15
ҚазаҚша
Құрғақ қосудан сақтандыру
–
Егер сіз буландырғышты кездейсоқ сусыз
қосып қойсаңыз, немесе су деңгейі ең төмен
белгіден төмен болып қалса, автоматты
түрде термосақтандырғыш іске қосылады да,
буландырғыш өшіп қалады. Бұл жағдайда
буландырғышты 15 минут бойы суытыңыз,
содан кейін сұйыққойманы суға толтырыңыз да
іске қосыңыз, құрал қалыпты режимде жұмыс
істейді.
Автоажыратылу қызметі
Егер сіз бу жіберу батырмасын 8 минуттан артық
уақыт бассаңыз, құрылғы автоматты түрде өшіп
қалады, бұл жағдайда
(7) жұмыс белгісі
жыпылықтай бастайды. Жұмысты қайта бастау
үшін (2) бу жіберу батырмасын бір рет басыңыз
да,
(7) жұмыс көрсеткіші тұрақты жанғанға
дейін күтіңіз, осы кезде құралды қалыптағы режим
бойынша пайдалануға болады.
Тазалауы мен күтімі
–
Желі бауының ашасын электр розеткасы
-
нан алыңыз да буландырғыш суығанға дейін
күтіңіз.
–
(3) батырманы басыңыз да (4) суға арналған
сұйыққойманы ажыратыңыз.
–
(9) тығын жалаушасынан тартып, (10) құю
тесігін ашыңыз. (4) сұйыққоймасынанан
су қалдықтарын төгіңіз де, (10) құю тесігін
нығыздап жабыңыз.
–
(4) суға арналған сұйыққоймасын орнына
орнатыңыз.
–
Буландырғыш корпусы мен (1) бу шығатын
тесіктері бар бетті біраз дымқыл матамен
сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
–
(1) бу шығатын тесіктері бар беттегі қақтарды
су - сіркесу ерітіндісімен суланған матамен
сүртуге болады.
–
Алдын-ала буландырғыштан саптамаларды
шешіп, (2 сур.) оларды су ағысы астында
шайып жіберіңіз.
–
Буландырғышты тазалау үшін ерітінділер
мен абразивті тазарту құралдарын пайда-
ланбаңыз.
Назар аударыңыз! Құрал корпусын, желі бауы
немесе желі бауының ашасын суға немесе
басқадай сұйықтыққа салуға тыйым салы-
нады.
САҚТАЛУЫ
–
Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз да,
құрылғының толық салқындауын күтіңіз.
–
Құрылғыны тазартыңыз.
–
Құрылғыны балалардың қолы жетпейтін,
құрғақ және салқын жерде сақтаңыз.
ЖЕТКІЗІЛІМ ЖИЫНТЫҒЫ
Буландырғыш – 1 дана
Қылшақ-саптама – 1 дана
Қыр салуға арналған саптама – 1 дана
Нұсқаулық – 1 дана
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
Электрлік қуаттандыруы: 220-240 В ~ 50 Гц
Номиналдық тұтынатын қуаты: 1200 Вт
Суға арналған сұйыққойма көлемі: 260 мл
Будың шығуы: 25 г/мин дейін
ҚАЙТА ӨҢДЕУ
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында, аспаптың
және қуаттандыру элементтерінің (егер жинақтың
құрамына кірсе) қызмет ету мерзімі аяқталғаннан
кейін, оларды күнделікті тұрмыстық қалдықтармен
бірге тастауға болмайды, аспап пен қуаттандыру
элементтерін ары қарай кәдеге асыру үшін
мамандандырылған орындарға өткізу керек.
Бұйымдарды қайта өңдеу кезінде пайда бола
-
тын қалдықтар белгіленген тәртіп бойынша келесі
қайта өңделетін міндетті жинауға жатады.
Берілген өнімді қайта өңдеу туралы қосымша
ақпаратты алу үшін жергілікті муниципалитетке,
тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу қызметіне
немесе берілген өнімді Сіз сатып алған дүкенге
хабарласыңыз.
Дайындаушы аспапты жақсарту мақсатында,
алдынала хабарламай, аспаптың дизайнын, кон
струкциясы және оның жұмыс қағидатына әсер
етпейтін техникалық сипаттарын өзгерту
құқығын өзіне қалдырады, соған байланысты
нұсқаулық пен бұйымның арасында кейбір
айырмашылықтар болуы мүмкін. Егер пайда
ланушы осындай сәйкессіздіктерді анықтаса,
нұсқаулықтың жаңартылған нұсқасын алу үшін
сәйкессіздік туралы [email protected] электрондық
поштасына хабарлауыңызды сұраймыз.
Құралдың қызмет ету мерзімі – 3 жыл
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан
бөлшектер дилерден тек сатып алынған адамға
ғана берiледi. Осы гарантиялық мiндеттiлiгiндегi
шағымдалған жағдайда төлеген чек немесе кви
-
танциясын көрсетуi қажет.
IM VT-2435.indd 15
27.08.2018 15:58:56