
25
ҚазаҚша
белгісіне дейін толтырыңыз. Осыдан кейін
сауытты (13) орнына орнына орнатыңыз.
•
Таңдалған кофеге арналған сүзгіні (6) сүзгі
ұстауышына (5) салыңыз, бұл үшін кофеге
арналған сүзгідегі (6) шығыңқыны сүзгі
ұстауышындағы (5) ойықпен сәйкестендіріңіз
және сүзгіні (6) кез-келген жаққа бұраңыз.
•
Кофені сүзгіге (6) салмай тұрып, сүзгі
ұстауышын (5) кофебұқтырғыш бойлеріне
қосыңыз, бұл үшін сүзгі ұстауышының
қолсабын (3) кофебұқтырғыш корпусындағы
«
INSERT
» (
Салу
) жазуының астына
орналастырыңыз, ұстауышты (5) бойлерге
салыңыз және сүзгі ұстауышының қолсабын
(3) сағат тіліне қарсы тірелгенге дейін
(«
LOCK
» (Бекіту) белгісі жаққа) бұраңыз.
•
Сәйкес ыдысты (көлемі 250 мл кем емес)
табанды торына (2), және түтік-капучинатор
ұштамасының (17) астына қойыңыз.
•
Желілік баудың айыртетігін электрлік
ашалыққа салыңыз. Батырманы (9) басыңыз
(
егер батырма (9) көрсеткіші жанбаса, бу
беру реттегішінің қолсабын (14) шеткі
оң күйіне бұраңыз және сәл тартыңыз
).
Бу беру реттегішін (14) сағат тіліне қарсы
бұрап, бу беруді ашыңыз. Помпа жұмыс
істей бастайды, және осы мезтте су беру
басталады. Түтік-капучинатордан (17)
шамалы суды төгіңіз, содан кейін бу беру
реттегіші қолсабын (14) сағат тілі бойынша
тірелгенге дейін бұраңыз, суды төгу
тоқталады.
Ескерту:
Помпа жұмыс істеген кезде опмпа
суға толғанға дейін жұмыс істеп тұрған
помпаның қатты дыбысы шығуы және
кофебұқтырғыш корпусының сезілетін дірілі
пайда болуы мүмкін, бұл қалыпты құбылыс.
•
Кофебұқтырғыш бойлерінің қызуын күтіңіз.
Алдын-ала қыздыру уақытында (2 минутқа
таяу) батырма (9) көрсеткіші жанып-сөнеді,
алдын-ала қыздыру аяқталғаннан кейін
көрсеткіш тұрақты жанып тұрады.
•
Батырманы (8) басыңыз, сүзгі ұстауышының
(5) шығаратын саңылауларынан судың
берілуін күтіңіз. Осы уақытта құрылғының
қыздырылуы және тазалануы жүзеге
асырылады.
Сүзгі мен капучинатор түтігінің жуылуы
аяқталды.
ЭСПРЕССО ӘЗІРЛЕУ
•
Сауытта (13) судың жеткілікті екеніне, ал
бу беру реттегішінің қолсабы (14) шеткі
оң күйінде орналасқанына және сәл
тартылғанына көз жеткізіңіз.
•
Сүзгі ұстауышының қолсабын (3) сағат тілі
бойынша «
INSERT
» бағытында бұрап, сүзгі
ұстауышын (5) кофебұқтырғыш бойлерінен
ажыратыңыз.
•
Үгетілген кофені таңдалған сүзгіге (6)
(қанша тостаған кофе әзірлегіңіз келгенге
байланысты) салыңыз және өлшейтін
қасықтың (18) кері ұшымен оны сәл
тығыздаңыз. Кофеге арналған сүзгіні
сүзгі ұстауышына (5) салыңыз, бұл үшін
кофеге арналған сүзгідегі (6) шығыңқыны
сүзгі
ұстауышындағы
(5)
ойықпен
сәйкестендіріңіз және сүзгіні (6) кез-келген
жаққа бұраңыз.
•
Сүзгі ұстауышын (5) кофебұқтырғыш
бойлеріне қосыңыз, бұл үшін сүзгі
ұстауышының қолсабын (3) кофебұқтырғыш
корпусындағы «
INSERT
» (
Салу
) жазуының
астына орналастырыңыз, ұстауышты (5)
бойлерге салыңыз және сүзгі ұстауышының
қолсабын (3) сағат тіліне қарсы тірелгенге
дейін («
LOCK
» (Бекіту) белгісі жаққа)
бұраңыз.
•
Сіздің қанша тостаған кофе әзірлегіңіз
келгенге байланысты батырманы (7)
немесе (8) басыңыз, осы кезде сәйкес
көрсеткіш жанады. Сүзгі ұстауышының (5) су
шығаратын саңылауларынан аға бастайды.
Тостағанның әзірленген кофемен толу
процессін қадағалаңыз.
•
Әзірленген кофесі бар тостағанды
алғаннан кейін сүзгі ұстауышының (5)
саңылауларынан табандық торына (2)
сұйықтық тамшылары ағуы мүмкін, бұл
қалыпты құбылыс. Табандықтың (1) толуын
қадағалаңыз, одан сұйықтықты мезігілімен
төгіңіз және табандықты (1) сумен жуыңыз.
•
Кофебұқтырғыштың салқындауын күтіңіз
және сүзгі ұстауышын (5) шешіңіз.
•
Сүзгі ұстауышын (5) шешу үшін сүзгі
ұстауышының қолсабын (3) сағат тілі
бойынша «
INSERT
» бағытында бұрап, сүзгі
ұстауышын (5) кофебұқтырғыш бойлерінен
ажыратыңыз.
•
Сүзгі бекіткішін (4) көтеріңкіреңіз және оны
ұстауышқа (5) қысыңыз, бекіткішпен сүзгіні
(6) ұстап тұрып ұстауышты (5) төңкеріңіз
және үгетілген кофенің қалдықтарын
жойыңыз.
•
Сүзгіні (6) ұстауыштан (5) шығарыңыз
және жуыңыз (егер сүзгі шығарылмаса,
IM VT-1524.indd 25
29.06.2016 17:37:40