13
ҚазаҚша
ұшына дейін әрбір шаш тарамын баяу тегістеп
шығыңыз. Төменгі қабаттың шаштарын аяқтап
болған соң, ортаңғы қабаттың шашына кірісіңіз
де үрдісті жоғарғы қабаттағы шаштарды
тегістеумен аяқтайсыз.
Шаштың табиғи толқын құрылымы
Аустырғышты (2) қызудың әлсіз жағдайына
(I жағдайы) орнатыңыз, ауыстырғышты (1) I
жағдайына орнатыңыз, шаш тарамын саусақ
арасына қатты қысып тұрып, табиғи қалыпы
бұралған жағына қарай бұрып, ауаны саусақ
арасына бағыттап, оларды кептіріп шығыңыз.
Қажетті нәтижеге жетсеңіз, суық ауа жіберу
түймешесіне (3) « » басыңыз да әрбір
тарамды бекітіңіз.
Шашты көтеру және көлем беру
Фенды әлсіз және максималды жылдамдық/
қызу тәртіптерінде қолданып, шаштың түптерін,
бастың артқы жағынан бастап кептіріп шығыңыз.
Шаштың сәнін келтіру
Ауыстырғыштарды (1,2) әлсіз қызу/жылдамдық
жағдайына қойып, фенге шоғырландырғыш (6)
саптаманы ауа ағымын бағыттау үшін кигізіңіз.
Шашты тарамдарға бөліңіз де шашты
қалыптайтын дөңгелек щетканың көмегімен
шаштың сәнін келтіріңіз. Шашты қалыптау
барысында ауа ағымын тікелей шашқа қалаған
бағытта жіберіңіз.
Қажет болған жағдайда, ауа ағымын әрбір
тарамға 2-5 секунд аралығында шашты
нығайту үшін бағыттаңыз. Шаш тарамдарын
қалыптауға кететін уақытты шаштың түріне
байланысты өзіңіз таңдаңыз.
«Салқын ауа» беру
Бұл модельде «салқын ауа» беру функциясы
қарастырылған, ол сіздің шаш үлгіңізді бекіту
үшін пайдаланылады. « » «салқын ауа»
беру батырмасына (3) басыңыз және ұстап
тұрыңыз – бұл шаш үлгісінің сәнін сақтауға
мүмкіндік береді.
ҚЫЗЫП КЕТУДЕН САҚТАУ
Фен шыққан ауаның температурасы артып
кеткен жағдайда, құрылғыны сөндіретін,
қызып
кетуден
қорғаныс
қызметімен
жабдықталған. Егер фен қолдану барысында
сөніп қалса, фенді сөндіргішін (1) «0»
жағдайына қойып өшіру керек, желі ашасын
розеткадан шығарыңыз, кіріс және шығыс
ауа тесіктері бітеліп қалмағанын тексеріңіз
де, 5-10 минут суытып алып, қайта қосыңыз.
Фенді қолдану барысында ауа тесіктерін
бітемеңіз және ауа жинағыш тесікке шаш кіріп
кетуден сақтаңыз.
КҮТУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕУ
Фен тек үйдегі қолданысқа арналған.
• мерзім арасында ауа жинағыш (4) тор көзді
шешіп тазалап тұрған жөн.
• ауыстырғышты (1) «0» жағдайына орнатыңыз
және фенды желіден ажыратыңыз.
• Торды (4) сағат тіліне қарсы бұраңыз және
оны шешіңіз. Торды қылшақ көмегімен
тазалаңыз, торды орнына орнатыңыз және
сағат тілі бойынша тірелгенге дейін бұраңыз.
• Феннің корпусын ылғал матамен сүртуге
болады, содан кейін, оны құрғақтап сүртіп
шығу керек.
• Фенді тазалау үшін еріткіштерді және
қажайтын жуғыш заттарды пайдалануға
тыйым салынады.
САҚТАУ
•
Егер фен пайдаланылмаса, әрқашан желілік
айыр тетікті ашалықтан суырыңыз.
•
Феннің желілік шнурын ешқашан орамаңыз,
себебі бұл оның бұзылуына әкеп соғуы
мүмкін. Желілік бауға ұқыптылықпен
қараңыз, әсіресе айыр тетіктің қасында және
феннің корпусына енетін жерінде тартпауға,
бұрамауға және созбауға тырысыңыз.
Егер шнур фенді пайдалану кезінде
шиыршықталып қалса, арасында тарқатып
отырыңыз.
•
Пайдалану ыңғайлығы үшін қыстыруға
арналған ілмекше (5) көзделген, ол арқылы
фенді сақтауға болады, бірақ мұндай күйде
фен су тимейтін жағдайда болуы керек.
•
Фен құрғақ салқын балалардың және
мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
ЖЕТКІЗУ ТОПТАМАСЫ
1. Фен – 1 дана
2. Шоғырландырғыш саптама – 1 дана
3. Нұсқаулық – 1 дана
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Электрлік қуаттандыруы: 220-240 В ~ 50 Гц
Номиналды тұтынатын қуаты: 1800-2200 Вт
IM VT-8220.indd 13
18.07.2018 16:13:21