42
KZ
Нұсқаулық
АБАЙЛАҢЫЗ! Сығымдалған ауаны
тарататын
бөлшектердің
үстіңгі
бетінен күйіп қалу тәуекелі бар! Ыстық
үстіңгі беттерге немесе бөлшектерге
қол тигізбеңіз. Қызмет көрсетер
алдында құралды салқындатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ!
Компрессордағы
ауаны тікелей немесе компрессорға
қосылған
демалатын
құрылғы
арқылы ешқашан жұтпаңыз. Жұмысты
жақсы желденетін жерде жүргізіңіз.
∙
Қорғаушы
жабдықтарды
пайдаланыңыз!
Қорғаушы құлаққаптарды қолданыңыз. Қорғаушы
көзілдірікті қолданыңыз Егер құралдың жұмысы
барысында денсаулық үшін зиянды шаң түзілсе,
онда шаңнан респираторлы бетпердені пайдалаңыз.
∙
Назар аударыңыз: қысым минимумға дейін
түскен кезде сығымдағыш автоматты түрде іске
қосылады! Қызмет көрсетер алдында құралды қорек
көзінен ажыратыңыз. Құралды желіге қосулы күйінде
ғана іске қосыңыз. Құралды жалғап қосу немесе
ажырату алдында оны сөндіріңіз.
∙
Ауа қабылдағыш цилиндр қысым астында болған
кезде жалғастырғыш бөлшектерді бұрамаңыз.
∙
Цилиндрдің
ішінде
сығылған
ауаны
қалдырмаңыз. Егер цилиндрден ауа шығарылмаған
болса сығымдағышты тапсыруға немесе сақтауға
тыйым саалынады.
∙
Жұмыс
аяқталған
соң
сығымдағыштың
салқындауын күте тұырыңыз. Тек осыдан кейін
ғана сығымдағышты жабуға немесе оны қорғаныш
қаптамаға салуға болады.
∙
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Компрессор электр
қуат беру көзіне барынша жақын орналасуы
тиіс. Бұл бұйыммен ЕШҚАШАН ұзартқыш сымды
қолданбаңыз. Электрмен жабдықтауды жоғалтпау
және қозғалтқыш қатты зақымданбау үшін ұзартқыш
сымның орнына тығыздалған ауаға арналған
қосымша шлангты қолданыңыз.
∙
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұл құрылғы жерге
тұйықталуы қажет! Электрлі жерге тұйықталу: бұл
бұйым жерге дұрыс тұйықталмаған жағдайда электр
тоғымен зақымдану кезінде қатты жарақатқа немесе
өлімге соқтыруы мүмкін.
ҚОРАПСЫЗДАНДЫРУ
Қаптан алу кезінде барлық бөлшектердің түгел
екендігіне көз жеткізіңіз. Соңғы беттегі жинақтау
сызбасын қараңыз. Қандай да болмасын бөлшектер
бомаған жағдайда немесе ақаулы болған жағдайда
IVT қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.
ЖИНАҚТАУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Келесі операцияларды орындаған кезде бекіткіш
бөлшектерді тартып бұрау кезінде шамадан тыс
күш салмаңыз. Әйтпесе кесуші жалғастырғыштар
зақымдалуы мүмкін.
Маңызды! Құрылғыны бірінші рет қолданбас
бұрын сіз оны толықтай жинауыңыз қажет.
Дөңгелектер (23) мен рәзіңке аяқтардың (21)
монтажы [F1]
Егер дөңгелектер (23) бұйымға орнатылмаған болса,
қаптаманы ашқан соң дөңгелектер (23) мен рәзіңке
аяқтарды (егер бар болса) тиісінше орнатыңыз.
Ауа сүзгісін орнату (18)
Егер ауа сүзгісі (18) орнатылмаған болса, оны орнатыңыз.
∙
Алдымен бұрауыштың немесе соған ұқсайтын
құралдың көмегімен тасымалдайтын тіректі шешіп
алыңыз, сонан соң ауа сүзгісін (18) цилиндрдің
басына жақсылап бұрап бекітіңіз.
ҚОЛДАНУДЫ БАСТАУ
Қоректендіргіш кернеуінің мәні құралдың құжаттық
мәліметтерінде көрсетілген төлқұжаттық деректерге
сай болу керек.
Май деңгейін тексеру
АБАЙЛАҢЫЗ! ҚҰРЫЛҒЫНЫ БІРІНШІ
РЕТ ҚОСУ АЛДЫНДА тығын-
сапунды орнату қажет. Май құятын
саңылаудан
тасымалдайтын
пластмассалы бітеуішті (ол тек
қана тасымалдау кезінде қорғаныс
үшін қажетті) шығарып, оны май
багінің тығынымен (сапунмен) (14)
алмастырыңыз.
Жұмысты бастар алдында, сондай-ақ жұмыс
барысында маңдай терезешігі арқылы (17) бактағы
май деңгейін тексеру қажет.
Егер жанармай деңгейі төмен болса, сығымдағышты
толтырыңыз.
1. Сығымдағышты таза тегіс жерге орнатыңыз.
2. Май багы тығынының (14) айналасын матамен
сүртіңіз және тығынды алып шығыңыз.
3. Бакты маймен толтырыңыз (максималды деңгей
белгілерінен асырмаңыз).