12
ҚАЗАҚША
•
Еттартқыш бастиегін бөлшектеу үшін сомынды (11)
бұрап шешіп алыңыз және еттартқыш бастиегінің
корпусынан орнатылған торды (10), крест тәрізді
пышақты (9) және иірмекті (8) шығарыңыз.
АВТОМАТТЫ АЖЫРАТЫЛУ ФУНКЦИЯСЫ
•
Еттартқыш электрмоторы қызып кеткенде авто-
матты сөну қызметімен жабдықталған.
•
Электромотор қызып кеткенде автоматты
термосақтандырғыш іске қосылып, еттартқыш
сөніп қалады.
•
Бұл жағдайда желі бауының ашасын электр
розеткасынан дереу суырыңыз.
•
Еттартқышты қайтадан қосардың алдында оны
шамамен 50-60 минут (үй-жайда температура
жоғары болған кезде электрмоторының сууына
ұзағырақ уақыт керек болуы мүмкін) бойы суыту
керек.
•
Еттартқышты электр желісіне қосыңыз және
іске қосыңыз, егер еттартқыш қосылмаса, бұл
оның басқа да зақымдануларының бар екенін
білдіреді. Бұл жағдайда еттартқышты жөндеу
үшін кепілдік талонында және www.vitek.ru сай-
тында көрсетілген байланыс мекен-жайлары
бойынша авторландырылған (уәкілетті) сервис
орталығына жүгіну керек.
ЕТТАРТҚЫШ КҮТІМІ
•
Жұмысты аяқтағаннан кейін ауыстырып-
қосқышты (7) «0» күйіне орнатып еттартқышты
өшіру керек және желілік шнур ашасын розетка-
дан суыру керек.
•
Шнекті еттартқыш бастиегінен (5) шығарыңыз.
•
Сомынды (11) бұрап алыңыз, торды (10),
айқаспалы пышақты (9) иірмектен (8) шешіңіз.
•
Иірмекті (8) еттартқыш бастиегінен (3) шығарыңыз.
•
Иірмекті (8) азық-түлік қалдықтарынан тазалаңыз.
•
Еттартқыштың барлық жабдықтарын (1, 2, 3, 8,
9, 10, 11) бейтарап жуу құралы қосылған жылы
сумен жуып жіберіңіз, шайыңыз және жинау
алдында мұқият құрғатыңыз.
•
Еттартқыш корпусын (6) дымқыл матамен
сүртіңіз, одан кейін құрғатып сүртіңіз.
•
Еттартқыш корпусын (6) тазалау үшін
еріткіштерді немесе абразивтік тазалайтын
құралды пайдалануға тыйым салынады.
•
Еттартқыш корпусының ішіне сұйықтықтың
тиюіне жол бермеңіз.
•
Кепкен жабдықтарды сақтаудың алдында торды
(10) және айқаспалы пышақты (9) өсімдік май-
ымен сүртіңіз – осылайша олар тот басудан
қорғалатын болады.
САҚТАУ
•
Еттартқышты сақтауға қоярдың алдында
еттартқыш корпусының және барлық шешілмелі
бөлшектердың таза және құрғақ екеніне көз
жеткізіңіз.
•
Құрылғыны балалардың және мүмкіндігі шектеулі
адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
ЖЕТКІЗІЛІМ ЖИЫНТЫҒЫ
Еттартқыш – 1 дн.
Еттартқыштың бастиегі жинағында (шнегі, пышағы,
сомыны мен торы орнатылған) – 1 дана
Итергіш – 1 дана.
Тамақ өнімдеріне арналған астауша – 1 дн.
Кепілдік талоны – 1 дана.
Нұсқаулық – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Электр қуаттандыруы: 220-240 В ~ 50 Гц
Номиналдық тұтыну қуаттылығы: 250 Вт
Максималды қуаттылығы: 2000 Вт
ҚАЙТА ӨҢДЕУ
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында, аспаптың
және қуаттандыру элементтерінің (егер жинақтың
құрамына кірсе) қызмет ету мерзімі аяқталғаннан
кейін, оларды күнделікті тұрмыстық қалдықтармен
бірге тастауға болмайды, аспап пен қуаттандыру
элементтерін ары қарай кәдеге асыру үшін
мамандандырылған орындарға өткізу керек.
Бұйымдарды қайта өңдеу кезінде пайда болатын
қалдықтар белгіленген тәртіп бойынша келесі қайта
өңделетін міндетті жинауға жатады.
Берілген өнімді қайта өңдеу туралы қосымша
ақпаратты алу үшін жергілікті муниципалитетке,
тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу қызметіне
немесе берілген өнімді Сіз сатып алған дүкенге
хабарласыңыз.
Дайындаушы аспапты жақсарту мақсатында,
алдын-ала хабарламай, аспаптың дизайнын, кон-
струкциясы және оның жұмыс қағидатына әсер
етпейтін техникалық сипаттарын өзгерту
құқығын өзіне қалдырады, соған байланы-
сты нұсқаулық пен бұйымның арасында кейбір
айырмашылықтар болуы мүмкін. Егер пайда-
ланушы осындай сәйкессіздіктерді анықтаса,
нұсқаулықтың жаңартылған нұсқасын алу үшін
сәйкессіздік туралы info@ vitek.ru электрондық
поштасына хабарлауыңызды сұраймыз.
Құралдың қызмет ету мерзімі – 3 жыл
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан
бөлшектер дилерден тек сатып алынған адамға
ғана берiледi. Осы гарантиялық мiндеттiлiгiндегi
шағымдалған жағдайда төлеген чек немесе квитан-
циясын көрсетуi қажет.
Summary of Contents for VT-3619
Page 1: ...1 VT 3619 Meat grinder Мясорубка 3 6 10 13 17 20 ...
Page 2: ...11 5 1 2 10 6 7 9 8 3 4 ...
Page 23: ......