
39
12.
Пайдалануға жарамсыз құрылғыны кәдеге жарату жөніндегі талаптар
Ескертпе: Құрылғының пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін бұл электр құрылғыны әдеттегі
тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмай, оны одан әрі кәдеге жарату мақсатында, қалдықтарды
қабылдаумен, қайта өндеумен және кәдеге жаратумен айналысатын ресми пунктке өткізіңіз.
Осылайша, Сіз қоршаған ортаны сақтауға өз септігіңізді тигізесіз.
Жарамсыз деп табылған тұрмыстық электрлік құрылғылар мен техникалық бұйымдарды кәдеге жарату
барысында пайда болатын қатты тұрмыстық қалдықтар белгіленген тәртіппен және салалық нормативті
құжаттары бойынша көзделген қолданыстағы ережелер мен нормаларға сәйкес, соның ішінде «Өндіріс
пен тұтыну қалдықтарын орналастыру мен залалсыздандыру бойынша гигиеналық талаптар»
Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға 2.1.7.1322-03 сәйкес кәдеге жарату үшін
міндетті түрде жиналуы тиіс.
13.
Ақауларды іздестіру және оларды жою тәсілдері
1.
Сүзгіш ұстағышының (соплодан) шүмегінен қайнаған ыстық су немесе кофе ақпайды.
Құрылғының суға арналған резервуары суға толы екеніне көз жеткізіңіз.
Кофеқайнатқыштың ішкі жүмыс бөлігіне ауа кірген шығар, сол себепте құрылғының
сорғышы сөніп қалған шығар.
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың («Құрылғыны іске қоспас бұрын, пайдалануға
дайындау және пайдалану») 6 тарауындағы сипатталған нұсқамаларын башылыққа ала
отырып, оған сәйкес қарастырылған әрекеттерді орындаңыз.
Егер бұдан әрі аталған функциялар бұрыңғы қалпына келмесе, қызмет көрсету
орталығының білікті мамандарына хабарласыңыз.
2.
Құрылғының сүттен көпіршіген қалын кілегейлі қаймақ көбігін ағызып жіберетін түтік тәрізді
(сопло) шүмегінен бу шықпайды.
Құрылғының сүттен көпіршіген қалын кілегейлі қаймақ көбігін ағызып жіберетін түтік
тәрізді (соплоның) шүмегінің ішкі жағында будың әсерінен қақ түрдегі шөгінділер немесе
түзілімдер сияқты шағын ластаушы заттар пайда болған жағдайда, бұл шөгінділер мен
түзілімдерді тіс тазартқыш көмегімен жойып тазартыңыз..
Құрылғының суға арналған резервуарында су деңгейін (мөлшерін) тексеріңіз.
3.
Кофе сүзгіш ұстағышынан асып құйылады:
Сүзгінің ішіне ұнтақталған кофенің көп мөлшері салынған болғандықтан сүзгінің
ұстағышы кофеқайнатқыштың корпусындағы ұяшыққа жақсылап бекітілмеген шығар.
Кофеқайнатқыш суығанша күте тұрыңыз, осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
сипатталған кофе сусынның мөлшерін ескере отырып, кофені қайтадан дайындаңыз.
4.
Кофенің бірінші порция мөлшерін дайындаған кезде кофе сүзгіш ұстағышының шүмегінен өте
баяу ағады немесе мүлдем ақпайды.
Ұнтақталған кофеге арналған сүзгішті тексеріңіз. Егер сүзгіштің ішкі саңылаулары бітеліп
қалған болса, онда шағын қылшақты қолдана отырып, сүзгіштің ішкі саңылауларын
тазалау қажет, ол үшін бейтарап сабынды ерітіндісін немесе ыдыс жууға арналған жуғыш
не тазартқыш заттарды жылы суға қосыңыз да, сол тазалағыш ерітіндімен және шағын
қылшақпен сүзгіштің ластанған саңылауларын тазартыңыз.
Бұл мәселе кофеқайнатқыштың корпусындағы ұяшығында тесілген дискіден судың келуі
жеткіліксіз болғандықтан болуы мүмкін. Құралды бірнеше ай пайдаланғаннан кейін диск
саңылаулары бітеліп қалуы мүмкін. Бұл мәселе бойынша сервистік қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.