![Mitsubishi Electric MSZ-AP60VG Скачать руководство пользователя страница 48](http://html.mh-extra.com/html/mitsubishi-electric/msz-ap60vg/msz-ap60vg_operating-instructions-manual_1810553048.webp)
KK-14
● ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ ●
KK
Осы бөлімдер бойынша тексеріс орындалып, жабдық ақаудан кейін əлі де қалпына
келмесе, ауа салқындатқышты пайдалануды тоқтатып, дилерге хабарласыңыз.
Белгілері
Түсіндірме жəне тексеру орындары
Ішкі жабдық
Жабдық жұмыс істемейді.
• Ажыратқыш қосылған ба?
• Қуат көзінің ашасы жалғанған ба?
• ҚОСУ таймері орнатылған ба?
10-бет
Көлденең қалақша
қозғалмайды.
• Көлденең қалақша мен тік қалақша дұрыс
орнатылған ба?
• Желдеткіш қабы зақымдалған ба?
• А ж ы р а т қ ы ш қ о с ы л ғ а н д а , к ө л д е н е ң
қалақшалардың күйі шамамен бір минут ішінде
қайта орнатылады. Қайта орнату аяқталғаннан
кейін, көлденең қалақшалардың қалыпты
жұмысы қалпына келеді. Дəл осындай əрекет
апаттық салқындату жұмысында да орындалады.
Қайта іске қосылғаннан кейін жабдық
шамамен 3 минут жұмыс істемейді.
• Бұл микропроцессордың нұсқауларына
сəйкес жабдықты қорғайды. Күтіңіз.
Ішкі жабдықтың ауа
шығысынан тұман шығады.
• Жабдықтан шығатын салқын ауа бөлмедегі
ауаны жылдам салқындатып, тұманға айналады.
КӨЛДЕНЕҢ ҚАЛАҚШАНЫҢ
тербелісі аз уақытқа тоқтап,
содан соң қайта іске қосылады.
• Бұл КӨЛДЕНЕҢ ҚАЛАҚШАНЫҢ тербелу
жұмысының қалыпты орындалуына қажет.
COOL/DRY/FAN режимінде
SWING параметрі
таңдалғанда, төменгі көлденең
қалақша қозғалмайды.
• COOL/DRY/FAN режимінде SWING параметрі
таңдалғанда төменгі көлденең қалақшаның
қозғалмауы қалыпты жағдай болып
табылады.
Жұмыс барысында ауа
ағынының бағыты өзгереді.
Қашықтан басқару пульті
арқылы көлденең қалақшаны
тікелей реттеу мүмкін емес.
• Жабдық COOL немесе DRY режимінде
тұрғанда, 0,5–1 сағат бойы ауа үрлеп жұмыс
істеп тұрса, су конденсацияланбауы жəне
тамшыламауы үшін ауа ағынының бағыты
жоғарғы күйге автоматты түрде орнатылады.
• Ж ы л ы т у ж ұ м ы с ы н д а а у а а ғ ы н ы н ы ң
температурасы тым төмен болса немесе мұзды
еріту орындалып жатқан кезде көлденең қалақша
көлденең күйге автоматты түрде орнатылады.
Жылыту жұмысында жұмыс
шамамен 10 минутқа
тоқтайды.
• Сыртқы жабдық мұз еріту режимінде.
Бұл ең көбі 10 минут уақыт алады, күтіңіз. (Сыртқы
температура тым төмен жəне ылғалдылық тым
жоғары болса, қырау пайда болады.)
Негізгі қуат қосылып, бірақ
қашықтан басқару пультінен
белгі алмаған кезде жабдық
өзімен өзі іске қосылады.
• Бұл модельдер автоматты іске қосу
функциясымен жабдықталған. Қашықтан
басқару пультімен жабдықты тоқтатпастан
негізгі қуат өшіп, қайта қосылған кезде жабдық
негізгі қуат өшу алдында қашықтан басқару
пультімен орнатылған режимде автоматты
түрде іске қосылады. «Автоматты қайта іске
қосу функциясы» бөлімін қараңыз.
10-бет
Екі көлденең қалақша
бір-біріне тиеді. Көлденең
қалақшалар қалыпты емес
күйде. Көлденең қалақшалар
дұрыс «жабық күй»
параметріне оралмайды.
Келесі əрекеттердің бірін орындаңыз:
• Ажыратқышты өшіріп, қосыңыз. Көлденең
қалақшалар дұрыс «жабық күй» параметрінде
екенін тексеріңіз.
• Апаттық салқындату жұмысын іске қосып,
тоқтатыңыз, содан соң көлденең қалақшалар дұрыс
«жабық күйі» параметріне жылжитынын тексеріңіз.
COOL/DRY режимінде бөлме
температурасы орнатылған
температураға жақындағанда,
сыртқы жабдық өз жұмысын
тоқтатып, ішкі жабдық төмен
жылдамдықта жұмыс істей бастайды.
• Бөлме температ урасы орнатылған
температурадан ауытқыған кезде ішкі
желдеткіш қашықтан басқару пультіндегі
параметрлерге сəйкес іске қосылады.
Ішкі жабдықтың түсі уақыт өте
өзгереді.
• Пластик ультракүлгін жарығының немесе
температураның əсерінен сарғайғанымен,
ол өнімнің функцияларына əсер етпейді.
Жұмыс индикаторының шамы көмескі.
Жабдықтан дыбыстық сигнал шықпайды.
• NIGHT MODE (ТҮНГІ РЕЖИМ) жұмысы
орнатылған ба?
9-бет
Көп жүйе
Істеп тұрмаған ішкі жабдық
қызып, жабдықтан су ағынына
ұқсайтын дыбыс шығады.
• Жұмыс істеп тұрмаса да, хладагент аз
мөлшерде ішкі жабдыққа аға береді.
Жылыту жұмысы таңдалғанда,
жұмыс дереу басталмайды.
• Жұмыс сыртқы жабдықтың мұзын еріткеннен
кейін басталса, жылы ауаның шығуына
бірнеше минут (ең көбі 10 минут) кетеді.
Сыртқы жабдық
Компрессор істеп тұрса да, сыртқы
жабдықтың желдеткіші айналмайды.
Желдеткіш айнала бастаса да, ол
көп ұзамай тоқтайды.
• Салқындату жұмысы барысында сыртқы
температура төмен болса, жеткілікті
салқындату өнімділігін сақтап тұру үшін
желдеткіш үзіліспен жұмыс істеп тұрады.
Сыртқы жабдықтан су ағады.
• COOL жəне DRY режимдері барысында түтік немесе
түтіктің қосылым бөліктері салқын болады жəне бұл
судың конденсациялануына себеп болады.
• Жылыту режимінде, жылу алмастырғыштағы
конденсацияланған су төмен тамшылайды.
• Жылыту режимінде, мұз еріту операциясы
сыртқы жабдықта пайда болатын мұздың
еруіне жəне төмен тамшылауына əкеледі.
Сыртқы жабдықтан ақ түтін
шығады.
• Жылыту режимінде, мұз еріту операциясынан
пайда болатын бу ақ түтінге ұқсас.
Белгілері
Түсіндірме жəне тексеру орындары
Қашықтан басқару пульті
Қашықтан басқару пультіндегі
дисплей көрсетілмейді
немесе ол көмескі. Ішкі
жабдық қашықтан басқару
пультінің сигналына жауап
бермейді.
• Батареялардың қуаты біткен бе?
5-бет
• Батареялардың полярлығы (+, -) дұрыс па?
5-бет
• Басқа электрлік құрылғылардың қашықтан
басқару пультіндегі түймелер басылып жатыр
ма?
Салқындатпайды немесе жылытпайды
Бөлме жеткілікті түрде
салқындамайды немесе
жылымайды.
• Орнатылған температура параметрі дұрыс
па?
6-бет
• Орнатылған желдеткіш параметрі дұрыс па?
Желдеткіш температурасын High немесе
Super High режиміне өзгертіңіз.
7-бет
• Сүзгілер таза ма?
12-бет
• Ішкі жабдықтың желдеткіші немесе жылу
алмастырғышы таза ма?
• Ішкі немесе сыртқы жабдықтың ауа кірісі
немесе шығысы бітелмеген бе?
• Терезе немесе есік ашық па?
• Орнатылған температураға жету үшін біршама
уақыт кетуі мүмкін немесе бөлменің өлшеміне,
қоршаған орта температурасына жəне басқа
жағдайларға қарай орнатылған температураға
жетпеуі мүмкін.
• NIGHT MODE (ТҮНГІ РЕЖИМ) жұмысы
орнатылған ба?
9-бет
Бөлме жеткілікті түрде
салқындамайды.
• Бөлмеде желдету желдеткішін немесе
газ пешін пайдаланған кезде салқындату
жүктемесі артып, салқындату əсерінің
жеткіліксіздігіне əкеледі.
• Сыртқы температура жоғары болса,
салқындату əсері жеткілікті болмауы мүмкін.
Бөлме жеткілікті түрде
жылымайды.
• Сыртқы температура төмен болған кезде
жылыту əсері жеткілікті болмауы мүмкін.
Жылыту режимінде ауа тез
шықпайды.
• Күте тұрыңыз, жабдық жылы ауаны шығаруға
дайындалуда.
Ауа ағыны
Ішкі жабдықтан шығатын
ауаның иісі жағымсыз.
• Сүзгілер таза ма?
12-бет
• Ішкі жабдықтың желдеткіші немесе жылу
алмастырғышы таза ма?
• Жабдық қабырғаға, кілемге, жиһазға, киімге,
т.б. заттарға жабысқан иісті сорып, оны ауамен
бірге шығаруы мүмкін.
Дыбыс
Сатырлаған дыбыс естіледі.
• Бұл дыбыс температура өзгерісінен болатын
алдыңғы панельдің, т.б. заттардың кеңеюінен/
қысылуынан болады.
«Сақырлаған» дыбыс
шығады.
• Бұл дыбыс сору шкафын немесе желдеткішті
қосу арқылы сыртқы ауаны ағызу шлангісінен
жұтқан кезде естіледі, бұл ағызу шлангісіндегі
судың сыртқа ағуына себеп болады.
Сондай-ақ, қатты желден сыртқы ауа ағызу
шлангісіне қарай соққан кезде осындай дыбыс
шығады.
Ішкі жабдықтан механикалық
дыбыс шығады.
• Бұл желдеткішті немесе компрессорды қосу/
өшіру дыбысы.
Ағынды судың дыбысы
шығады.
• Бұл жабдықта ағып жатқан хладагенттің
немесе конденсацияланған судың дыбысы.
Кейде быжылдаған дыбыс
шығады.
• Жабдықтың ішіндегі хладагенттің ағыны
өзгергенде осындай дыбыс шығады.
Таймер
Апталық таймер
параметрлерге сəйкес жұмыс
істемейді.
•
ҚОСУ/ӨШІРУ таймері орнатылған ба?
10-бет
• Апталық таймердің параметр ақпаратын ішкі
жабдыққа қайта тасымалдаңыз. Ақпарат сəтті
алынғанда, ішкі жабдықтан ұзақ дыбыстық
сигнал шығады. Егер ақпарат алынбаса, қысқа
3 дыбыстық сигнал шығады. Ақпарат сəтті
алынғанын тексеріңіз.
11-бет
• Қуат өшіп қалса жəне негізгі қуат өшсе, ішкі
жабдықтың кірістірілген сағаты қате болады.
Нəтижесінде, апталық таймер дұрыс жұмыс
істемейді.
Қашықтан басқару пультін ішкі жабдық ала
алатын жерге қойыңыз.
5-бет
Жабдық жұмысты өзімен өзі
бастайды/тоқтатады.
• Апталық таймері орнатылған ба?
11-бет
Wi-Fi интерфейсі
Қосылым орнату немесе
жұмыс барысында қате пайда
болғанда.
РЕТТЕУ НҰСҚАУЛЫҒЫ құжатын қараңыз.
РЕТТЕУ НҰСҚАУЛЫҒЫ құжатын алу үшін
төмендегі веб-сайтқа өтіңіз.
http://www.melcloud.com/Support
А
ҚАУ ПАЙДА БОЛДЫ ДЕП ОЙЛАСАҢЫЗ
JG79Y567H02_03Kk.indd 14
2019/8/22 9:17:28