49
KZ
Нұсқаулық
артыңызда қалатындай етіп орналастыру керек.
[F12]
∙
Құралды тек жұмысқа әбден жарамды үкйінде
ғана пайдаланыңыз, оны берік, екі қолыңызбен
ұстаңыз. Құралды оңға қарай ұстаңыз, қажетті
аралықты сақтаңыз.
∙
Шынжыр араланатын затпен жанаспас бұрын
толық екпін алуы керек. Қажетті жағдайда құралды
тісті тежелімді (8) пайдалана отырып ағашқа немесе
қолайлы беткейге орналастыруға болады. Мұндай
қалыпта жұмыс істейтін құралды тұтқасынан демеп
ұстаңыз.
∙
Бұталарды, бұтақтарды аралау барысында
құралды тісті тежелімді (8) ұстай отырып
жылжытыңыз. Мұндай заттарды кесіп, аралау үшін
құралды сәл артқа жылжытуға болады. Құралды
араланушы заттан толығымен ажыратуға болмайды.
∙
Аралау барысында құралға күш түсірмеңіз.
Шынжырдың еркін айналып, бос жұмыс жасауына
мүмкіндік беріңіз, тек құралдың тісті тежелімді (8)
тұтқа ретінде ұстай отырып, шамалы басып отыруға
болады.
∙
Құралды ешқашан қару ретінде пайдалануға
болмайды. Ағашқа міне тұрып құралмен жұмыс
жасауға қатаң түрде тыйым салынады. Құралды
өзіңіздің иығыңыздан жоғары деңгейде ұстамаңыз.
∙
Көзделген нәтижеге шынжырдың айналу
жылдамдығын өзгертпей-ақ қол жеткізуге болады.
∙
Аралау аяқталуға шақ қалған мезетте өте сақ
болыңыз. Араланушы заттан құралды ажырату
барысында аяқты абайсызда жаралап алу қауіпі
артады.
∙
Құралды араланушы материалдан шынжырды
қатар жылжыта отырып қана ажыратыңыз.
Ағаш бөренелерді аралау [F13]
∙
Ағаш бөренелерді немес басқа да араланушы
заттарды жұмыс барысында ара қысылып
қалмайтындай етіп орналастырыңыз, келесі
сызбаны қараңыз.
∙
Ағаштың ұсақ не қысқа бөліктері тегіс жерге
қойылуы шарт, не болмаса оларды қосымша
құрылғылар көмегімен бекітіп, қыстыруға болады.
∙
Аралауға және өңдеуге таек ағаш заттар ғана
жатады. Құралдың тас, шеге сынды заттармен
жанасуына жол бермеңіз, себебі құрал істен шығуы
мүмкін.
∙
Аралауыш шынжырды істен шығармас үшін
құралмен қорғандарға, қоршауларға жанасуға
болмайды.
∙
Жіңішке бұталарды кесуге аталмыш құралды
пайдалануға болмайды.
∙
Көлденең-тік аралау барысында аса сақ болу
керек, себебі мұндай аралау барысында құралдың
тісті тежелім (8) қолданылмайды. Құралды тік бұрыш
жасай отырып ұстаңыз. Құралдың жұмыс барысында
сөніп қалуына жол бермеңіз.
∙
Бұрыштап кесу барысында аралау бұрышынан
биік орналасыңыз немес араланушы заттың бір жақ
жанына орналасыңыз.
∙
Бұталар, тас, шеге және т. б. Заттар төндіретін
қауіпке назар аударыңыз.
∙
Механикалық өңделген бөренені аралау [F14]
Бұтаөтар, бұталар алдын ала жойылып, механикалық
өңдеу жасалған ағаштар мен бөренелерді аралау
барысында аса абай болыңыз. Мұндай жағдайда
құрал тайып кетсе немесе сырғып кетсе жараланып
қалуыңыз мүмкін.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Әдетте
мұндай жұмыс түрлерін арнайы
дайындалған мамандар атқарады.
∙
Егер бөрене екі жағынан бекітілген болса
(сол жақтағы суретке қараңыз),онда бастапқы
аралауды үстінен бастаңыз (A) да, оны бөрене
қалыңдығының үштен бір бөлігіне дейін жеткізіңіз,
содан соң аралауды дәл сол жерден (B) бастап
жалғастырыңыз. Ара шынжырын (6) жерге тигізбеу
өте маңызды.
∙
Егер бөрене тек бір жағынан ғана бекітілген
болса (оң жақтағы суретке қараңыз), алдымен белгі
(A) жасап алыңыз, содан соң осы белгіден бастап
аралаңыз (B). Осылайша құралдың бұзылуына және
ағаштың жаңқалануына жол бермеуге болады.
Ағаштарды шабу [F15]
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ағаштарды
кесу барысында құлайтын және
сынатын бұтақтардан басты қорғау
үшін үнемі каска киіңіз.
∙
Бұл құрал диаметрі кескіш шина (7) ұзындығынан
артық болмайтын бөренелерді аралауға арналған.
∙
Жұмыс алаңын қауіпсіздендіріңіз.
∙
Ағаш өзегінде қыстырылып қалған құралды
қосылып тұрған күйінде өз еркіңізбен алып шығуға
тырыспаңыз, шынжырды (6) босатып, құралды
ажырату үшін ағаш кесектерді пайдаланыңыз.
Есіңізде болсын: жұмыс басталмас бұрын
алдын ала ағаш құлайтын жерді ойластырыңыз;
жел бағытына және ағаштың бұталарына назар
аударыңыз.
∙
Өңделуші ағаштағы (A) белгілеріне назар
аударыңыз. Белгінің тереңдігі ағаш диаметрінің
Содержание CHS-2000
Страница 4: ...4 4 13 15 5 6 7 8 10 2 9 1 14 11 12 3 16 CHS 2000 ...
Страница 5: ...5 max 3 4 mm 20 18 11 12 15 21 18 20 23 22 23 19 17 F8 F1 F3 F5 F7 F2 F4 1 2 F6 ...
Страница 6: ...6 A C B 45 F11 F12 F14 F10 F15 F13 F9 ...
Страница 7: ...7 ...
Страница 78: ......
Страница 79: ......