![Vitek VT-2584 Скачать руководство пользователя страница 18](http://html1.mh-extra.com/html/vitek/vt-2584/vt-2584_manual-instruction_1035606018.webp)
18
ҚазаҚ
болмаса, егер оларға құрылғыны
пайдалану туралы нұсқаулық берілмесе
немесе қаупсіздігіне жауапты тұлғаның
қадағалауында болмаса.
•
Балалардың қауіпсіздігі үшін орама
ретінде пайдаланылатын, полиэтилен
пакеттерді қадағалаусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға
полиэтилен
пакеттерімен немесе орама плёнкасымен
ойнауға рұқсат етпеңіз.
Тұншығу қауіпі!
•
Құралды өздігінен жөндеуге тыйым
салынады. Кез келген ақау шыққан
жағдайда,
құралды
өздігіңізден
бөлшектемеңіз, сондай-ақ құрылғы
құлаған жағдайда құралды розеткадан
ажыратыңыз және кез келген авторланған
(уәкілетті) сервистік орталыққа кепілдік
талонында көрсетілген байланысу
мекенжайы бойынша және www.vitek.ru
сайтына жүгініңіз.
•
Құрылғы зақымданбас үшін құрылғыны
тек заут орамасында тасымалдаңыз.
•
Құрылғыны құрғақ салқын орында,
балалардың және мүмкіндігі шектеулі
адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ТҰРҒЫН ПАНАЖАЙЛАРДА
ТҰРМЫСТЫҚ
ПАЙДАЛАНУ
ҮШІН
АРНАЛҒАН, ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ
ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР
МЕН
ЖҰМЫС
ПАНАЖАЙЛАРЫНДА
ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құралды төмен температура жағдайында
тасымалдаған немесе сақтаған кезде,
оны бөлме температурасында үш
сағаттан кем емес уақыт бойы ұстау
қажет.
–
Құралды
толығымен
қаптамадан
шығарыңыз және құралдың жұмысына
кедергі келтіретін кез-келген жарнама
жапсырмаларын алып тастаңыз.
–
Құралдың
тұтастығын
тексеріңіз,
бұзылыстар бар болған жағдайда оны
пайдалануға болмайды.
–
Желілік адаптерді іске қосу алдында
электрлік желінің кернеуі құралдың
жұмыс істеу кернеуіне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
–
Құрал жиілігі 50 Гц немесе 60 Гц айнымалы
ток желісінде жұмыс істеуге арналған,
құралдың талап етілген номиналдық
жиілікте жұмыс істеуі үшін ешқандай
реттеу талап етілмейді.
–
Аккумулятор батареясын қуаттау мен
ұстара блогын майлауды төменде
берілген кеңестерге сәйкес жасаңыз.
–
Шаш қырқатын машина кірістірілген
аккумуляторлық батареядан және
желілік адаптерден жұмыс істей алады.
Аккумуляторлық батареяны
қуаттандыру
Толық қуаттандырылған батареяның қуаты
шамамен 45 минут үздіксіз жұмыс істеуге
жетеді.
–
Қуаттандыруды өшіргішті (3) «OFF»
күйіне қою арқылы машинаны өшіріңіз.
–
Желілік адаптер бауының штекерін (8)
корпустың төменгі жағындағы машина
ұясына (1) салыңыз.
–
Машинаны тегіс тұрақты бетке қойыңыз.
–
Желілік адаптер айырын (8) электрлік
розеткаға салыңыз, осы кезде қуаттау
индикаторы (2) қызыл түспен жанады.
–
Аккумуляторлық батареяны толық
қуаттау 8 сағатты құрайды, аккумулятор
толық қуатталғаннан кейін қуаттау
индикаторы (2) жасыл түспен жанады.
–
Желілік адаптерді (8) электрлік
розеткадан шығырып, желілік адаптер
сымының штекерін ұядан (1) шығарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
–
Желілік адаптерді іске қосқан кезде
әрекеттердің кезектілігін қатаң
сақтаңыз. Алдымен желілік адаптер
бауының штекерін ұяға (1) қосыңыз, ал
содан кейін желілік адаптердің айырын
(8) электрлік розеткаға қосыңыз.
–
Аккумуляторларды қуаттандыруды
+5°C төмен емес және +35°C аспайтын
температурада жүзеге асырыңыз.
IM VT-2584.indd 18
12.03.2019 17:37:22