38
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
САҚТАУ
•
Сақтап қояр алдында аспаптың электр желісінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
•
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ бөліміндегі талаптарды
орындаңыз.
•
Аспапты құрғақ таза жерде сақтаңыз.
КEПIЛДIК ШАРТТАРЫ
1.Кепілдік мерзімі – бұйым Тұтынушыға табысталған күннен
бастап 12 (он екі) ай.
2.Кепілді жөндеу Уәкілетті сервис орталықтарында
жүргізіледі.
3.Кепілдік шарттарында иеленушінің үйінде бұйымға
мерзімді техникалық қызмет көрсету, орнату және реттеу
көзделмеген.
4.Кепілдік төмендегілерге таралмайды:
•кепілдік талондары толық толтырылмаған немесе түзетілген
аспаптар;
•жұмсалатын, соның ішінде шыны материалдар мен керек-
жарақ (сүзгілер, торлар, қаптар, қондырмалар, шлангылар
және т.т.);
•бұйымның табиғи тозуы, механикалық бүлінуі, судың
сапасынан бүлінген жерлері;
•шамадан тыс жүктеме салудан, дұрыс емес немесе
салдыр-салақ пайдаланудан, сұйықтардың, шаң-тозаңның,
жәндіктер мен басқа да бөтен заттардың бұйымның ішіне
түсуінен, пластмасса және жылуға шыдамайтын басқа да
бөлшектеріне жоғары температуралардың әсер етуінен,
дүлей күштің әсерінен (жазатайым оқиға, өрт, су тасқыны,
электр желісінің ақаулығы, найзағай түсу және басқа)
туындаған ақаулар;
•иеленушісінің бұйымның құрылмасын немесе оның
құрамдас бөлшектерін өз бетімен өзгертуінен бүлінген
жерлері;
5.кепілдік мерзімінің ішінде өндірушіге «Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау туралы» заңда көзделген талаптарды
қоюға Тұтынушының құқығы бар.
6.Тұтынушы қауіпсіз іске пайдалану және сақтау ережелерін
орындауға міндетті.
Summary of Contents for INDIGO IS-HB44K01
Page 1: ......