БАСТАПҚЫ ТІЛІ — АҒЫЛШЫН
KK-1
KK
ЕСКЕРТУ
Қуат сымын аралық нүктеге жалғамаңыз, ұзартқыш сымды
пайдаланбаңыз немесе бір айнымалы ток шығысына бірнеше
құрылғыны жалғамаңыз.
• Бұл шамадан тыс қызуға, өртке немесе электр тогының соғуына
себеп болуы мүмкін.
Қуат ашасының ластанбағанына көз жеткізіп, оны розеткаға
берік енгізіңіз.
• Ластанған аша өртке немесе электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін.
Қуат сымын бумаңыз, тартпаңыз, зақымдамаңыз немесе
өзгертпеңіз жəне оны қыздырмаңыз немесе оның үстіне ауыр
заттарды қоймаңыз.
• Бұл өртке немесе электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін.
• Бұл өнімде айналмалы бөлшектер мен электр тогының соғуына əкелуі
мүмкін бөлшектер пайдаланылатындықтан, пайдаланудан бұрын, осы
«Қауіпсіздік шаралары» құжатын оқып шығыңыз.
• Мұнда көрсетілген сақтық шаралары туралы бөлімдер қауіпсіздік үшін
маңызды болғандықтан, оларды міндетті түрде орындаңыз.
• Осы нұсқаулықты оқып шыққаннан кейін, пайдалануда ыңғайлы болуы
үшін, оны орнату бойынша нұсқаулық құжатымен бірге қолжетімді орында
сақтаңыз.
Белгілер мен олардың мағыналары
ЕСКЕРТУ:
Дұрыс пайдаланбау өлім жағдайлары, ауыр жарақат
жəне т.б. сияқты жоғары ықтималдылықтағы елеулі
қауіптердің туындауына себеп болады.
САҚ БОЛЫҢЫЗ: Дұрыс пайдаланбау жағдайға қарай елеулі дəрежеде
қауіп туындауына себеп болуы мүмкін.
Жұмыс барысында ажыратқышты ӨШІРМЕҢІЗ/ҚОСПАҢЫЗ
немесе қуат ашасын ажыратпаңыз/жалғамаңыз.
• Бұл ұшқын шығарып, өртке себеп болуы мүмкін.
• Ішкі жабдықты қашықтан басқару пультімен ӨШІРГЕННЕН кейін
ажыратқышты ӨШІРІҢІЗ немесе қуат ашасын ажыратыңыз.
Салқын ауа денеңізге ұзақ уақыт бойы тікелей əсер етпеуі тиіс.
• Бұл денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін.
Осы нұсқаулықта пайдаланылатын белгілердің
мағыналары
: Келесі əрекеттерді міндетті түрде орындамаңыз.
: Нұсқауды міндетті түрде орындаңыз.
: Ешқашан саусағыңызды немесе таяқ, т.б. секілді заттарды
салмаңыз.
: Ешқашан ішкі/сыртқы жабдықтың үстін баспаңыз жəне олардың
үстіне ештеңе қоймаңыз.
: Электр тогының соғу қаупі бар. Абайлаңыз.
: Қуат ашасын розеткадан міндетті түрде ажыратыңыз.
: Қуатты міндетті түрде өшіріңіз.
: Өрт қаупі бар.
: Ешқашан ылғал қолмен ұстамаңыз.
: Жабдықтың үстіне ешқашан су бүркімеңіз.
Қ
АУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
М
АЗМҰНЫ
Ішкі жəне/немесе сыртқы жабдықта көрсетілетін белгілердің мағыналары
ЕСКЕРТУ
(Өрт қаупі бар)
Бұл жабдықта жанғыш хладагент пайдаланылады.
Хладагент ағып, отқа немесе қызып тұрған бөлшекке тисе, одан зиянды газ шығып, өртену қаупіне əкеледі.
Жұмысты бастаудан бұрын, ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ құжатын мұқият оқып шығыңыз.
Жұмыс істеуден бұрын, қызмет көрсету персоналы ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ жəне ОРНАТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
құжатын мұқият оқып шығуы керек.
Қосымша ақпарат ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ, ОРНАТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ сияқты құжаттарда қолжетімді.
■
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
1
■
УТИЛИЗАЦИЯЛАУ
3
■
ƏРБІР БӨЛШЕКТІҢ АТАУЫ
4
■
ЖҰМЫС АЛДЫНДА ДАЙЫНДАУ
5
■
ЖҰМЫС РЕЖИМДЕРІН ТАҢДАУ
6
■
ЖЕЛДЕТКІШ ЖЫЛДАМДЫҒЫН ЖƏНЕ АУА АҒЫНЫНЫҢ БАҒЫТЫН РЕТТЕУ
7
■
ҰЗАҚ ЖҰМЫС
8
■
ҚУАТТЫ ЖҰМЫС
8
■
I-SAVE ЖҰМЫСЫ
8
■
ҮНЕМДІ САЛҚЫНДАТУ ЖҰМЫСЫ
9
■
ТҮН РЕЖИМІНІҢ ЖҰМЫСЫ
9
■
ТАЙМЕР ЖҰМЫСЫ (ҚОСУ/ӨШІРУ ТАЙМЕРІ)
10
■
АПАТТЫҚ ЖҰМЫС
10
■
АВТОМАТТЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСУ ФУНКЦИЯСЫ
10
■
АПТАЛЫҚ ТАЙМЕР ЖҰМЫСЫ
11
■
ТАЗАЛАУ
12
■
Wi-Fi
ИНТЕРФЕЙСІН РЕТТЕУ (ТЕК VGK ТҮРІ)
13
■
АҚАУ ПАЙДА БОЛДЫ ДЕП ОЙЛАСАҢЫЗ
14
■
АУА САЛҚЫНДАТҚЫШ ҰЗАҚ УАҚЫТ ПАЙДАЛАНЫЛМАЙТЫН КЕЗДЕ
15
■
ОРНАТЫЛАТЫН ОРЫН ЖƏНЕ ЭЛЕКТРЛІК ЖҰМЫС
15
■
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
16
JG79Y567H02_03Kk.indd 1
2019/8/22 9:17:22