
18
ҚАЗАҚША
•
Бу шығару батырмасын (17) қайта басып, бу
шығаруды өшіріңіз.
•
Кофеқайнатқышты қосу/өшіру батырмасын
(15) басу арқылы өшіріңіз, басқару
батырмаларының жарығы (15 және 16) өшеді.
Ескертпе: – сүт көбігін алу үдерісі – өз алдына
бір өнер. Бірінші реттен көбік шықпауы да
мүмкін, қам жемеңіз және жақсы нәтижеге қол
жеткізгенге дейін тәжірибе жасаңыз.
МАҢЫЗДЫ:
–
Көбікті әзірлеуге арналған сүт балғын
және консервантсыз болуы маңызды,
яғни, ұзақ сақталатын сүт болмауы керек.
Майлылығы 4-тен 6%-ға дейінгі дәстүрлі майы
айырылмаған сүтті пайдаланылады, кілегейдің
майлылығы 10%-дан аз болмауы керек.
–
Сүтті немесе кілегейді шайқағаннан кейін
бірден капучинатор-түтікше ұштамасын (6)
тазалаңыз - ол үшін капучинатор-түтікше
ұштамасын (6) су құйылған стаканға түсіріңіз,
батырмаға (17) басып, бу шығаруды қосыңыз
және будың аз мөлшерін шығару үшін, бу
шуғару тұтқасын (4) «OFF--- +» сағат тіліне
қарсы бұраңыз, содан кейін сағат тілі бойынша
«OFF» тіреуіне дейін тұтқаны (4) «OFF--- +»
бұрап, бу шығаруды жабыңыз, бу шығару
батырмасын (17) басу арқылы бу шығаруды
өшіріңіз, кофеқайнатқышты өшіріңіз.
–
Кофеқайнатқыш суығанын күтіңіз және
ұштаманы түтік-капучинатордан (6) шешіп
алыңыз, түтік-капучинатордың (6) сыртын
дымқыл жұмсақ матамен сүртіңіз, ұштаманың
өзін ағын судың астында жуыңыз.
Ескертпе:
–
Кофені қайталап әзірлеу интервалы
5 минуттан кем болмауға тиіс.
СУСЫНДАРДЫ ҚЫЗДЫРУ
Түтік-капучинаторды (6) ұштамасыз сусыны бар
шыныаяққа салып сусындарыңызды қыздыра
аласыз.
•
Бу шығару батырмасын (17) басыңыз,
батырманың жарығы (17) тұрақты жанғанға
дейін күтіңіз.
•
Түтік-капучинаторды
(6)
ұштамасыз
қыздырғыңыз келетін сусыны бар шыныаяққа
салыңыз, сағат тіліне қарсы бу беру
реттегішінің тұтқасын (4) «OFF--- +» абайлап
бұраңыз.
•
Тұтқаны (4) «OFF--- +» сағат тілі бойынша
«OFF» тіреуіне дейін бұрап, бу беруді жабыңыз.
•
Бу жіберу батырмасын (17) қайталап басып, бу
жіберуді өшіріңіз.
•
Кофеқайнатқышты қосу/өшіру батырмасын
(15) басу арқылы өшіріңіз, басқару
батырмаларының жарығы (15 және 16) өшеді.
Ескертпе: сүзгі ұстағышынан (12) немесе
бу шүмегінен будың немесе судың аз мөлшері
шығуы ықтимал, ол қалыпты құбылыс.
ДӘМДІ ЭСПРЕССОНЫ ҚАЛАЙ
ДАЙЫНДАУ КЕРЕК
–
«Эспрессо» кофеқайнатқышына арналған,
жаңа ұнтақталған кофені пайдаланыңыз.
–
Сүзгідегі (11) кофены ақырындап нығыздап
тұрыңыз, оны өлшегіш қасықтың (18) арғы
бетімен жасауға болады.
–
Дайындалған кофеның күштілігі кофе
дәндерінің тартылу дәрежесі мен сапасына
байланысты болады. Егер кофе тым ұзақ
құйылса, бұл кофе тым ұсақ екенін немесе
тым қатты тығыздалғанын білдіреді.
ҚАҚТЫ КЕТІРУ
Кофеқайнатқыштың жұмысы тиімді болу үшін
2-3 ай сайын, ал егер су «кермек» пайдаланылатын
болса, одан да жиі, қағын кетіріп тұру ұсынылады.
1.
Буды беру жабық екеніне көз жеткізіңіз, ол үшін
«OFF--- +» тұтқасын (4) сағат тілі бойынша
«OFF» тіреуіне дейін бұраңыз.
2.
Лимон қышқылының ерітіндісін әзірлеңіз:
2 екі шай қасық лимон қышқылын 1 литр
суға қосыңыз және жасалған ерітіндіні
суға арналған сыйымдылыққа (3) құйыңыз.
Сыйымдылықты (3) орнына орнатыңыз.
3.
Кофеге арналған сүзгіні (11) ұстағышқа (12)
енгізіңіз.
4.
Сүзгі ұстағышын (12) кофеқайнатқышқа
орнатыңыз. Ұстағыштың шығыңқылары (12)
бойлердің « » паздарына сәйкес келуі керек,
содан кейін сүзгі ұстағышының тұтқасын (14)
тірелгенге « » дейін оңға қарай бұраңыз.
5.
Сәйкес шыныаяқты табандық (8) торына (9)
қойыңыз.
6.
Желі бауының ашасын розеткаға салыңыз.
7.
Қосу/өшіру батырмасын (15) басу арқылы
кофеқайнатқышты қосыңыз, осы ретте
батырманың жарығы (15) жанады, ал
батырманың жарығы (16) жыпылықтап тұрады.
8.
Батырманы (16) басыңыз және көлемі
шамамен 100 мл болатын шыныаяқты суға
толтырыңыз (ол бойлердегі суды жою үшін
және оған лимон қышқылының ерітіндісін
толтыруға қажет болады), су жіберуді
тоқтатыңыз , ол үшін батырманы (16) тағы бір
рет басыңыз.