған жағдайда
құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны өз бетіңізше бөлшектеуге және
жөндеуге тыйым салынады. Ақаулар табылған
жағдайда құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз да, рұқсаты бар (уәкілетті) сервис
орталығына жолығыңыз.
• Құрылғыны зақымдап алмас үшін тек зауыттық
қаптамасының ішінде тасымалдаңыз.
• Құрылғыны балалардың және мүмкіндігі
шектеулі жандардың қолдары жетпейтін жерде
сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ
ТЕК
ТҰРМЫСТЫҚ
ЖАҒДАЙДА
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Құрылғыны салқын (қысқы) температурада
тасымалдағаннан немесе сақтағаннан кейін,
оны бөлмелік температурада кемінде екі
сағат уақыт бойы ұстау керек.
Құрылғыны қораптан толығымен шығарып
алыңыз, құрылғының жұмысына кедергі келтіретін
барлық жапсырмаларды алып тастаңыз.
–
Құрылғының
бүтіндігін
тексеріңіз,
бүлінген жерлері болған кезде құрылғыны
пайдаланбаңыз.
–
Қосу алдында электр желісінің кернеуі
құрылғының жұмыс кернеуіне сәйкес келетінін
тексеріп алыңыз.
–
Құрылғыны пайдаланбас бұрын бейтарап
жуғыш зат қосылған жылы сумен барлық
алынбалы бөлшектерді жуыңыз: тостақ
(4), қақпақ (8), өлшеуіш стақан (9). Барлық
бөлшектерді жинамас бұрын құрғатып алыңыз.
–
Моторлы блокты (1) жұмсақ, сәл ылғал матамен
сүртіңіз, одан кейін құрғатып сүртіңіз.
Назар аударыңыз!
Моторлы блокты (1), желілік шнурды және
желілік шнурының ашасын суға немесе кез
келген басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Тостақты (4) ыдыс жуғыш машинаға салуға
тыйым салынған.
ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Көлем бойынша ұсыныстар
Көже мен көже-езбеге арналған ингредиенттердің
сұйықтықпен қоса алғандағы жалпы көлемі
1400 мл аспауы тиіс.
«Блендер» режиміндегі араластырылатын және
ұсақталатын ингредиенттердің (сұйықтықты қоса
алғанда) жалпы көлемі 1700 мл аспауы тиіс.
«Мұз» режимінде бір мезгілде ең көбі 8-10 мұз
текшелерін өңдеңіз (жалпы салмағы 100 г аспауы
тиіс).
Құлыптау жүйесі
Егер қақпақ (8) дұрыс орнатылмаған болса, құлып
іске қосылады (құрылғы қосылмайды).
Құлыптау жүйесі қақпақ (8) шешілген немесе
бұралған кезде де құрылғыны ажыратады.
Құрылғымен жұмыс істеуді жалғастыру үшін
қақпақты бекітіңіз («Пайдалану бойынша жалпы
ұсыныстар» пунктін қараңыз) және тағы бір рет
құрылғыны бағдарламалаңыз.
Ингредиенттер қосу
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда ингредиенттер
қосу үшін қақпақты (8) бұрамаңыз, оның орнына
өлшеуіш стақанды (9) сағат тіліне қарсы бағытта
түбіне дейін бұрап шешіп алыңыз. Ингредиенттерді
қосып, өлшеуіш стақанды орнына орнатыңыз,
ол үшін стақандағы дөңестерді қақпақтың
ойықтарына келтіріп, стақанды сағат тілінің
бағытында түбіне дейін бұраңыз.
Ескертпе:
Азық-түліктерді, соның ішінде мұзды ұсақтау
қиындаса, біраз мөлшерде су қосыңыз.
Көже және көже-езбе әзірлеп жатқан кезде
ингредиенттер қосу үшін термотөзімді асүйлік
қолғаптарды киіп, өлшеуіш стақанды (9) шешіп
алыңыз.
Назар аударыңыз! «Көже-езбе» режимінің
екінші
және
үшінші
кезеңдерінде
ингредиенттер қосуға тыйым салынған.
Жад функциясы
–
Электр
энергиясы
апаттық
жағдайда
сөнсе немесе «Көже» және «Көже-езбе»
режимдерінде қақпақ (8) ашылса 20 минутқа
дейін жад функциясы іске қосылады .
–
Электр қуаты 20 минут ішінде қалпына
келтірілген кезде құрылғы белгіленген
бағдарламаны орындауды тоқтатылған жерінен
бастап жалғастырады.
–
Электр қуаты 20 минуттан астам уақыт бойы
жоқ болған кезде құрылғыны бағдарламалауды
жүргізу қажет.
Күту режимі, ұйқы режимі және автосөндіру
функциясы
–
Егер құрылғы күту режимінде тұрса, онда ол
пайдалануға дайын. Күту режимінде дисплей
VT-2620.indd 13
20.06.2014 15:47:22