IM023
www.scarlett.ru
7
SC-BS33E105
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін және біздің
компанияға сенім артқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Іске пайдалану нұсқаулығында суреттелген
техникалық талаптар орындалған жағдайда, SCARLETT компаниясы өзінің өнімдерінің жоғары сапасы мен
сенімді жұмысына кепілдік береді.
SCARLETT сауда таңбасының бұйымын тұрмыстық мұқтаждар шеңберінде пайдаланған және іске
пайдалану нұсқаулығында келтірілген пайдалану ережелерін ұстанған кезде, бұйымның қызмет мерзімі
бұйым тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды. Аталған шарттар орындалған
жағдайда, бұйымның қызмет мерзімі өндіруші көрсеткен мерзімнен айтарлықтай асуы мүмкін екеніне
өндіруші тұтынушылардың назарын аударады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Пайдалану кезінде бұзылмауы үшін құралды қолданудың алдында осы нұсқауды ықыласпен оқып
шығыңыз. Дұрыс қолданбау бұйымның бұзылуына соқтырады.
Тек қана тұрмыстық мақсаттарда қолданылдады. Құрал өнеркәсіптік және саудалық қолдануға
арналмаған.
Таразыны соққылы жүктемеге ұшыратпаңыз.
Жайдан тыс не жоғары дымқылды жағдайда қолданылмайды.
Таразыны асыра тиемеңіз.
Дымқыл күйде үсті тайғақ болады.
Құрылғыны өз бетіңізбен жөндеуге әрекет жасамаңыз. Істен сатушыға хабарласыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0˚C-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX
пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» –
жасап шығарылған жылы.
ӨЛШЕУ
ЖҰМЫСТЫ БАСТАУ
Полярлығын дәл келтіре отырып, таразының астыңғы панеліндегі арнайы ұяшыққа AAA тұрпатты төрт
батареяны салыңыз. Ұяшықты жабыңыз. Таразы жұмысқа дайын.
Өлшем бірлігі ретінде килограмм таңдау үшін таразының артқы жағындағы түймешікті бір рет басыңыз,
фунт таңдау үшін екі рет басыңыз.
Таразының жайпақ тегіс көлбеу жерде тұрғанына көз жеткізіңіз. Таразыны кілемнің немесе жұмсақ
заттардың үстіне қоймаңыз.
Салмақты дәл айқындау үшін таразының үнемі бір жерде тұрғаны дұрыс. Таразының орнын ауыстырған
кезде оны тегіс емес жерге қоюыңыз ықтимал, ал бұл салмақтың дәл көрсетілуіне әсер етуі мүмкін.
ӨЛШЕУ
Салмақты дәл айқындау үшін үнемі бір уақытта, киіміңіз бен аяқ киіміңізді шешіп, тамақтанардан бұрын
өлшену керек.
Салмақты барынша дәл айқындау үшін ұйқыдан тұрғаннан кейін 2 сағат өтпей тұрып салмақты өлшемеген
жөн.
Таразыны іске қосу үшін оның үстіне шығып тұру керек.
Дисплейде «0.0». жанғанша бірнеше секунд кідіріңіз.
Өлшеу уақытында көрсеткіш тұрақтану үшін қимылдамай тұрыңыз.
Таразыдан түсіңіз.
АВТОМАТТЫ СӨНДІРУ
Өлшенгеннен кейін жүктемесі жоқ таразы 10 секундтан кейін өздігінен ажыратылады.
АРТЫҚ САЛМАҚ
Таразыға артық салмақ тиегенде дисплейде " Err " жазуы көрінеді.
БАТАРЕЙКАНЫ АУЫСТЫРУ
Егер дисплейде " Lo " жазуы көрінсе, батарейканы ауыстыруды қажет етеді.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Таразыны жуғыш құралмен жұмсақ матамен сүртіңіз және кептіріңіз.
Органикалық еріткіштер, агрессиялық химиялық заттар және қайрақты құралдарды қолданбаңыз.
САҚТАУ
ТАЗАЛАУ және КҮТУ бөлімінің талабтарын орындаңыз.
Сақтау уақытына таразыда ешқандай заттардың болмағанын қадағалаңыз.
Таразыны құрғақ салқын орында сақтаңыз.
БАТАРЕЯНЫ ҚОЛДАНУ
Батареяның құрамында ағзаға зиянды заттектер бар. Кішкентай балалардың қорек элементтеріне жете
алмауын қадағалаңыз. Егер әлдекім қорек элементін жұтып қойса, дереу дәрігерге көріну керек.