Ақаулықтарды жою
Бұл тарауда құрылғыда орын алуы мүмкін ең көп кездесетін ақаулықтар жинақталған.
Егер төменде берілген ақпарат көмегімен ақаулық шешілмесе, еліңіздегі
тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Мәселе
Шешімі
Стерилизаторды
қашан қақтан
тазалауым керек?
Стерилизаторды пайдаланған кезде, қыздыру
тақтайшасында аппақ қардай түстен қоңырқай тартқан
түске дейін кішкене дақтар пайда болғанын байқауыңыз
мүмкін. Бұл стерилизатор қағын тазалау қажет екендігінің
белгісі.
Кез келген жағдайда, стерилизатор әрі қарай тиімді жұмыс
істей беруі үшін кемінде 4 апта сайын қағын тазалап
тұрыңыз.
Неліктен стерильдеу
уақыты тым қысқа?
Стерильдеу үшін жеткілікті су қоспадыңыз.
Түптің су резервуарына тікелей 130 ml дистильденген су
құйыңыз.
Неліктен
стерильдегеннен
кейін де қыздыру
плитасында көп
мөлшерде су қалады?
Қыздыру плитасы тас қақпен бұғатталған болуы мүмкін.
Стерилизатор қағын кемінде 4 апта сайын тазалау қажет.
«Қақты тазалау» бөлімін қараңыз.
Неліктен негізде
күйген иіс және
күйген белгісі
болады?
Үлкен себеттің түпқоймасынан қалған суды жиі-жиі төгіп
тұрмаған боларсыз. Әр стерильдеу циклінен кейін үлкен
себет түпқоймасына су жиналады. Әрбір қолданыстан кейін
үлкен себеттен қалған кез келген суды төгіп тастаңыз.
1
Астыңғы тақтаны үлкен себеттен алып тастаңыз. Кез
келген қалған суды үлкен себет түпқоймасынан төгіп
тастаңыз.
2
Астыңғы тақтаны және үлкен себетті сұйық ыдыс жуу
сұйықтығын қосып ыстық суда тазалаңыз.
Стерильдеу алдында заттар мұқият тазаланбаған болуы
мүмкін.
Стерилизаторға салмас бұрын, заттарды ыдыс жуғыш
машинада немесе ыстық суға ыдыс жуу сұйықтығын қосып
қолмен тазалаңыз.
- Қазақша 104 -
Содержание Avent SCF293
Страница 1: ...SCF293 ...
Страница 213: ... 2022 Koninklijke Philips N V All rights reserved 20 04 2022 ...