
19
ҚАЗАҚША
9.
Батырманы (16) басып су жіберуді қосыңыз
және көлемі шамамен 100 мл тостағанды
толтырыңыз, содан кейін суды жіберу үшін
батырманы (16) басыңыз, тостағандағы суды
төгіңіз.
10.
Біраз уақыттан кейін 9 тармақта көрсетілген
үрдісті қайталаңыз да, көлемі шамамен 100 мл
болатын шыныаяқты қайта толтырыңыз.
11.
Бу шығару батырмасын (17) басыңыз.
Каппучинатор - түтікше ұштамасының (6)
астына лайықты ыдысты қойыңыз және бу
шығаруды ашыңқыраңыз, ол үшін тұтқаны
(4) «OFF--- +» сағат тіліне қарсы бұраңыз.
Абайлылықты сақтай отырып, тұтқаны (4)
«OFF--- +» будың максималды шығу күйіне
бұрыңыз, шамамен 1 минут бу шығарыңыз,
тұтқаны (4) «OFF--- +» сағат тілі бойынша
«OFF» тіреуіне дейін бұрып, бу шығаруды
жабыңыз, батырманы (17) басу арқылы бу
шығаруды өшіріңіз.
12.
Қосу/сөндіру (15) батырмасын басу арқылы
кофеқайнатқышты өшіріңіз. 10-15 минут күтіңіз.
13.
9 және 10 тармақтарын кемінде 3 рет
орындаңыз.
14.
11 тармақта көрсетілген бу шығару каналдарын
тазартуды қайталаңыз.
15.
Арасына аз уақыт салып, бойлерді тазалау
үдерісін сыйымдылықтағы (3) лимон
қышқылының ерітіндісі толық біткенше
қайталаңыз (9 тармақ).
16.
Қосу/сөндіру (15) батырмасын басу арқылы
кофеқайнатқышты қосыңыз.
17.
Сыймдылыққа (3) максималды деңгейге дейін
таза су толтырыңыз және 9, 11 тармақтарын
кем дегенде 3 рет, арасына 10-15 минут үзіліс
салмай, қайталаңыз.
18.
Қосу/сөндіру (15) батырмасын басу арқылы
кофеқайнатқышты қосыңыз.
Ескертпе:
–
Қақты кетіру үшін кофеқайнатқыштар
мен кофе машиналардағы қақты кетіруге
арналған арнайы құралдарды оларды
пайдалану нұсқаулығын қатаң сақтай
отырып, қолдануға болады.
ТАЗАЛАУ
–
Сүзгіні (11) тазалау: сүзгіні ыдыс жуғыш
машинада жууға болады. Егер саңылаулары
ұсақталған кофенің шөгінділерімен бітеліп
қалса, сіз оларды кішкене қылшақтармен
тазалай аласыз.
–
Кофеқайнатқыш корпусын (5) жұмсақ, дымқыл
матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып
сүртіңіз. Метал қылшақтарды және қажайтын
тазалағыш құралдар мен еріткіштерді
қолданбаңыз.
–
Кофеқайнатқыш корпусын (5), желі бауын
және желі бауының ашасын суға немесе кез-
келген басқа сұйықтықтарға батыруға тыйым
салынады.
–
Кофеқайнатқыштың шешілмелі бөлшектерін
(3, 11, 12, 18) бейтарап жуу құралы бар жылы
сумен жуыңыз, шайыңыз және кептіріңіз.
Тамшыларға арналған табандық (8)
–
Табандықты (8) толтыру кезінде қызыл түсті
индикатор (10) қалқып шығады, ол табандық
(8) торының (9) ортасында орналасқан.
–
Торды (9) табандықтан (8) шешіп алыңыз,
табандықты (8) шешіп алыңыз және одан суды
төгіңіз табандықты орнына орнатыңыз, торды
(9) табандыққа (8) орнатыңыз.
–
Қажет болған жағдайда табандықты (8)
және торды (9) жұмсақ жуғыш зат қосыл-
ған сумен жуып, шайып және кептіруге
болады.
Ақаулықтар, олардың себептері мен жою жолдары
Ақаулық
Себебі
Жою әдісі
Кофеқайнатқыш
қосылмайды.
Желі розеткасында кернеу жоқ.
Желі бауының ашасы розеткаға
түбіне дейін тығылмаған.
Желі розеткасы жұмыс істеп тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Ашаның розеткаға түбіне дейін тығылып
тұрғанын тексеріңіз.
Кофеқайнатқыштың
төменгі жағынан су
ағады
Суға арналған табандық толып
кетті.
Табандықтағы суды төгіп тастаңыз
Сүзгі ұстағышынан
кофе ағады.
Сүзгі бойлердегі тығыздауышқа
тығыз жатпаған, ұнтақталған
кофе сүзгінің шеттеріне түскен.
Сүзгінің жиектерін тазалаңыз.