IM016
www.scarlett.ru
19 SC-MC410S23
KZ
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны дұрыс пайдаланбаса, бұл оның бұзылуына әкелуі және пайдаланушыға зиян келтіруі мүмкін.
Алғаш рет іске қосар алдында бұйымда көрсетілген техникалық сипаттамаларының электр желісінің параметрлеріне
сәйкес келетін-келмейтінін тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ!
Қуат сымының ашасында жерге тұйықтау сымы мен түйіспесі бар. Аспапты тек жерге тұйықталған тиісті
розеткаларға қосыңыз.
Осы Пайдалану нұсқаулығына сәйкес, аспапты тек тұрмыстық мақсаттарда пайдалану керек. Құрылғы өнеркәсіптік
мақсатта қолдануға арналмаған.
Сыртта, үйден тыс пайдаланбаңыз.
Құрылғыны тазалар алдында немесе егер оны пайдаланбасаңыз, электр желісінен әрқашан ажыратып қойыңыз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі мен білімі
жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам қадағаламаса немесе
құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Тоққа қосылған аспапты бақылаусыз қалдырмаңыз.
Жеткізілім жинағына кірмейтін керек-жарақтарды пайдалануға болмайды.
Қуат сымы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші немесе ол уәкілеттік берген сервис
орталығы немесе соған ұқсас білікті қызметкер іске асыруға тиіс.
Аспапты және қорек сымын суға немесе басқа сұйық заттарға малмаңыз. Егер ондай жағдай орын алса, құрылғыны
электр желісінен ажыратыңыз да, оны қайтадан пайдаланбас бұрын аспаптың жұмысы мен қауіпсіздігін білікті
мамандарға тексертіп алыңыз.
Қорек сымының өткір жиектер мен ыстық беткі қабаттарға тимеуін қадағалаңыз.
Қорек сымынан тартпаңыз, оны шиыршықтамаңыз және құрылғыны айналдырып орамаңыз.
Әмбебап пісіргішті тек тамақ пісіру үшін ғана пайдаланыңыз. Ешқашан оның ішінде киім, қағаз немесе басқа заттарды
кептірмеңіз.
Әмбебап пісіргіштің шарасы бос болғанда тоққа қоспаңыз.
Әмбебап пісіргіштің шарасы орында болмаса, оны пайдаланбаңыз.
Азық-түлікті әмбебап пісіргіштің түбіне тікелей қоймаңыз, ол үшін шараны қолданыңыз.
Шараның орнына басқа ыдысты қолдануға болмайды.
Шараға сызат түсіруі мүмкін металл заттарды пайдалануға болмайды.
Шарының беткі қабатына жалатылған жабын біртіндеп үйкелуі мүмкін, сондықтан оны абайлап пайдалану керек.
Тамақ дайындау рецептеріне сүйеніңіз.
Егер әмбебап пісіргішті таза күйінде дұрыс күтіп ұстамасаңыз, бұл оның беткі қабатының тозуына әкелуі мүмкін, ал
бұл аспаптың жұмысына қолайсыз әсер етіп, пайдаланушы үшін қатерлі жағдайдың орын алуына себеп болуы мүмкін.
Ұзартқыш сым қолданған жағдайда, кабельдің ең үлкен шекті қуатының әмбебап пісіргіштің қуатына сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
Ескерту! Жұмыс істеп тұрғанда аспап қатты қызып кетеді! Әмбебап пісіргіш жұмыс істеп тұрғанда, оны ұстау қажет
болса, ас үйге арналған қолғапты киіңіз немесе ұстағышты пайдаланыңыз.
Бетіңіз бен қолыңызды саңылаудан шығатын будан сақтаңыз.
Бұйымның бу шығатын саңылауына немесе кез келген басқа бөлшектеріне металдан жасалған заттарды немесе
басқа заттарды сұғуға болмайды.
Әмбебап пісіргіштің қақпағын сүлгімен немесе басқа заттармен жаппаңыз.
Аспапты өз бетіңізбен жөндеуге немесе қандай да бір бөлшектерін ауыстыруға әрекет жасамаңыз. Ақаулық
анықталған жағдайда жақын жердегі Сервис орталығына хабарласыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрған болса, оны тоққа қосар алдында бөлме
температурасында кем дегенде 2 сағат ұстау қажет.
Өндіруші қосымша ескертпестен бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер
етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамасында, сондай-ақ ілеспе құжаттамада көрсетілген.
ОРНАТУ
Әмбебап пісіршіштің ішінде орауыш материалдар мен бөгде заттардың жоқ екенін тексеріңіз.
Тасымалдау кезінде төмендегілердің бүлінбегенін тексеріңіз: қақпақ; корпус; қосымша керек-жарақтар. Кез келген
ақаулық анықталған жағдайда аспапты тоққа қоспаңыз; сатушыға немесе сервис орталығына хабарласыңыз.
Аспапты құрғақ, біртегіс әрі ыстыққа төзімді беткі қабатқа орнатыңыз.
Аспапты жанғыш материалдардың, жарылғыш заттардың және өздігінен тұтанғыш газдардың жанында орнатуға
болмайды.
Аспапты газ немесе электр пештерінің, сондай-ақ басқа жылу көздерінің қасына қоюға болмайды.
Аспапты қабырғаға немесе жиһазға тым жақын жерде орналастыруға болмайды.
Әмбебап пісіргіштің үстіне ештеңе қоймаңыз.
Әмбебап пісіргішті шкафтың ішіне орналастыруға болмайды. Аспаптың қалыпты жұмыс істеуі үшін желдету
мақсатында үстіңгі жағынан кем дегенде 20 см және бүйір жақтарынан кем дегенде 5 см бос кеңістікті қамтамасыз ету
қажет.
Азық-түлікті араластырған кезде аспаптың жабыспайтын қабатын бүлдіріп алмау үшін ағаштан немесе пластмассадан
жасалған қасықтарды пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Егер сіздің пікіріңіз бойынша автоматты бағдарламалардың көмегімен қалаған нәтижеге жетпеген болсаңыз, әмбебап
пісіргіште «МОЙ РЕЦЕПТ» (менің рецептім) деген әмбебап бағдарлама бар. Осы бағдарламаның көмегімен сіз
тағамды барынша жақсы дайындауға арналған уақытты, дайындау температурасын өзіңіз таңдай аласыз.
Тамақ дайындау бағдарламаларының жиынтық кестесі: әдепкі бойынша тамақ дайындау уақыты, дайындау уақытын
түзетудің рұқсат етілетін ауқымы, түзету қадамы кестеде келтірілген.
Summary of Contents for SC-MC410S23
Page 1: ...INSTRUCTION MANUAL GB MULTICOOKER 4 RUS 8 UA 13 KZ 19 SC MC410S23...
Page 3: ...IM016 www scarlett ru 3 SC MC410S23...
Page 9: ...IM016 www scarlett ru 9 SC MC410S23 0 C 2 20 5...
Page 12: ...IM016 www scarlett ru 12 SC MC410S23 15...
Page 14: ...IM016 www scarlett ru 14 SC MC410S23 0 C 2 20 5...
Page 15: ...IM016 www scarlett ru 15 SC MC410S23 70 75 24 5 30 1 100 24 3 25 10 1 5 140 C 100 C 160 C 10 C...
Page 16: ...IM016 www scarlett ru 16 SC MC410S23 30 5 1 00 1 1 3 1 3...
Page 17: ...IM016 www scarlett ru 17 SC MC410S23 1 1 35 160 5 35 100 10 100 160 10 5 16 5 15...
Page 19: ...IM016 www scarlett ru 19 SC MC410S23 KZ 0 C 2 20 5...
Page 20: ...IM016 www scarlett ru 20 SC MC410S23 70 75 24 5 30 1 100 24 3...
Page 21: ...IM016 www scarlett ru 21 SC MC410S23 25 5 10 1 140 C 100 C 160 C 10 C 30 1 5 1 00 1 3 1 3...
Page 22: ...IM016 www scarlett ru 22 SC MC410S23 1 1 35 160 5 35 100 10 100 160 10 5 16 5 15...