
17
ҚАЗАҚША
ЭСПРЕССО КОФЕСІН ӘЗІРЛЕУ
•
Буды беру жабық екеніне көз жеткізіңіз, ол үшін
«OFF--- +» тұтқасын (4) сағат тілі бойынша
«OFF»-қа тірелгенге дейін бұраңыз.
•
Сыйымдылықтағы (3) судың жеткілікті екеніне
көз жеткізіп алыңыз. Қажет болған жағдайда
қосымша су құйыңыз, бірақ, MAX белгісінен
асырмаңыз.
•
Кофеге арналған сүзгіні (11) ұстағышқа (12)
енгізіңіз.
•
Ұнтақталған кофені сүзгіге (11) салыңыз,
ұнтақталған кофені өлшегіш қасықтың (20)
артқы жағымен сәл тығыздаңыз.
•
Сүзгі ұстағышын (12) кофеқайнатқышқа
орнатыңыз. Ұстағыштың шығыңқылары (12)
бойлердің « » паздарына сәйкес келуі керек,
содан кейін сүзгі ұстағышының тұтқасын (14)
тірелгенге « » дейін оңға қарай бұраңыз.
•
Бір немесе екі шыныаяқты табандық (8)
торына (9) қойыңыз.
•
Желі бауының ашасын розеткаға салыңыз.
•
Қосу/өшіру батырмасын (15) «ON/OFF» басу
арқылы кофеқайнатқашты қосыңыз, осы
ретте батырманың жарығы (15) жанады, ал
батырманың (16) жарығы жыпылықтап тұрады.
•
Су жіберу батырмасының жарығы (16) тұрақты
жанғанға дейін күтіңіз, кофеқайнатқыш
жұмысқа дайын.
•
(16) батырмасын басу арқылы су беруді
қосыңыз, дайындалған кофенің шыныаяққа
толу процесін қадағалаңыз, су беруді сөндіру
үшін, батырманы (16) тағы бір рет басыңыз.
•
Кофеқайнатқышты қосу/өшіру батырмасын
(15) басу арқылы өшіріңіз, басқару
батырмаларының жарығы (15 және 16) өшеді.
•
Кофеварканың салқындауын күтіңіз және
сүзгі ұстағышын (12) шешіп алыңыз, ол
үшін тұтқаны (14) сол жаққа бұрыңыз « ».
Ұнтақталған кофе қалдықтарын жойыңыз және
сүзгіні (11) жуыңыз.
•
Кофе қалдықтарын шығарған кезде ыңғайлы
болу үшін ұстап тұрғышты (13) пайдаланыңыз,
оның көмегімен сүзгіні (11) ұстағыштан (12)
түсіп кетпеуі үшін бекітуге болады.
Ескертпе:
–
Пайдаланылатын шыныаяқтарды алдын
ала қыздырып алу қажет, бойлердегі су
қыздырылып жатқан кезде, шыныаяқты
алаңшаға (1) орнатыңыз.
–
Сүзгі ұстағышын жедел түрде шешу қажет
болса, бойлердегі қысымды төмендетіп,
кофеқайнатқышты қосу/өшіру батырмасын
(15) басып өшіру керек, капучинатор-
түтікшесі ұштамасының (6) астына лайық
тостағанды қойыңыз және бу шығаруды
сәл ашыңыз, ол үшін реттегішті (4)
«OFF--- +» сағат тіліне қарсы бұраңыз,
бойлердегі қысым түскеннен кейін, сүзгі
ұстағышын (12) шешіп алуға болады.
КАПУЧИНО ӘЗІРЛЕУ
Назар аударыңыз! Шығып жатқан буға күйіп
қалудан сақ болыңыз.
•
Бу реттегішінің тұтқасы (4) «OFF--- +», «бу
жіберу OFF сөндірулі» күйінде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
•
«
ЭСПРЕССО
ӘЗІРЛЕУ
»
тарауында
сипатталғандай, сүт немесе кілегей көбігін
қосуға жеткілікті көлемі бар шыныаяқта кофе
қайнатыңыз.
•
Бу шығару батырмасын (17) басыңыз,
батырманың жарығы (17) тұрақты жанғанға
дейін
күтіңіз.
Капучинатор-түтікшесі
ұштамасының (6) астына су жинауға арналған
кез келген қолайлы сыйымдылықты қойыңыз.
Түтікшеде (6) қалған конденсатты жою үшін бу
шығару тұтқасын (4) «OFF--- +» абайлап сағат
тіліне қарсы айналым ширегіне бұраңыз.
•
Конденсатты жойғаннан кейін бу беруді
жабыңыз, ол үшін (4) «OFF--- +» тұтқасын сағат
тілі бойынша «OFF» тіреуіне дейін бұраңыз.
Ескертпе: сүзгі ұстағышынан (12) немесе
бу шүмегінен будың немесе судың аз мөлшері
шығуы ықтимал, ол қалыпты құбылыс.
•
Капучинатор-түтікшесі ұштамасын (6) суық сүт
немесе кілегей құйылған стаканға салыңыз, бу
шығару реттегішінің тұтқасын (4) «OFF--- +»
абайлап сағат тіліне қарсы ширек немесе одан
көп айналымға бұраңыз. Ұштама (7) стакан
түбіне тимеуі керек, өйткені, олай болмаса
будың шығуы қиындай түседі, қалың көбік алу
үшін бірнеше секунд жеткілікті.
Ескертпе: – сүттің шайқалып төгілуіне жол
бермеу үшін әрқашан капучинатор-түтікшесі
ұштамасын (6) сүттің бетінен 1 см артық
тереңдікке салыңыз.
•
Шығып жатқан бу құйын түзеді, ол сүт
көбігінің пайда болуына септігін тигізеді, сүті
бар сыйымдылықты капучинатор-түтікше
ұштамасына (6) қатысты сүт көбігі пайда
болғанға дейін уақытылы көтеріп және түсіріп
тұрыңыз.
•
Тұтқаны (4) «OFF--- +» сағат тілі бойынша
тіреуіне «OFF» дейін бұрап, бу шығаруды
жабыңыз.