Ka-10
Жалпы нұсқаулар
ПІШІН
Біркелкі пішіндер біркелкі әзірленеді. Тамақ
микротолқындар арқылы шаршы емес, дөңгелек
ыдыста жақсырақ әзірленеді.
БАСТАПҚЫ ТЕМПЕРАТУРА
Тамақ неғұрлым суық болса, оны қыздыруға
соғұрлым ұзағырақ уақыт кетеді. Тоңазытқыштан
алынған тамақты қыздыруға бөлме
температурасындағы тамақтан ұзағырақ уақыт
кетеді. Әзірлеу алдында тамақ температурасы 5
және 8°C арасында болуы керек.
СҰЙЫҚТЫҚТАР
Қыздыру
алдында, кезінде және одан кейін
барлық сұйықтықтарды араластыру керек.
Әсіресе, жарылуды болдырмау үшін суды
қыздыру алдында және кезінде араластыру
керек.
Алдында қайнатылған сұйықтықтарды
қыздырмаңыз. АРТЫҚ ҚЫЗДЫРМАҢЫЗ.
АУДАРУ ЖӘНЕ АРАЛАСТЫРУ
Кейбір тамақтар әзірлеу кезінде араластыруды
қажет етеді.
Етті және құсты әзірлеу уақытының жартысынан
кейін аудару керек.
РЕТТЕУ
Жекелеген тамақтарды, мысалы, тауық
бөліктерін немесе котлеттерді, қалыңырақ
бөліктер сыртына қарап тұруы үшін тәрелкеге
қою керек.
ТАМАҚТЫ ТЕКСЕРУ
Ұсынылған әзірлеу уақыты кезінде және
одан кейін тамақты тексеру маңызды, тіпті
АВТОМАТТЫ БАҒДАРЛАМАСЫ пайдаланылса
да (әдеттегі пеште де әзірленген тамақты
тексергендей). Қажет болса, одан әрі әзірлеу
үшін тамақты пешке қайтарыңыз.
ТӘРЕЛКЕ ӨЛШЕМІ
Рецепттерде берілген тәрелке өлшемдерін
сақтаңыз, өйткені олар әзірлеу және қыздыру
уақыттарына әсер етеді.
Үлкенірек тәрелкеде жайылған тамақтың
мөлшері тезірек әзірленеді және қызады.
ТАЗАЛАУ
Қысқа толқындар тамақ бөлшектерінде жұмыс
істейтіндіктен, пешті әрқашан таза ұстаңыз.
Кетпейтін дақтарды жұмсақ шүберекке бүркілген
брендті қысқа толқынды пешке арналған спрей
тазалағышты бүркіп кетіруге болады. Әрқашан
тазалаудан кейін пешті құрғатып сүртіңіз.
NN-GT261WM_ZP.indb 10
2014/06/13 17:57:54
Содержание NN-GT264MZPE
Страница 4: ...NN GT261WM_ZP indb 2 2014 06 13 17 57 35 ...
Страница 105: ...NN GT261WM_ZP indb 29 2014 06 13 17 57 59 ...