122
123
Басқа дұрыс жанастырып қондыру
1. Бетпердені науқастың бетіне сәл тигізе ұстап тұрып, CapStrap басжүгенді
басына сырғытып кигізіңіз. Басжүген орнына түскеннен кейін шар-ұялы
айналмалы қысқыштарды, басжүгеннің ілгектері сыртқа қараған түрінде,
қосыңыз.
2. Бетперденің мұрын-кеңсірікке жанасқанда неғұрлым аз батуы үшін әрі оның
жастықшасы астынан неғұрлым аз ауа шығып кетуі үшін
маңдай сүйеуіштің орналасу орнын лайықтаңыз. Төменгі
қалпында бетперде кеңсірікке ең қатты батады, ал оның
жастықшасы мұрынмен ең жақсы жанасады. Ең жоғарғы
қалпында бетперде кеңсірікке ең жеңіл батады, ал оның
жастықшасының мұрынмен жанасуы азырақ болады.
3. Науқас контурын (тыныс шығару құрылғысы мен
иілгіш түтікті) бетперденің буынына ауа аулайтын
қақпашығымен қосыңыз.
4. Бетперде жайлы орнығып, жастықша астынан шығып
кететін ауаның мөлшері неғұрлым аз болу үшін, CapStrap
бас бекітетін жоғарғы белдігіндегі ілгектерді ағытып, оларды бетперде
тығыз жанасқанша біртіндеп тартып қойыңыз. ТЫМ ҚАТТЫ ТАРТПАҢЫЗ.
Бетперде жайлы орнығып, жастықша астынан шығып кететін ауаның
мөлшері неғұрлым аз болу үшін, айналмалы қысқыштар тұсындағы
басжүгеннің белдіктерін ағытып, оларды бетперде тығыз жанасқанша
біртіндеп тартып қойыңыз. ТЫМ ҚАТТЫ ТАРТПАҢЫЗ.
5. Бейинвазивтік тыныс алдыратын аппаратты қосыңыз. Науқасқа
әдеттегідей тыныс ала берсін деп нұсқау беріңіз.
6. Шығып кететін ауаның мөлшерін меңгеру үшін және бетперде жайлы
орналасу үшін барлық ыңғайлау нүктелеріне ақырғы лайықтау жасаңыз.
Ескертпелер:
• Егер науқас қозғалып, бетперде астынан ауа шығып кететін болса, онда
белдіктің қысымын лайықтаңыз.
• Белдіктерді тым қатты тартпаңыз. Шамадан тыс қатты тарту ауаның
шығып кетуіне себеп болады не оны ұлғайтуы мүмкін.
Басжүгенді қосу және ажырату
CapStrap басжүгеннің пішім-дизайны басжүгенді дұрыс
әрі жайлы кигізуге мүмкіншілік береді. Бұл
бетпердені айналмалы қысқыштары бар
төрт нүктелі бас бекіту белдіктермен де бірге
пайдалануға болады (REF 1015788).
CapStrap басжүгенді шешіп алу
Алдымен шарды ұясынан сыртқа әрі аулақ тартып
төменгі айналмалы қысқыштарды ағытыңыз (3-ші сурет).
Сосын CapStrap ілгегін (I) сәл бұрап, маңдай сүйеуіш
кронштейнінен ажыратыңыз (3-ші сурет).
CapStrap басжүгенін қайта орнына қою
CapStrap ілгегін (I) маңдай сүйеуіш
кронштейндегі баулықтың артына басып
кіргізіңіз және олар сарт етіп бір біріне түскенше
басыңыз (4-ші сурет). Төменгі белдіктердегі айналмалы
қысқыштардағы шарларды басып, бетперденің сыртқы
қалқаншасындағы ұяларына түсіріңіз.
Төрт нүктелі бас белдікті алып тастау
Алдымен шарды ұясынан сыртқа әрі аулақ
тартып төменгі айналмалы қысқыштарды
ағытыңыз. Содан соң басжүген ілгек белдіктерін
ағытып, тіреуіш баулықтардан суырып алыңыз.
Төрт нүктелі бас белдікті қайта орнына қою
Жоғарғы белдіктегі басжүгеннің ілгектерін тіреуіш
баулықтардан өткізіңіз (5-ші сурет). Ілгектерді артқа
қайырып басжүген белдіктеріне жапсырып қойыңыз.
Төменгі белдіктердегі айналмалы қысқыштардағы
шарларды басып, бетперденің сыртқы
қалқаншасындағы ұяларына түсіріңіз.
Науқасқа маңайлау және бетпердені алып тастау
Төменгі белдіктің айналмалы қысқыштарын
босатып бетпердені жоғары қарай сыпырып
алыңыз (6-ші сурет). Бұның арқасында
науқасқа маңайлау оңайға түседі. Толық алып
тастау үшін төменгі белдіктің айналмалы қысқыштарын
босатып, түгел жиынтықты науқастың басынан сыпырып алыңыз.
Төрт нүктелі бас белдік қолданатын болса, төменгі белдіктің айналмалы
қысқыштарын босатып, түгел жиынтықты науқастың басынан сыпырып алып
тастаңыз.
Жастықша мен қалқанша жиынтығы
Бетперде бір науқаста қолдануға арналған, толық жинақталып қолдануға
дайын. Гель жастықшасын сыртқы қалқаншаға орнатыңыз (7-ші сурет). Сосын
қалқаншаны гель жастықшаның үстіне салыңыз, бекіткіш шығыршықты
сыртқы қалқаншаға итеріңіз, қашан қосушы ілгектер сарт етіп орнына
түскенше. Жастықшаны тартып барлық бөлшектері орнына нық түскеніне көз
жеткізіңіз.
Қайта тапсырыс нөмірлері
1063015 Respironics AF811 бетперде, CapStrap басжүгенімен, Үлкен, 1 дана
1063016 Respironics AF811 бетперде, CapStrap басжүгенімен, Орташа, 1 дана
1063047 Respironics AF811 бетперде, CapStrap басжүгенімен, Шағын, 1 дана
1063051 Respironics AF811 бетперде, CapStrap басжүгенімен, Үлкен, 5 жиынтық
1063052 Respironics AF811 бетперде, CapStrap басжүгенімен, Орташа, 5 жиынтық
1063053 Respironics AF811 бетперде, CapStrap басжүгенімен, Шағын, 5 жиынтық
1019547 Respironics CapStrap басжүген ғана, 5 жиынтық
1015788 Respironics төрт нүктелі басжүген, айналмалы қысқыштарымен, 1 дана
452040 Мұрын-асқазан түтігін нығыздайтын төсем, 10 жиынтық
I
3-ші сурет
4-ші сурет
I
5-ші сурет
6-ші сурет
7-ші сурет
2-ші сурет
Содержание AF811
Страница 19: ...31 AF811 Gel AF811 Gel CPAP 30 CPAP AF811 Gel 2 o o DEHP CPAP CPAP CPAP CPAP CPAP CPAP CPAP CPAP...
Страница 71: ...119 AF811 AF811 CPAP 30 CPAP CPAP CPAP CPAP CPAP CPAP...
Страница 72: ...120 121 CPAP EPAP 3 H2O Respironics 1 2 1 2 3 CPAP 4 A B C E F G H D 1 A CapStrap B C D E F G H...
Страница 81: ...135 AF811 AF811 CPAP CPAP 30 kg AF811 DEHP 2 CPAP CPAP CPAP CPAP CPAP CPAP CPAP CPAP CPAP EPAP...