IM020
www.scarlett.ru
SC-EK21S77
11
Қоректену бауының өткір жиектер және ыстық үстілерге тимеуін қадағалаңыз.
Құрылғы құрғақ тегіс бетте тұрақты тұруы тиіс. Құралды ыстығы бар бетке, сондай-ақ, ыстық шығару
көздеріне (мысалға электрлі плиталар), перделерге жақын және ілінбелі сөрелердің астына қоймаңыз.
Құралды қоректену жүйесінен сөндіргенде шаңышқыны ұстаңыз, ал қоректену бауынан тартпаңыз.
Қосылған құралды ешуақытта қараусыз қалдырмаңыз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе аспапты пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл аспапты қолдануына
болмайды.
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Бұйымды тек қана жинақтағы қоректену базасымен ғана қолданыңыз. Оны басқа мақсаттарға қолдануға
тиым салынады.
Шәйнекті жұмыс уақытына қоректену негізінен түсіруге болмайды, алдымен оны сөндіріп тастаңыз.
ЕСКЕРТУ: Су қайнаған дейін қақпағын ашпаңыз.
ЕСКЕРТУ: Жұмыс істеп тұрғанда аспап қызып кетеді. Абай болыңыз! Аспап жұмыс істеп тұрған кезде оның
корпусын қолмен ұстамаңыз. Ыстық буға күйіп қалмас үшін, қақпағын ашқан кезде аспаптың үстінен
еңкеймеңіз.
Қосудың алдында қақпақтың тығыз жабылғанына көз жеткізіңіз, өйтпейінше қайнаған кезде автоматты
сөндіру жүйесі істемейді де су шайқалып төгілуі мүмкін.
Құрылғы тек қана суды қыздыруға арналған. Басқа мақсаттарға қолдану тиым салынады – бұл бұйымның
бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис
орталығына апарыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0 ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX
пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» –
жасап шығарылған жылы.
ДАЙЫНДАУ
Жаңа аспаптағы бөгде иістерден құтылу үшін алғашқы рет қолданар алдында 1-3 лимонның шырынын
немесе лимон қышқылының қалташасын құйып шәйнекте суды қайнатыңыз.
Ерітіндіні 12 сағатқа қалдырыңыз, содан кейін тағы да қайнатыңыз.
Ерітіндіні төгіңіз де, электр түйіспелеріне су кіруіне жол берместен, шайнектің ішін сумен шайыңыз
Қажет болған жағдайда рәсімді қайталаңыз.
ЖҰМЫС
СУДЫ ҚҰЮ
Шәйнекті қоректену тұғырынан түсіріңіз.
Сіз оны тұмсықша арқылы не қақпақты ашып, қылтаннан толтыра алаcыз.
Шәйнектің қызып кетпеуі үшін 0.5 литрден (“MIN” белгіден төмен) аз су құюға ұсынылмайды. 1.7 литрден
(“MAX“ белгіден жоғары) көп су құймаңыз, әйтпесе ол тұмсықша арқылы қайнаған кезде тасып кетуі
мүмкін.
ТОҚҚА ҚОСУ
Қуат тұғырын электр желісіне жалғаңыз.
Су толтырылған шайнекті қорек тұғырына орнатыңыз.
Екі дыбыс белгісі естіледі, шайнектің ішіндегі жарық индикаторы кезек-кезек қызыл, жасыл, көк түспен
жанады да, басқару панеліндегі температура индикаторлары көк түспен жанады.
СУ ҚАЙНАТУ
Басқару панеліндегі іске қосу түймесін басыңыз, дыбыстық белгі естіледі де, шайнектің ішіндегі жарық
индикаторы жасыл түспен жанады.
Біраз уақыттан кейін шайнек суды 100 ºС-қа дейін ысытады. Осы температураға жеткеннен кейін шайнек
автоматты түрде өшеді.
ТЕМПЕРАТУРАНЫ ТАҢДАУ
Шай өзінің пайдалы табиғи сипаттары мен хош иісін сақтауы үшін оны белгілі бір температурадағы суға
демдеген дұрыс:
Шөп тұндырмаларын демдеу температурасы 40 °С
Ақ шайды демдеу температурасы 70 °С
Көк шайды демдеу температурасы 70-80°С
Ұлын шайды демдеу температурасы 80-90 °С
Қызыл шайды демдеу температурасы 90 °С
Пуэр шайды демдеу температурасы 100 °С
Бұл шайнекте суды ысыту температурасын таңдау мүмкіндігі қарастырылған.
Өзіңізге керек температураны орнату үшін, шайнекке су толтырып, оны қорек тұғырына орнатқаннан кейін
+/-
түймелерінің көмегімен мына мәндердің бірін таңдаңыз: 40 °С, 70 °С, 80 °С, 90 °С, бұл орайда басқару
панелінде таңдалған температураның индикаторы жанады.
Summary of Contents for SC-EK21S77
Page 3: ...IM020 www scarlett ru SC EK21S77 3 220 240V 50 Hz 1850 2200 W 1 7 L 0 97 1 3 kg mm 240 135 220...
Page 6: ...IM020 www scarlett ru SC EK21S77 6 RUS 0 C 2 XX XXXX XX XXXX 1 3 12...
Page 8: ...IM020 www scarlett ru SC EK21S77 8 UA SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 i i i i i i...
Page 10: ...IM020 www scarlett ru SC EK21S77 10 5 5 10 KZ SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2...