50
Консервілеу
Консервілеу кезінде банкалар мен резеңке сақиналар таза және
ақаусыз болуы керек. Банкалардың көлемі мүмкіндігінше бірдей
болуы керек. Кестелерде келтірілген мәндер дөңгелек бір литрлік
банкалар үшін дұрыс.
Назар аударыңыз
Тым үлкен және биік банкаларды пайдаланбаңыз. Әйтпесе
қақпақтар жарылуы мүмкін.
Тек бүлінбеген жемістер мен өнімдерді пайдаланыңыз. Оларды
мұқият жуыңыз.
Кестелердегі уақыт мәндері шамамен берілген. Оларға бөлме
температурасы, банкалардың мөлшері, олардың құрамының
массасы мен жылуы әсер етуі мүмкін. Температураны ауыстыру
немесе құрылғыны өшіру алдында банкалардағы көпіршіктер
пайда болып жатқанына көз жеткізіңіз.
Дайындау
1. Банкаларды толтырыңыз, бірақ ернеулеріне дейін емес.
2. Банкалардың ернеулерін сүртіңіз, олар таза болуы керек.
3. Әр банкаға резеңке сақинаны және қақпақты қойыңыз.
4. Банкаларды скобалар көмегімен жабыңыз.
Жұмыс камерасына алтыдан көп банка қоймаңыз.
Реттеу
1. Әмбебап табаны 2-деңгейге орнатыңыз. Банкаларды бір-біріне
тимейтіндей орнатыңыз.
2. Әмбебап табаға ½ литр ыстық су (шамамен 80 °C) құйыңыз.
3. Духовка шкафының есігін жабыңыз.
4. Төменгі ыстық
$
режимін орнатыңыз.
5. 170 - 180 °C температурасын орнатыңыз.
Консервілеу
Жемістер
Шамамен 40 - 50 минуттан кейін қысқа уақыт аралықтарынан
кейін көпіршіктер көтеріле бастайды. Духовка шкафын өшіріңіз.
25 - 35 минут қосымша қыздырудан кейін банкаларды жұмыс
камерасынан міндетті түрде шығарыңыз. Банкаларды духовка
шкафында ұзағырақ салқындатқанда, оларға микробтар түсіп,
консервіленген жемістер ашып кетуі мүмкін.
Көкөністер
Банкаларда көпіршіктер пайда бола бастай сала температураны
қайтадан 120 °C деңгейінен 140 °C деңгейіне орнатыңыз. Бұл
шамамен 35 - 70 минут алады. Осы уақыт өткеннен кейін духовка
шкафын өшіріңіз және қосымша қыздыруды пайдаланыңыз.
Банкаларды шығару
Қайнату аяқталғаннан кейін банкаларды жұмыс камерасынан
шығарыңыз.
Назар аударыңыз
Ыстық банкаларды салқын немесе ылғалды бетке қоймаңыз.
Олар жарылуы мүмкін.
Азық-түліктегі акриламид
Акриламид көбінесе дәнді дақылдардан және картоптан
жасалған өнімдерде пайда болады, мысалы, картоп чипстерінде,
фри картобында, тосттарда, шағын бөлкелерде, нанда, көмеште
(кекстерде, печеньеде).
Бір литрлік банкалардағы жемістер
Көпіршіктер пайда болғаннан
кейін
Қосымша қыздыру
Алма, қарақат, құлпынай
өшіру
шамамен 25 минут
Шие, өрік, шабдалы, қарпыған
өшіру
шамамен 30 минут
Алма езбесі, алмұрт, алқоры
өшіру
шамамен 35 минут
Салқын судағы, бір литрлік банкалардағы көкөністер
Көпіршіктер пайда болғаннан
кейін
Қосымша қыздыру
Қияр
-
шамамен 35 минут
Қызылша
шамамен 35 минут
шамамен 30 минут
Брюссель орамжапырағы
шамамен 45 минут
шамамен 30 минут
Лобия, кольраби, қызыл қауданды орамжапырақ
шамамен 60 минут
шамамен 30 минут
Бұршақ
шамамен 70 минут
шамамен 30 минут
Құрамында акриламид бар тамақты әзірлеу туралы кеңестер
Жалпы
мәліметтер
■
Әзірлеу уақыты мүмкіндігінше қысқа болуы керек.
■
Тамақтардың түсі күңгірт емес, алтын түсті болуы керек.
■
Пісіріп жатқан тамақтың өлшемі неғұрлым үлкен болса, оны әзірлеу барысында
соғұрлым көбірек акриламид пайда болады.
Пісіру
Жоғарғы/төменгі ыстық макс. 200 °C.
3D ыстық ауа немесе ыстық ауа режимінде макс. 180 °C.
Печенье
Жоғарғы/төменгі ыстық макс. 190 °C.
3D ыстық ауа немесе ыстық ауа режимінде макс. 170 °C.
Жұмыртқа немесе жұмыртқаның сары уызы акриламидтің пайда болуын азайтады.
Духовка шкафындағы фри картобы
Табада біркелкі және бір қабат етіп орналастырыңыз. Фри картобы құрғап кетпеуі үшін
табада кемінде 400 г пісіріңіз