![Vitek VT-1320 Manual Instruction Download Page 12](http://html.mh-extra.com/html/vitek/vt-1320/vt-1320_manual-instruction_1035626012.webp)
12
ҚАЗАҚША
Диффузор
Кеңейткішпен (7) тартылған ауа жұмсақ құрғатуға
септігін тигізеді және шаштарға көлем береді.
Арнайы “тісшелер” шаш үлгісін көлемді етеді, бұл
үшін ауа легі түбіне дейін жетеді.
ҚЫЗЫП КЕТУДЕН САҚТАУ
Фен шыққан ауаның температурасы артып кеткен
жағдайда, құрылғыны сөндіретін, қызып кетуден
қорғаныс қызметімен жабдықталған. Егер фен
қолдану барысында сөніп қалса, фенді сөндіргішін
(1) «0» жағдайына қойып өшіру керек, желі
ашасын розеткадан шығарыңыз, кіріс және шығыс
ауа тесіктері бітеліп қалмағанын тексеріңіз де,
5-10 минут суытып алып, қайта қосыңыз. Фенді
қолдану барысында ауа тесіктерін бітемеңіз және
ауа жинағыш тесікке шаш кіріп кетуден сақтаңыз.
КҮТУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕУ
Фен тек үйдегі қолданысқа арналған.
• Ауыстырғышты (1) «0» күйіне орнатыңыз және
фенді желіден ажыратыңыз.
• Ауа жинағыштың торын (5) жүйелі түре тазалауға
кеңес беріледі.
• Торшаны (5) сағат тіліне қарсы бұрып, оны шешіңіз.
• Торды қылшақ көмегімен тазалаңыз, торды
орнына (5) орнатыңыз және сағат тілі бойынша
тірелгенге дейін бұраңыз.
• Фен корпусын ылғалды матамен сүртуге жол
беріледі, артынан оны құрғатып сүрту керек.
• Фенді тазалау үшін еріткіштерді немесе абразивтік
тазалайтын заттарды пайдалануға тыйым
салынады.
САҚТАУ
• Егер фен пайдаланылмайтын болса, онда
әрқашан желілік айырды розеткадан суыру керек.
• Феннің желілік бауын ешқашан орамаңыз, себебі
бұл оның бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Желілік
бауға ұқыптылықпен қараңыз, әсіресе айырдың
қасында және феннің корпусына енетін жерінде
тартпауға, бұрамауға және созбауға тырысыңыз.
Егер фенді пайдалану кезінде бау шиыршықталып
қалса, арасында тарқатып отырыңыз.
• Пайдалану ыңғайлығы үшін қыстыруға арналған
ілмекше (6) көзделген, ол арқылы фенді сақтауға
болады, бірақ мұндай күйде фен су тимейтін
жағдайда болуы керек.
• Фенді құрғақ, қараңғыланған және салқын,
балалардың
және
мүмкіндіктері
шектеулі
адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
ЖЕТКІЗУ ТОПТАМАСЫ
Фен – 1 дн
Шоғырландырғыш саптама – 1 дн.
Саптама-диффузор – 1 дн.
Нұсқаулық – 1 дн.
Кепілдік талоны – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Электрлік қуаттандыруы: 220-240 V ~ 50-60 Гц
Номиналды тұтынатын қуаты: 1800-2200 Вт
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты ванна бөлмесіндегі,
душ, бассейн ж.т.б. су маңында пайдалануға
болмайды.
ҚАЙТА ӨҢДЕУ
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында, аспаптың
және қуаттандыру элементтерінің (егер жинақтың
құрамына кірсе) қызмет ету мерзімі аяқталғаннан
кейін, оларды күнделікті тұрмыстық қалдықтармен
бірге тастауға болмайды, аспап пен қуаттандыру
элементтерін ары қарай кәдеге асыру үшін
мамандандырылған орындарға өткізу керек.
Бұйымдарды қайта өңдеу кезінде пайда болатын
қалдықтар белгіленген тәртіп бойынша келесі қайта
өңделетін міндетті жинауға жатады.
Берілген өнімді қайта өңдеу туралы қосымша
ақпаратты алу үшін жергілікті муниципалитетке,
тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу қызметіне
немесе берілген өнімді Сіз сатып алған дүкенге
хабарласыңыз.
Дайындаушы аспапты жақсарту мақсатында,
алдын-ала хабарламай, аспаптың дизайнын,
конструкциясы және оның жұмыс қағидатына
әсер етпейтін техникалық сипаттарын өзгерту
құқығын өзіне қалдырады, соған байланысты
нұсқаулық пен бұйымның арасында кейбір
айырмашылықтар болуы мүмкін. Егер пайдаланушы
осындай сәйкессіздіктерді анықтаса, нұсқаулықтың
жаңартылған нұсқасын алу үшін сәйкессіздік
туралы [email protected] электрондық поштасына
хабарлауыңызды сұраймыз.
Құралдың қызмет ету мерзімі – 3 жыл
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан бөлшектер
дилерден тек сатып алынған адамға ғана берiледi.
Осы гарантиялық мiндеттiлiгiндегi шағымдалған
жағдайда төлеген чек немесе квитанциясын көрсетуi
қажет.
Summary of Contents for VT-1320
Page 1: ...1 VT 1320 Hair dryer Фен 3 6 10 13 17 20 ...
Page 2: ...1 2 3 4 5 6 7 ...
Page 23: ......