
19
ҚАЗАҚША
КАПУЧИНО ӘЗІРЛЕУ
•
Назар аударыңыз!
Шығып жатқан ыстық
буға күйіп қалудан сақтаныңыз.
•
Бу реттегішінің тұтқасы (4) « / » «бу
шығару сөніп тұр «
» деген күйде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
•
«ЭСПРЕССО ӘЗІРЛЕУ»
тарауында сипат
талғандай кофе қайнатыңыз, сүт немесе
кілегй көбігін қосуға жеткілікті көлемі бар
тостағанда.
•
Бу шығару батырмасын (19) « » басыңыз,
индикатор (20) « » жанғанын күтіңіз.
Ұштама (7) астына су жинауға арналған
кез келген қолайлы сыйымдылықты
қойыңыз. Түтікте (6) қалған конденсатты
жою үшін бу шығару тұтқасын (4) « / »
сағат тіліне қарсы айналым ширегіне абай
лап бұраңыз.
•
Конденсатты шығарғаннан кейін тұтқаны (4)
« / » сағат тілі бағытымен тірелгенше «
»
бұрап, бу шығаруды жабыңыз.
Ескертпе: сүзгі ұстағышынан (12) немесе
бу шүмегінен будың немесе судың аз мөлшері
шығуы ықтимал, бұл қалыпты құбылыс.
Түтіккапучинатор ұштамасын (7) суық сүт
немесе кілегей құйылған стақанға салыңыз,
бу шығару реттегішінің тұтқасын (4)
«
/
»
абайлап сағат тіліне қарсы ширек немесе одан
көп айналымға бұраңыз. Ұштама (7) стақан
түбіне тимеу керек, өйтпесе будың шығуы
қиындай түседі, қалың көбік алу үшін бірнеше
секунд жеткілікті.
Ескертпе: – сүттің шайқалып төгілуіне жол
бермеу үшін әрқашан ұштаманы (7) сүттің
бетінен 1 см-ден артық тереңдікке салыңыз.
•
Шығып жатқан бу құйын түзеді, ол сүт
көбігінің пайда болуына септігін тигізеді, сүті
бар сыйымдылықты ұштамаға (7) қатысты
сүт көбігі пайда болғанға дейін уақытылы
көтеріп және түсіріп тұрыңыз.
•
Тұтқаны (4) « / » сағат тілі бағытымен
тірелгенше «
» бұрап, бу шығаруды
жабыңыз.
•
Бу шығару батырмасын (19) « » қайта
басып, бу шығаруды өшіріңіз.
•
Қосу/сөндіру батырмасын (15) « » басу
арқылы кофеқайнатқышты өшіріңіз, индика
тор (16) « » өшеді.
Ескертпе: – сүт көбігін алу үдерісі – бұл
өнер. Бірінші реттен көбік шықпауы да
мүмкін, қам жемеңіз және жақсы нәтижеге қол
жеткізгенге дейін тәжірибе жасаңыз.
МАҢЫЗДЫ:
– Көбікті әзірлеуге арналған сүт балғын және
консервантсыз болуы маңызды, яғни, ұзақ
сақталатын сүт болмауы керек. Майлылығы
4тен 6%ға дейінгі дәстүрлі майы
айырылмаған сүтті пайдалану ұсынылады,
кілегейдің майлылығы 10%дан аз болмауы
керек.
– Сүтті немесе кілегейді шайқағаннан кейін
бірден ұштаманы (7) тазалаңыз – бұл үшін
ұштаманы (7) су құйылған стаканға түсіріңіз,
(19)
«
»
батырмасын басып, бу шығаруды
қосыңыз және будың аз мөлшерін шығару
үшін, бу шығару тұтқасын (4)
«
/
»
сағат
тіліне қарсы бұраңыз, содан кейін сағат тілі
бойынша «
» тірелгенше дейін тұтқаны (4)
«
/
»
бұрап, бу шығаруды жабыңыз, бу
жіберу батырмасын басу арқылы (19)
«
»
бу шығаруды өшіріңіз, кофеқайнатқышты
өшіріңіз.
– Кофеқайнатқыш суығанын күтіңіз және
ұштаманы (7) түтіккапучинатордан (6)
шешіп алыңыз, түтіккапучинатордың (6)
сыртын дымқыл жұмсақ матамен сүртіңіз,
ұштаманың (7) өзін ағын судың астында
жуыңыз.
Ескертпе:
– Кофені қайталап әзірлеу интервалын
5 ми нут тан кем қылмау ұсынылады.
СУСЫНДАРДЫ ҚЫЗДЫРУ
Түтіккапучинаторды (6) ұштамасыз (7) сусыны
бар тостағанға салып, сусындарыңызды
қыздыра аласыз.
•
Бу шығару батырмасын (19) « » басыңыз,
индикатор (20) « » жанғанын күтіңіз.
•
Түтіккапучинаторды (6) ұштамасыз (7)
қыздырғыңыз келетін сусыны бар тостағанға
салыңыз, бу шығару реттегіші тұтқасын (4)
« / » абайлап сағат тіліне қарсы
бұраңыз.
•
Тұтқаны (4) « / » сағат тілі бағытымен
тірелгенше «
» бұрап, бу шығаруды
жабыңыз.
•
Бу шығару батырмасын (19) « » қайта
басып, бу шығаруды өшіріңіз.
•
Қосу/сөндіру батырмасын (15) « » басу
арқылы кофеқайнатқышты өшіріңіз, индика
тор (16) « » өшеді.
Ескертпе: сүзгі ұстағышынан (12) немесе
бу шүмегінен будың немесе судың аз мөлшері
шығуы ықтимал, ол қалыпты құбылыс.
IM VT-1520.indd 19
8/23/19 5:00 PM