19
ҚАЗАҚША
– Құрылғыны іске қосу алдында, құрылғының жұмыс
істеу кернеуі электр желісіндегі кернеуге сәйкес
болуына көз жеткізіңіз.
ҚОЛДАНУ
Оңтайлы нәтижелерге қолжеткізу үшін шашты сабынсумен
жуыңыз, оны сүлгімен сүртіңіз, фенмен кептіріңіз және
тараңыз. Одан кейін шашты сәндеуге кірісіңіз.
– Бекіткіш (3) түймесін басып, қолсапты (4) толық ашыңыз.
– Қолсаптың (4) 3 күйі бар:
– толық ашық;
– 90° ашық (1-сур.);
– сақтау кезінде ыңғайлы болу үшін жиналған (2-сур.).
– Шашты енін 4-5 см етіп, тарамдарға бөліңіз.
– Құралды тегіс, қызуға шыдамды бетке орналастырыңыз.
– Желілік баусымның айыртетігін электрлік ашалыққа
салыңыз.
– Құрылғыны іске қосыңыз, бұл үшін қоректендіру
сөндіргішін (6) «I» күйіне белгілеңіз, осы кезде
жарықтық көрсеткіш (7) жанады.
– Жұмыс бетінің (2) қызуы үшін қажетті біршама уақыт
күтіңіз.
– Бос қолыңызбен шаш тарамын алыңыз.
– Шаш тарамдарының ұшфн жұмыс бетіне (2) қойып,
тарамды жұмыс бетінің (2) маңайына ораңыз.
– Біраз уақыт күтіп, шаш тарамын шешіңіз.
– Берілген рәсімді қалған шаш тарамдарына қайталаңыз.
Ескерту:
– алғашқы пайдалану кезінде қыздырғыш элементтен
бɵтен иістер пайда болуы мүмкін, бұл қалыпты
құбылыс.
– құрылғы жұмыс істеген кезде жұмыс бетіне (2)
қолыңызды тигізбеңіз, құрылғыны бі қолыңызбен
ұштамасынан (1), ал екінші қолыңызбен
қолсаптан (4) ұстаңыз.
– жұмыс кезіндегі үзілістерде құралды тегіс жылыға
төзімді бетке орналастырыңыз немесе ілмекті (5)
пайдаланыңыз.
– шашты бұйраланғаннан кейін бірден тарамаңыз,
шашқа салқындауға уақыт беріңіз, шаш үлгісі
үйлесімді кɵрінуі үшін ірі шаш тарамдарын анағұрлым
ұсақтарына ұқыпты бɵліңіз.
– Жұмысты аяқтап құрылғыны сөндіріңіз, бұл үшін
қоректендіру сөндіргішін (6) «0» күйіне белгілеңіз, желілік
баусым ашасын электрлік ашалықтан шығарыңыз.
IM VT-2522.indd 19
11/18/20 6:24 PM