МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
3
ҚАЗАҚ ТІЛІ
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУДАН БҰРЫН БАРЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ.
Қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін жəне өнімнің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін, əрдайым
келесідей сақтық шараларына сай əрекет етіңіз
ЕСКЕРТУ
Нұсқауларды елемеген жағдайда ауыр жарақат не өлім орын алуы мүмкін
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
Нұсқаулар елемеген жағдайда, жеңіл жарақат алуыңыз не өнім зақымдалуы мүмкін
ЕСКЕРТУ
• Біліктілігі жоқ тұлғалардың орнатуы немесе жөндеуі сізге жəне басқаларға қауіп төндіруі мүмкін.
• Орнату жұмысы электр жабдығын орнатудың ұлттық ережелеріне сəйкес білікті жəне өкілетті мамандар
тарапынан орындалуы қажет.
• Нұсқаулықта қамтылған ақпарат қауіпсіздік процедураларымен таныс жəне тиісті құралдар мен
диагностикалық аспаптармен жабдықталған білікті техника маманының пайдалануына арналған.
• Осы нұсқаулықтағы барлық нұсқауларды мұқият оқымау жəне оларды орындамау жабдықтың бұзылуына,
мүліктің зақымдалуына, жеке жарақатқа жəне/немесе өлімге əкеліп соғуы мүмкін.
Орнату
• Əрдайым жерге тұйықтаңыз. Əйтпесе, электр тогының соғуына əкелуі мүмкін.
• Зақымдалған қуат кабелін пайдаланбаңыз. Əйтпесе, өрттің не электр тогының соғуына əкелуі мүмкін.
• Өнімді орнату үшін əрқашан қызмет көрсету орталығына не кəсіби орнату агенттігіне хабарласыңыз.
Əйтпесе, өрттің шығуына, электр тогының соғуына, жарылысқа немесе жарақаттануға себеп болуы
мүмкін.
• Электр бөлігінің жабынын ішкі құрылғыға, ал сервис тактасын сыртқы құрылғыға мықтап бекітіңіз. Ішкі
блоктың электротехникалық бөлшегінің қақпағы жəне сыртқы блоктың электр тұстамасы берік тіркелмесе,
шаң, су т.б. жағдайларға байланысты өрттің немесе электр тогының соғуына алып келуі мүмкін.
• Əрдайым жерге жылыстаудан қорғау функциясы бар автоматты ажыратқышы мен арнайы тарату
құрылғысын орнатып отырыңыз. Орнатылмаған жағдайда, өрт пен электр тогының соғуына алып келуі
мүмкін.
• Жанғыш газдарды не тұтанатын заттарды ауа салқындатқышының жанында ұстамаңыз немесе
пайдаланбаңыз. Əйтпесе, өрттің пайда болуына немесе өнімнің бұзылуына алып келуі мүмкін.
• Сыртқы құрылғының монтаждық жақтауының ұзақ уақыт пайдалану себебінен зақымдалмауын
қамтамасыз етіңіз. Бұл жарақат алуға немесе жазатайым оқиғаға алып келуі мүмкін.
• Өнімді жорамалдап бөлшектемеңіз не жөндемеңіз. Бұл өрттің пайда болуына не электр тогының соғуына
алып келуі мүмкін.
• Өткізу сынағын немесе ауамен айдауды орындау кезінде вакуум сорғысын немесе Инертті (азот) газды
қолданыңыз. Ауаны немесе оттегіні сықпаңыз жəне тұтанғыш газдарды пайдаланбаңыз. Əйтпесе ол өртке
немесе жарылысқа себеп болуы мүмкін. Жарақат алу, өлім, өрт не жарылыс қаупі бар.
• Өнімді құлап қалу ықтималдығы бар жерге орнатпаңыз. Əйтпесе, адамның жарақаттануына себеп болуы
мүмкін.
• Өнімді қаптамадан шығарғанда жəне орнатқан кезде сақтық шараларын қолданыңыз. Өткір шеттер
жарақаттануға алып келуі мүмкін.
!
!
!
Содержание UU49WC1
Страница 133: ......