1
kk
Мазмұны
1. Қауіпсіздік шаралары
► Құрылғыны орнатпас бұрын, барлық «Қауіпсіздік шараларын» оқып шыққаныңызға көз жеткізіңіз.
► «Қауіпсіздік шаралары» қауіпсіздікке қатысты өте маңызды пункттерді ұсынады. Оларды орындағаныңызды тексеріңіз.
► Осы жабдықты электр қуатымен жабдықтау жүйесіне қоспас бұрын, қуат көзімен жабдықтау органына хабарласыңыз немесе олардың келісімін алыңыз.
Мәтінде пайдаланылған таңбалар
Ескерту:
Пайдаланушы жарақат алмауы немесе өліп кетпеуі үшін қадағалануы
тиіс сақтық шараларын сипаттайды.
Сақ болыңыз:
Құрылғыға зақым келмес үшін қадағалануы қажет сақтық шараларын
сипаттайды.
Суреттерде пайдаланылған таңбалар
: Жерге тұйықталуы тиіс бөлігін көрсетеді.
: Келесі әрекеттерді міндетті түрде орындамаңыз.
Орнату жұмысы аяқталғаннан кейін, тұтынушыға «Қауіпсіздік шараларын»,
Пайдалану бойынша нұсқаулықтағы ақпаратқа сәйкес құрылғының дұрыс
пайдаланылуын және оған техникалық қызмет көрсетуді түсіндіріңіз, сондай-
ақ, қалыпты жұмысты қамтамасыз ету үшін сынақты жүргізіңіз. Пайдаланушыға
сақтап қоюы үшін, Орнату бойынша нұсқаулық және Пайдалану бойынша
нұсқаулық берілуі тиіс. Бұл нұсқаулықтар келесі пайдаланушыларға өткізілуі тиіс.
ІШКІ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ СЫРТҚЫ БЛОКТА КӨРСЕТІЛЕТІН ТАҢБАЛАРДЫҢ МӘНДЕРІ
ЕСКЕРТУ
(Өрт қаупі бар)
Бұл таңба тек R32 суық агентіне арналған. Суық агент түрі сыртқы блоктың атау тақтайшасында жазылған.
Суық агент түрі R32 болған жағдайда, бұл құрылғы тұтанғыш суық агентті пайдаланады.
Суық агент ағып, отқа немесе қызып тұрған бөлшекке тисе, одан зиянды газ шығып, өртену қаупіне әкеледі.
Жұмысты бастаудан бұрын, ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚТЫ мұқият оқып шығыңыз.
Жұмыс істеуден бұрын, қызмет көрсету персоналы ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚТЫ және ОРНАТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚТЫ мұқият
оқып шығуы керек.
Қосымша ақпарат ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ, ОРНАТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ сияқты құжаттарда қолжетімді.
Ескерту:
• Негізгі құрылғыға тіркелген жапсырмаларды мұқият оқыңыз.
• Құрылғыны орнату, орнын ауыстыру және жөндеу үшін дилерге немесе
өкілетті техник маманға жүгініңіз.
• Пайдаланушы ешқашан құрылғыны жөндеуге немесе басқа жерге
жылжытуға тырыспауы керек.
• Блокты өзгертпеңіз. Бұл өрттің, электр тогының соғуына, жарақаттануға
немесе судың ағуына әкелуі мүмкін.
• Орнату және орнын ауыстыру жұмыстары үшін Орнату бойынша
нұсқаулықтағы нұсқаулықтарды орындаңыз және арнайы сыртқы
блокты орнату бойынша нұсқаулықта көрсетілген суық агентпен
пайдалануға арналған құралдар мен құбыр құрамдастарын
пайдаланыңыз.
• Құрылғы жер сілкіністері, тайфундар немесе қатты желдерден зақым
алу қаупін азайту үшін нұсқауларға сәйкес орнатылуы тиіс. Дұрыс
орнатылмаған құрылғы құлап кетіп, зақым немесе жарақаттарға алып
келуі мүмкін.
• Құрылғыны салмағын ұстап тұра алатын құрылымға мықтап орнату
керек.
• Құрылғыны бөлме өлшемі жұмыс үшін көрсетілген бөлме аймағына
сәйкес жақсы желдетілетін аймақта сақталуы қажет.
• Кондиционер кішкентай бөлмеге немесе жабық бөлмеге орнатылса,
суық агент ағып кеткен жағдайда қауіпсіздік шегінен асып кететін
бөлмедегі суық агент шоғырлануының алдын алу үшін шаралар
қолданылуы тиіс. Суық агент ағып кеткен және шоғырлану шегінен
асып кеткен жағдайда, бөлмеде оттектің жетіспеуіне байланысты
қауіптер пайда болуы мүмкін.
• Газбен істейтін құрылғыларды, электр жылытқыштарды және басқа да
от көздерін (тұтану көздерін) монтаждау, жөндеу және кондиционерге
қатысты басқа да жұмыстар жүргізілетін жерден алыстау ұстаңыз.
Егер суық агент отпен байланысқа түссе, улы газдар бөлінеді.
• Жұмыс кезінде суық агент ағып кетсе, бөлмені желдетіңіз. Егер суық
агент отпен байланысқа түссе, улы газдар бөлінеді.
• Электр сымдарының аралық қосылымын пайдаланбаңыз.
• Барлық электрлік жұмыстар білікті техник маманы тарапынан жергілікті
ережелерге және осы нұсқаулықта берілген нұсқауларға сәйкес
орындалуы тиіс.
• Сым өткізу үшін тек көрсетілген кабельдерді пайдаланыңыз.
Сымдарды жалғау жұмыстары клемма қосылымдарында ешқандай
кернеу болмай, сенімді түрде жасалуы керек. Сондай-ақ, кабельдерді
ешқашан сымдарға бекітпеңіз (егер осы құжатта басқаша көрсетілмесе).
Осы нұсқауларды орындамау қызып кетуге немесе өртке әкелуі мүмкін.
• Кондиционерді орнату немесе орнын аустыру не оған қызмет көрсету
кезінде суық агент желілерін толтыру үшін тек сыртқы блокта жазылып
көрсетілген суық агентті пайдаланыңыз. Оны басқа суық агентпен
араластырмаңыз және желілерде ауаның қалуына жол бермеңіз.
Егер ауа суық агентпен араласса, онда бұл суық агент желісіндегі
жоғары қысымға себеп болуы мүмкін және жарылыс пен басқа да
қауіптерге әкелуі мүмкін.
Осы жүйеге арналған суық агенттен басқа суық агентті пайдалану
салдарынан механикалық зақым келіп, жүйе ақаулы болып, құрылғы
бұзылады. Ең ауыр жағдайда, ол өнімнің қауіпсіздігіне елеулі шамада
қатер төндіруі мүмкін.
• Аспап электр сымдары жүйесінің ұлттық қағидаларына сәйкес
орнатылуы тиіс.
• Егер қауіпсіздікке жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе
одан құрылғыны пайдалануға қатысты нұсқау алмаған болса, бұл
құрылғы физикалық, сезу немесе ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі
немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар (балаларды қоса)
тарапынан пайдаланылуға арналмаған.
• Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалау керек.
•
Құрылғы электр жабдығының қақпағы мықтап бекітілген болуы керек.
• Егер қуат сымы зақымдалса, қауіптің алдын алу мақсатында оны
өндіруші, оның қызмет көрсету агенті немесе сондай білікті қызметкер
ауыстыруы керек.
• Тек Mitsubishi Electric тарапынан рұқсат етілген керек-жарақтарды
пайдаланыңыз және дилерден немесе өкілетті техник маманнан
оларды орнатуды сұраңыз.
• Орнату аяқталғаннан кейін, суық агенттің ағып кетпегенін тексеріңіз.
Егер суық агент бөлмеге ағып кетіп, жылытқыштың жалынымен немесе
портативті пісіру алаңымен жанасса, улы газдар шығады.
• Өндіруші ұсынғандардан басқа, еріту немесе тазарту процесін
жылдамдатуға арналған құралдарды пайдаланбаңыз.
•
Құрылғы тұрақты түрде жанып тұратын көздер (мысалы: ашық жалын,
газ құрылғысы немесе электр жылытқыш) жоқ бөлмеде сақталуы керек.
• Теспеңіз немесе күйдірмеңіз.
1. Қауіпсіздік шаралары...............................................................................
1
2. Орнату орны .............................................................................................3
3. Ішкі блокты орнату ...................................................................................
4
4. Суық агент құбырын орнату ....................................................................
5
5. Дренажды құбырлармен жұмыс .............................................................
7
6. Электрлік жұмыс ......................................................................................
8
7. Сынақ ......................................................................................................
17
8. Оңай техникалық қызмет көрсету функциясы .....................................
19
RG79F531H01_03kk.indd 1
2021/5/6 14:22:35
056
Содержание PUZ-ZM100YKA
Страница 137: ...A4_white_tombo indd 1 2018 08 09 14 11 29 137 ...
Страница 138: ...A4_white_tombo indd 1 2018 08 09 14 11 29 138 ...
Страница 139: ...A4_white_tombo indd 1 2018 08 09 14 11 29 139 ...