38
KK
Ақаулық
Мүмкін шешімі
Құралдан жағымсыз
иіс шығады.
•
Құрылғыны алғаш қолданғанда одан пластмассаның иісі шығуы
мүмкін. Бұл әдеттегі нәрсе. Алайда, құрылғыдан күйген иіс шықса,
Philips сатушысына немесе рұқсат етілген Philips қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
•
Сүзгі бөлмедегі ауаның сіңірілуіне байланысты біраз уақыт бойы
пайдаланылғаннан кейін иіс шығаруы мүмкін. Сүзгіні алып тастап,
тікелей күн сәулесі түсетін және желдетілетін жерге бірнеше сағатқа
қалдырыңыз. Сүзгіні өз орнына қойып, қайтадан қолданып көріңіз.
Иісі қалса, сүзгіні ауыстырыңыз.
Құрылғының дыбысы
өте қатты шығады.
•
Сүзгілерден барлық бума материалдарды алып тастамағансыз.
Барлық орауыш материалдарды алып тастағаныңызды тексеріңіз.
•
Желдеткіш жылдамдығын төменірек желдеткіш жылдамдығының
деңгейіне ауыстырыңыз.
Құрылғы әлі де сүзгіні
ауыстыру қажеттігін
көрсетіп тұр, бірақ
мен ауыстырып
қойғанмын.
•
Яғни, таймер/қайта орнату түймесі дұрыс басылып тұрылмаған.
Құрылғыны розеткаға қосып, қосу үшін түймесін басып, таймер/
қайта орнату түймесін 3 секунд бойы басып тұрыңыз.
Экранда «E1», «E2»,
«E3», «E4» немесе
«E5» қате коды
көрсетіледі.
•
Құрылғыда ақаулық бар. Еліңіздегі тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.