20
ҚазаҚ
ала басу және қуаттандыру өшіргішін (3)
«ON» күйіне ауыстыру керек.
–
Құралдың іркіліссіз жұмыс істейтіндігіне,
ал ұстаралардың жүрісі жұмсақ екеніне
көз жеткізіңіз.
–
Ұстарада майлайтын май артық болған
жағдайда, оны құрғақ матамен немесе
қағаз майлықпен сүртіп тастаңыз.
–
Қуаттандыруды өшіргішті (3) «OFF»
күйіне қойып, құралды сөндіріңіз, содан
кейін әмбебаб қондырманы (6 немесе 7)
орнатыңыз.
–
Адамды оның басы сіздің көзіңіздің
деңгейінде болатындай етіп отырғыңыз,
иықтарын сүлгімен жабыңыз, тарақтың
(11) көмегімен шашын тараңыз.
–
Машинаны қосыңыз, ол үшін өшіргіштің
(3) ортасындағы бұғаттау түймесін алдын-
ала басу және қуаттандыру өшіргішін (3)
«ON» күйіне ауыстыру керек.
–
Құралмен жұмыс істеп болғаннан кейін
қуаттандыруды өшіргішті (3) «OFF»
күйіне орнатыңыз.
Ескертпелер:
–
Жұмыс жасау кезінде үзіліс болған кезде
үнемі машинаны өшіріп қойыңыз.
–
Қондырманы (6 немесе 7) шешудің
алдында машинаны өшіріңіз.
Еске салу:
•
Бір өткенде шамалы шашты қиыңыз,
кез-келген уақытта қиылған бөлікке
қайта оралуға және шашты қосымша
қысқартуға болады.
•
Ылғал емес, құрғақ шашпен жұмыс
кезінде шаш алудың ең жақсы
нәтижелеріне жетуге болады.
•
Тегіс емес бұрымдарды табу үшін шашты
тарақпен тараңыз.
•
Алғашқы рет шашты қиғаннан кейін
ұзынырақ шаш қалдырған дұрыс.
•
Құралды игерген сайын сіз өз өздігіңізден
қажетті шаш үлгілерін модельдей аласыз
.
ШАШ ҮЛГІСІН МОДЕЛЬДЕУ
ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
1-қадам
Әмбебап қондырманы (6) «3» немесе «6»
күйіне орнатыңыз. Машинаны қосыңыз,
ол үшін өшіргіштің (3) ортасындағы
бұғаттау түймесін алдын-ала басу және
қуаттандыру өшіргішін (3) «ON» күйіне
ауыстыру керек. Машинканы ұстара жоғары
бағытталатындай етіп ұстаңыз. Шашты
қиюды бастың төменгі жағынан бастаңыз.
Машинканы баяу жоғары бағытқа қарай
жылжытыңыз. Бастың артқы бөлігіндегі
төменгі жақтағы және құлақтың қасындағы
барлық шаштарды қиыңыз (3, 4, 5-сур.).
2-қадам
Машинаны өшіріңіз, қондырманы (6)
«7» -«10» күйіне орнатып, машинаны
қосыңыз да шекесіне жақын жерді қырқуды
жалғастырыңыз (6-сур.).
3-қадам – самай аумағындағы
шашты алу
Машиканы өшіріңіз, әмбебап қондырманы
«3» немесе «6» күйіне орнатып, самайдағы
шашты қырқыңыз. Содан кейін оны «7» -
«10» күйіне белгілеңіз және шеке бағытында
шашты қиюды жалғастырыңыз.
4-қадам – төбе шашты алу
Әмбебап
қондырманы
(6 немесе 7)
пайдалана отырып, шашты төбе жақтан
шекеге қарай шаштың өсіміне қарсы бағыт
бойынша қиыңыз.
•
Шаштарды шаш өсуіне қарсы бағытта
және шаш өсетін бағыт бойынша қиюға
болады, осы жерде шаштың өсуіне
қарсы бағытта қиылған шаштардың шаш
өсетін бағыт бойынша қиылған шаштарға
қарағанда қысқарақ болатындығын
ескеріңіз.
•
Әмбебап қондырманың (6) «3» немесе
«6» күйлерін өте қысқа қию үшін
пайдаланыңыз. Шашты сәл ұзынырақ
етіп қалдыру үшін қондырманың (6) «7
бастап 10 дейінгі» күйін пайдаланыңыз.
•
Әмбебап қондырманың (7) «11» -
«20» күйлерін ұзын шашты қырқу үшін
қолданыңыз.
•
Көбірек ұзын шаш қалдыру үшін шашты
саусақ арасына қысыңыз және оларды
машинамен алыңыз (7-сур.).
IM VT-2584.indd 20
12.03.2019 17:37:23