Қазақ тілі
310
Жад карталарын немесе кабельдерді ұқыпты ұстаңыз
• Құрылғыға картаны салғанда немесе кабельді қосқанда, карта
тиісті жаққа салынғанын немесе кабель тиісті жаққа қосылғанын
тексеріңіз.
• Құрылғы белгілі бір ақпаратты жіберіп немесе қабылдап
жатқан кезде картаны шығарып алуға болмайды, себебі бұл
әрекет деректердің жойылуына және/немесе картаның немесе
құрылғының зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
• Карталарды қатты соққылардан, статикалық электрден және басқа
құрылғылардың электр әсерінен қорғаңыз.
• Сары байланыстарына немесе терминалдарына саусағыңызды
немесе металл заттарды тигізбеңіз. Карта кірлеген жағдайда, оны
жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
• Күшпен немесе дұрыс емес картаны салу немесе кабельді қосу
көп мақсатты ұяның немесе құрылғының басқа бөлшектерінің
зақымдануына әкелуі мүмкін.
Жеке деректерді қорғаңыз және құпия ақпараттың ағып кетуін
немесе дұрыс емес пайдаланылуын болдырмаңыз
• Құрылғыны пайдаланғанда, маңызды деректердің сақтық
көшірмесін жасап қойыңыз. Samsung компаниясы кез келген
дерек жоғалуы үшін жауапты болмайды.
• Құрылғыңызды қалдық ретінде тастағанда, барлық деректердің
сақтық көшірмесін жасап, жеке деректеріңізді басқа пайдалануға
жол бермеу үшін құрылғыңыздың зауыттық мәндерін қалпына
келтіріңіз.
Авторлық құқықпен қорғалған материалды таратпаңыз
Авторлық құқықпен қорғалған материалдарды мазмұн иесінің
рұқсатынсыз таратпаңыз. Мұны сақтамаудан авторлық құқық туралы
заңдар бұзылуы мүмкін. Өндіруші авторлық құқықпен қорғалған
материалды пайдаланушының заңсыз пайдалануынан туындаған
құқықтық мәселелерге жауапты емес.