18
ҚазаҚша
•
Дайын түтікшелерге салмалар салынады,
шеттерін қысып, түтікшелердің қалаған пішіні
жасалады.
•
Түтікшелер фритюрде дайындалады.
КӨКӨНІС ТУРАҒЫШ
•
Көкөніс турағыш қондырмасы корпусын (17)
еттартқыштың бастиегін орнатылатын орынға
(5) орнатыңыз және оны сағат тіліне қарсы
бағытта бекітілгенше бұраңыз (7 сур.).
•
Қондырманың (14, 15, 16) біреуін көкөніс
турағыштың корпусына (17) орнатыңыз (8 сур.).
•
Желі бауының ашасын электр розеткасына
қосыңыз.
•
Батырманы (4.b) «ON» басып, құрылғыны іске
қосыңыз.
•
Жұмыс істеген кезде тек жеткізілім жинтығына
кіретін итергішті (18) пайдаланыңыз;
көкөністерді итеру үшін басқа заттарды
пайдалануға тыйым салынады, ешбір жағдайда
көкөністерді саусақпен итермеңіз.
•
Жұмыс істеп біткеннен кейін, батырмаға (4.a)
«OFF» басып, еттартқышты сөндіріңіз және
электр розеткасынан электр желі ашасын
суырыңыз, және содан кейін ғана көкөніс
турағыш қондырмасын (17) шешуге кірісіңіз.
•
Көкөніс турағыш қондырмасын (17) шешіп
алу үшін бекіткіш батырманы (2) басыңыз,
көкөніс турағыш қондырмасын (17) сағат тілі
бағытында бұрыңыз да, оны шешіп алыңыз.
•
Көкөніс турағыш қондырмасынан (17)
орнатылған үккішті (14 немесе 16) немесе
майдалауышты (15) алып шығыңыз.
ЕТТАРТҚЫШТЫҢ КҮТІМІ
•
Жұмыс істеп біткеннен кейін, батырмаға (4.a)
«OFF» басып, еттартқышты сөндіріңіз және
электр розеткасынан электр желі ашасын
суырыңыз.
•
Бекіткіш батырманы (2) басыңыз, еттартқыш
бастиегін (7) немесе көкөніс турағыш
қондырмасын (17) сағат тілі бағытында
бұрыңыз да шешіп алыңыз.
•
Сомыны (11) бұрап алыңыз да шнектен (8)
орнатылған торларды (9, 10 немесе 12),
пышақты (13) шешіп алыңыз және шнекті (8)
еттартқыш бастиегін (7) шығарыңыз.
•
Шнектен өнімдер қалдығын алып тастаңыз.
•
Көкөніс турағыш қондырмасынан (17)
орнатылған үккішті (14 немесе 16) немесе
майдалауышты (15) алып шығыңыз.
•
Еттартқыштың барлық керек-жарақтарын
бейтарап жуғыш заты бар сабынды жылы
сумен жуыңыз, шайыңыз және оларды құрамай
тұрып әбден кептіріп алыңыз.
•
Еттартқыш корпусын (3) сәл дымқыл матамен
сүртіңіз, содан кейін оны құрғатып сүртіңіз.
•
Еттартқыш корпусын (3) тазалау үшін
еріткіштерді немесе қажайтын тазалағыш
заттарды пайдалануға тыйым салынады.
•
Еттартқыш корпусының (3) ішіне сұйықтықтың
тиюіне жол бермеңіз.
САҚТАЛУЫ
•
Еттартқышты сақтауға алып қоярдан
бұрын, құрылғының корпусы мен барлық
қондырмалары, алмалы-салмалы бөлшектері
таза және құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.
•
Құрылғыны құрғақ салқын, балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
ЖЕТКІЗІЛІМ ЖИЫНТЫҒЫ
Еттартқыш – 1 дана
Итергіш – 2 дана
Азық-түлікке арналған астауша – 1 дана
Торлар – 2 дана
Көкөніс турағыш қондырмасы – 1 дана
Көкөніс турағыш қондырмалар жиынтығы –
3 дана
Пайдалану бойынша нұсқаулық – 1 дана
Шұжықтарды толтыруға арналған
қондырма – 1 дана
Кеббеге арналған қондырма – 1 дана
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Электрқорегі: 220-240 В ~ 50/60 Гц
Максималды қуаты: 2000 Вт
Өндіруші құрылғының дизайны мен техникалық
сипаттамаларын алдын ала хабарлаусыз
өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
Құрылғының қызмет ету мерзімі – 3 жыл
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан
бөлшектер дилерден тек сатып алынған адамға
ғана берiледi. Осы гарантиялық мiндеттiлiгiндегi
шағымдалған жағдайда төлеген чек немесе
квитанциясын көрсетуi қажет.
IM VT-3616.indd 18
01.08.2016 17:41:46