IM023
SC-BS33ED48
8
Цей символ на виробі, упаковці та/або в супровідній документації означає, що електричні та електронні
вироби, що були використані, не повинні викидатися разом із звичайними побутовими відходами. Їх потрібно
здавати до спеціалізованих пунктів прийому.
Цей символ на виробі, упаковці та/або в супровідній документації означає, акумулятор або батарейка,
використовувані в даному виробі, не повинні викидатися разом із звичайними побутовими відходами.
Для отримання додаткової інформації щодо існуючих систем збору відходів зверніться до місцевих органів
влади.
Належна утилізація допоможе зберегти цінні ресурси та запобігти можливому негативному впливу на здоров’я
людей і стан навколишнього середовища, який може виникнути в результаті неправильного поводження з
відходами.
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін және біздің компанияға
сенім артқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Іске пайдалану нұсқаулығында суреттелген техникалық
талаптар орындалған жағдайда, SCARLETT компаниясы өзінің өнімдерінің жоғары сапасы мен сенімді
жұмысына кепілдік береді.
SCARLETT сауда таңбасының бұйымын тұрмыстық мұқтаждар шеңберінде пайдаланған және іске
пайдалану нұсқаулығында келтірілген пайдалану ережелерін ұстанған кезде, бұйымның қызмет мерзімі
бұйым тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды. Аталған шарттар орындалған
жағдайда, бұйымның қызмет мерзімі өндіруші көрсеткен мерзімнен айтарлықтай асуы мүмкін екеніне
өндіруші тұтынушылардың назарын аударады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Аспапты пайдаланған кезде бұзып алмас үшін оны пайдаланар алдында осы нұсқаулықты зейін салып оқып
шығыңыз. Дұрыс пайдаланбау аспаптың бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Тек тұрмыстық мақсаттарда ғана пайдалану керек. Аспап өнеркәсіптік және сауда-саттық мақсатына
қолдануға арналмаған.
Таразының ұрылып-соғылуына жол бермеңіз.
ңү
ң
Таразыға артық салмақ түсірмеңіз.
Медициналық қондырымдары (имплантаттары, мысалы, жүрек ырғағы стимуляторлары) бар адамдардың
таразыны пайдалануына тыйым салынады. Пайдаланған жағдайда қондырымдардың жұмысында іркіліс
орын алуы мүмкін.
Жүктілік кезінде пайдалануға болмайды.
Назар аударыңыз! Егер аяғыңыз немесе таразының беткі қабаты дымқыл болса, оның үстіне шықпаңыз –
тайып кетуіңіз мүмкін!
Ас қорыту жолына түсіп кетсе, батареялар өмірге қатер төндіруі мүмкін.
Батареяларды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Батареяны жұтып қойған адам дереу дәрігерге
көрінуге тиіс.
Орауыш материалдың балалардың қолына түсуіне жол бермеңіз (тұншығып қалу қатері бар).
Батареяларды зарядтауға немесе басқа тәсілдермен қалпына келтіруге, оларды бөлшектеуге, отқа тастауға
тыйым салынады.
Ең кіші өлшену параметрлері – 2 кг.
Құрылғыны өз бетіңізбен жөндеуге әрекет жасамаңыз. Істен сатушыға хабарласыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX
пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» –
жасап шығарылған жылы.
ҚОРЕК ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ
Қорек элементтерінің құрамында ағзаның ішіне түскен кезде зиян келтіретін элементтер бар. Кішкентай
балалардың қорек элементтеріне жете алмауын қадағалаңыз. Егер әлдекім қорек элементін жұтып қойса,
дереу дәрігерге көріну керек.
Қорек элементтерін жүйелі түрде ауыстырып отырыңыз. Қорек элементтерінің барлығын бір мезгілде
ауыстырыңыз. Бұл орайда бір тұрпатты элементтерді пайдаланыңыз.
Қорек элементерін қайтадан зарядтауға немесе түрлі құралдардың көмегімен қайта белсендіруге
болмайды, оларды бөлшектемеңіз, отқа тастамаңыз және қысқа тұйықтамаңыз.
Қуаты таусылған элементтер аспаптың бұзылуына себеп болуы мүмкін. Аспапты пайдалануда ұзақ уақыт
үзіліс болған кезде, қорек элементтерін батарея ұяшығынан шығарып қойыңыз.