45
KZ
Нұсқаулық
кірпіш пен цементтің құрамына кіретін кварц,
химиялық реагенттермен өңделген араланушы
материалдар құрамындағы күшән және хром, басқа
да зиянды заттар. Аталған химиялық заттардың әсер
ету қаупі олармен жұмыс жасау жиілігіне
байланысты.
Олардың зиянды әсерін төмендету үшін жақсы
желдетілетін жерде жұмыс істеңіз және қолдану
үшін бекітілген ЖҚҚ, мысалы, микроскопиялық
бөлшектерді сүзуге арналған шаңға қарсы
респираторларды пайдаланыңыз.
∙
Құралдың астына бөгде заттар түскен жағдайда
құралдың ақаусыз екендігін тексеріңіз және қажетті
жөндеу жұмыстарын жүзеге асырыңыз.
∙
Шамадан тыс діріл пайда болса жедел арада
қозғалтқышты сөндіріңіз және себебін анықтаңыз.
Діріл ақаудың белгісі болып табылады.
∙
Жұмыс орнынан кетпес бұрын, құралды жөндеу,
тексеру немесе тазарту алдында оны сөндіріңіз және
толығымен тоқтағанша күте тұрыңыз.
∙
Құралдың ішкі бөлшектерін алып тастауға
немесе өзгертуге тыйым салынады.
Қауіпсіздік
техникасы
бойынша
ерекше
ережелер
Ұқыпсыз немесе дұрыс емес қолданған жағдайда
шынжырлы ара қауіпті болып табылады және ауыр,
тіпті өлімге соқтыратын зақым келтіруі мүмкін.
Сондықтан қауіпсіздік техникасының барлық
ережелерін түсінудің маңызы зор. Шынжырлы араны
қолдану және қызмет ету тәртібімен танысқан,
оны дұрыс қолдана білетінін көрсете алатын адам
пайдалануы тиіс. Механизмді балалар немесе
жасөспірімдердің қолдануына тыйым салынады.
Оператор және (немесе) құралдың иесі қауіптің
барын, сондай-ақ үшінші адамға немесе оның
мүлкіне зиян келіп, жазатайым оқиғаның орын алуы
мүмкін жағдайлар үшін жауапты екенін түсінуі тиіс.
Қауіпсіздік жабдықтарын қолдану
∙
Әрқашан
сертификатталған
қауіпсіздік
жабдықтарын киіңіз. Ол жарақат алу қаупін
толығымен жоққа шығармаса да, қайғылы жағдай
орын алған жағдайда, жарақаттың ауыртпалығын
бәсеңдетеді.
∙
Қауіпсіздік
каскасын
қолданыңыз,
есту
мүшелері үшін қауіпсіздікті сақтаңыз, қорғаушы
көзілдірікті немесе бетпердені қолданыңыз; арадан
сақтандыратын қорғаныс қолғаптарын және қорғаныс
қабаты бар шалбарды киіңіз, болат тұмсықты және
сырғымайтын ұлтанды мықты аяқ киім киіңіз. Жалпы
ережелерге сәйкес, киім денеге жабысып тұруы керек,
бірақ қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей болуы керек.
∙
Ара шынжырының өткір жиектерімен байланыс
кезіндегі жарақаттардан аман болу үшін, қорғаныс
қолғаптарын ара шынжырын жинау не тексеру
кезінде және жұмыс кезінде де киіп жүрген жөн.
∙
Бұл құрылғыны қолдану барысында сіз өзіңізбен
алып жүруіңіз керек: ұсынылған құралдар мен
папканы, дұрыс сақталатын, шынжырға арналған
жанармай мен майды, жұмыс істеу зонасын
белгілейтін жабдықтарды (арқан, сақтандыратын
белгілерді…), ысқырықты (байланыс орнату немесе
төтенше жағдай туралы хабарлау үшін), қол балта
немесе қол араны (кедергілерден құтылу үшін),
сонымен қатар алғашқы медициналық көмек
көрсетуге арналған жиынтықты.
Жұмыс шарты
∙
Шынжырлы арамен жұмыс жасау алдында
айналаңызда жақын жерде адамдардың не
жануарлардың жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Бөтен
адамдардың бәрін қауіпсіз аралықта ұстаңыз.
Жануарлар, адамдар, нәрселер сіздің шынжырлы
араңыздан
алыстау
орналасқанына
көңіл
аударыңыз (немесе құлап бара жатқан ағаштардан
зақымданбауына көңіл аударыңыз)
∙
Жаныңызда сіздің жұмысыңызға кедергі
келтіретін заттардың жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
∙
Шынжырлы араны бұзылған ауа райында
қолданбаңыз, мысалы, қалың тұманда, нөсер
жаңбырда, күшті жел кезінде және т.с.с.
∙
Жұмыс жасау зонасында орын ауыстыруға тура
келген жағдайда айналаңызда кедергілердің жоқ
екеніне көз жеткізіңіз, мысалы, тамырлар, үлкен
тастар, бұтақтар және т.с.с.
∙
Бұл машинаны қолданғанда әрқашан тиісті
тепе-теңдікті және тұрақты қалыпты сақтаңыз.
Аяғыңыздың астында сіздің құлап кетуіңізге немесе
тепе-теңдігіңізді жоғалтуыңызға әкелетіндей ештеңе
жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
∙
Еңіс жерлерде жұмыс істегенде өте сақ болыңыз.
∙
Мүмкін болатын қауіпті жағдайда тез арада шара
қолдану үшін қоршаған ортаны мұқият қадағалап
отырыңыз.
Қуат көзіне қосылу
∙
Машинаның
кесетін
бөлшектері
жұмыс
істеп жатқан тұста шоғырсымның болмауын жіті
қадағалаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электрлі
шоғырсымды
бекітіңіз.
Бұл
техникалық қауіпсіздіктің міндетті
шарты болуы қажет. Шоғырсымды
[F1] бекіту үшін бекіткіш ілмекті (15)
пайдаланыңыз.
Содержание CHS-2000
Страница 4: ...4 4 13 15 5 6 7 8 10 2 9 1 14 11 12 3 16 CHS 2000 ...
Страница 5: ...5 max 3 4 mm 20 18 11 12 15 21 18 20 23 22 23 19 17 F8 F1 F3 F5 F7 F2 F4 1 2 F6 ...
Страница 6: ...6 A C B 45 F11 F12 F14 F10 F15 F13 F9 ...
Страница 7: ...7 ...
Страница 78: ......
Страница 79: ......