
33
2.
Сүзгілерінің сыйымдылығын ескере отырып, кофенің мөлшеріне сәйкес келетін сүзгілердің біреуін
таңдап, пайдаланыңыз. Сүзгінің қажетті мөлшерін таңдап алған соң, оны сүзгіштің ұстағышына
орнатып қойыңыз. Кофені сүзгіге салған соң, кофені сәл нығыздатып басыңыз, мұны
нығыздауыштың көмегімен іске асыруға болады және сүзгіштің қыр-шегіндегі артық кофені алып
тастаңыз. -4
3. Сүзгіштің ұстағышын ұнтақталған кофе салынған сүзгімен бірге кофеқайнатқыштың сыртында
орналасқан сүзгіш ұстағышын орналастыратын орынға ұстағышының ұяшығына, осы пайдалану
жөніндегі нұсқаулықтың «Құрылғыны іске қоспас бұрын, пайдалануға дайындау және пайдалану»
тарауындағы 6 тармағында көрсетілген нұсқамаларын башылыққа ала отырып, оған сәйкес
қарастырылған әрекеттерді орындап, орналастырып қойыңыз.
Диаметрі кем дегенде 7 см болып келетін, үлкен сыйымды кофе құюға арналған ыдысты немесе қайнаған
ыстық сусын құюға жарайтын шыны-аяқ сияқты сыйымдылықты сүзгіш ұстағышының (сопло) шүмегінің
астына, яғни түтік тәрізді шүмегі орналасқан тұпқоярының торына орналастырып қойыңыз.
Эспрессо кофені әзірлеп, демдеп алу тәсілі
1.
Эспрессо кофенің бір порция мөлшерін (бір шыны-аяқ Espresso кофені) әзірлеп, демдеп алу үшін
мына
белгісі бар OPTIONAL батырмасын басыңыз. Эспрессо кофені әзірлеу барысында,
кофеқайнатқыштың алдыңғы басқару панеліндегі 15-ші индикаторы жанады да, кофе әзірлеу
үдерісі бойы үздіксіз жыпылықтайды. Эспрессо кофені әзірлеп, демдеп алған соң,
кофеқайнатқыштың бес реттік дыбыстық сигналы естіледі.
2.
Эспрессо кофенің екі есе порция мөлшерін (екі шыны-аяқ Espresso кофені) әзірлеп, демдеп алу
үшін мына
белгісі бар OPTIONAL батырмасын екі рет басыңыз.
Эспрессо кофені әзірлеу барысында, кофеқайнатқыштың алдыңғы басқару панеліндегі 16-шы
индикаторы жанады да, кофе әзірлеу үдерісі бойы үздіксіз жыпылықтайды. Эспрессо кофені
әзірлеп, демдеп алған соң, кофеқайнатқыштың бес реттік дыбыстық сигналы естіледі.
3.
OPTIONAL батырмасын үш рет басу, бұл кофе сусынның мөлшерін 230 мл шегінде көлемінде
әзірлеп, демдеп алуға мүмкіндік береді. Кофе әзірлеу барысында, шыны-аяққа 230 мл көлемінде
кофе сусынның мөлшері құйылған соң, бұл OPTIONAL батырмасын тағы бір рет басу арқылы,
құрылғыда судың берілуін тоқтатуға болады. Эспрессо кофені әзірлеу барысында,
кофеқайнатқыштың алдыңғы басқару панеліндегі 15-ші және 16-шы индикаторлары жанады да,
кофе әзірлеу үдерісі бойы үздіксіз жыпылықтайды.
Назар аударыңыз! Кофенің (құйылу) мөлшерлеу үдерісі аяқталған соң, біраз уақыт бойы сүзгіш
ұстағышының шүмегінен сумен бірге біршама мөлшерде қайнатылған кофенің қалдықтары ағып
шығады.
Сүзгіш бөлігінде кофе қалдықтарын ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Кофеқайнатқышты пайдаланып болған
соң, сүзгінің бітеліп қалуын болдырмау үшін, сонымен бірге кофеқайнатқыштың ішкі бөліктеріне кофе
қалдықтарының салдарынан баяу еритін немесе қиын жойылатын түзілімдердің пайда болуын алдын
алу үшін кофеқайнатқыштағы сүзгісін сүзгіш ұстағышынан бірден алыңыз да, сүзгіден үнтақталған
кофенің қалдықтарын алып тастаңыз, содан кейін сүзгі мен құрылғының алынбалы тұпқоярын жуып-
шайып тазалаңыз.
Капучино кофені әзірлеп, демдеп алу тәсілі
1.
Назар аударыңыз! Көбіктің тұрақтылығымен оның сапасы пайданылатын сүт құрамындағы
болатын барлық компоненттердің қасиеттеріне тікелей байланысты, сол себепте, сүттен
көпіршіген қалын кілегейлі қаймақ көбігін әзірлеу үшін майсыздандырылған сүтті қолдаңбаңыз,