37
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
•
ЕСКЕРІМ: Блендер дұрыс немесе толық құастырылмаса,
процессор іске қосылмайды.
ТЕКШЕЛЕП ТУРАУҒА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК
•
Дөңгелек ірімшікті, етті, көкөніс пен басқа да азық-түлікті
текшелеп турауға арналған.
•
Текшелеп турауға арналған қондырманы дөңгелектегі
қондырмаға арналған ойыққа салыңыз.
•
Үстінен қондырма пышақты орнатыңыз.
•
Дөңгелектегі дөңестер шараның ойықтарына кіретіндей етіп
дөңгелекті шараға орнатыңыз.
•
Шараға жетекті кигізіңіз.
•
Қозғалтқыш бөлікті шараның жетегіне орнатыңыз.
•
ЕСКЕРТУ: Азық-түлікті тек итергішпен беріп, оның үстінен
ақырындап басып отырыңыз.
•
Қондырманы дөңгелектен алған кезде сақ болыңыз, себебі
қондырма аса өткір. Қондырманы алып шығу үшін оның
үстінен арнайы итергішпен төмен басыңыз.
ҚОЮ ҚАМЫР ИЛЕЙТІН ҚОНДЫРМА
•
Қондырма қою қамыр илеу үшін қолданылады
•
Қамыр илейтін қондырманы шараның білігіне орнатыңыз
•
Шараның үстіне шараның жетегін орнатыңыз да, оны
бекітіңіз.
•
Қондырманың жетегінің үстіне қозғалтқыш бөлікті
орнатыңыз. Аспап жұмысқа дайын.
•
Қамырды ең үлкен жылдамдықпен илеңіз.
КАРТОП ЕЗБЕСІН ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРМА
•
Қондырманы түйіршіксіз әрі үлпілдеген картоп езбесін
жылдам дайындау үшін пайдаланыңыз.
•
Қондырманы қозғалтқыш бөліктің үстіне орнатыңыз.
Қондырманы мықтап бекіту үшін, қондырмадағы меңзер
қозғалтқыш бөліктегі бұғаттау белгішесімен сәйкес
келетіндей етіп, оны сағат тілінің бағытына қарсы бұрау
керек.
•
Жұмысқа кіріспес үшін қондырманы піскен картоп салынған
шараға батырыңыз. Жұмысты төмен жылдамдықтан
бастаңыз.
•
ЕСКЕРІМ: Картоп езбесі үлпілдек әрі дәмді болып шығуы
үшін оған шамалы ыстық сүт пен сары май қосыңыз.
•
Езбені дайындап болғаннан кейін қондырманың
қалақшаларын алып, жуыңыз. Құрғатып сүртіңіз де, орнына
қондырыңыз.
•
Қондырманың қалақшаларын ағытып алу үшін оларды
сағат тілінің бағытымен бұраңыз, орнына қондыру үшін
қалақшаларды сағат тілінің бағытына қарсы айналдырыңыз.
ЖҰМЫС
•
Жинақтауды толық әрі тиісті түрде іске асырғаныңызға көз
жеткізіңіз.
•
Процессорды электр желісіне қосыңыз.
•
Импульстік режимнің батырмасын басыңыз да, ұстап
тұрыңыз – процессор осы батырма басулы тұрғанша жұмыс
істейтін болады.
•
Жылдамдық ауыстырғыш тетіктің көмегімен азық-түлікті
өңдеу жылдамдығын біртіндеп реттеуге болады.
•
Сұйық және қатты азық өнімдерін бірге өңдеу үшін TURBO
режимін пайдаланыңыз
•
Процессор жұмыс істеп тұрған кезде кез келген керек-
жарақты одан шешіп алуға тыйым салынады.
•
ЕСКЕРІМ: Процессордың үздіксіз жұмыс
істеу уақыты 1 минуттан аспауға, ал іске
қосу аралықтарындағы үзіліс 2 минуттан кем
болмауға тиіс.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
•
Жұмысты аяқтағаннан кейін аспапты өшіріңіз де, оны электр
желісінен ажыратыңыз.
•
Дереу (ұзақ уақыт суламастан) барлық алмалы-салмалы
бөлшектерді сабынды жылы сумен жуыңыз да, құрғақ таза
сүлгімен сүртіңіз. Бұл үшін ыдыс-аяқ жуатын машинаны
қолданбаңыз.
•
Қаптаманы жұмсақ дымқыл матамен сүртіңіз.
•
Қатқыл жөке, қырғыш және күшті тазартқыш құралдарды
пайдаланбаңыз.
Summary of Contents for INDIGO IS-HB44K01
Page 1: ......