36
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
•
Қозғалтқыш бөлікті кез келген сұйық заттарға батыруға және
оны сумен жууға тыйым салынады.
БАТЫРЫЛАТЫН БЛЕНДЕР
•
Блендер езбе көжелерді, түрлі тұздықтар мен асқатықтарды,
сондай-ақ балалар тағаын дайындау үшін, сан алуан түрлі
коктейльдерді араластыру үшін аса қолайлы.
•
Қондырманы қозғалтқыш бөлікке сырт етіп түскенше
кіргізіңіз.
•
Қоспалардың шайқалып төгілуін болдыртпау үшін, іске қосу
алдында блендерді араластырылатын тамақ өнімдеріне
батырыңыз.
•
Қондырманы ағытып алу үшін аспаптың корпусындағы
түймешіктерді қатар басыңыз
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІН ҰСАҚТАУҒА АРНАЛҒАН ПЫШАҚ /
ШАҒЫН УАТҚЫШ
•
Шағын уатқыш асшөп пен көкөністі, ірімшікті, жаңғақ
түрлерінің көпшілігін, кептірілген жеміс-жидекті ұсақтау
үшін са қолайлы. Ет, ірімшік, пияз, сәбіз сияқты ірі өнімдерді
алдын ала турап алу керек. Жаңғақтың қабығын аршу керек,
етті сүйегі мен сіңірінен ажыратып алу керек.
•
Уатқыш мұзды жару үшін, кофе дәндері, мускат жаңғағы,
дәнді дақылдар сияқты аса қатты азық өнімдерін ұсақтауға
жарамайды.
•
Ескерту! Ұсақтауға арналған пышақтың жүзі өте өткір! Тек
үстіңгі пластмасса бөлігінен ғана ұстаңыз!
•
Ұсақтауға арналған пышақты шараның ортаңғы істігіне
орнатыңыз.
•
Шараға азық өнімдерін салыңыз.
•
Шараны шара жетегімен жабыңыз.
•
Шараның жетегіндегі дөңес тұтқадағы ойыққа кіретіндей
етіп, жетекті бұрыңыз, сонда шараның жетегі бекиді.
•
Қозғалтқыш бөлікті шараның жетегіне бекігенше кіргізіңіз.
•
Ұсақтау кезінде бір қолыңызбен қозғалтқыш бөлікті, екінші
қолыңызбен ұсақтауға арналған қондырманың шарасын
ұстаңыз.
•
Пайдаланып болғаннан кейін ең бірінші кезекте қозғалтқыш
бөлікті ажыратыңыз.
•
Содан кейін шараның жетегін ажыратыңыз. Бұл үшін
шараның жетегін бекітетін түймешікті басыңыз да, жетекті
сағат тілінің бағытына қарсы бұрыңыз.
•
Содан кейін шараның жетегін ажыратыңыз.
•
Ұсақтауға арналған пышақты еппен шығарып алыңыз.
•
Тек содан кейін ғана ұсақталған азық өнімдерін ұсақтауға
арналған шарадан басқа ыдысқа салып алыңыз.
ТІЛІМДЕП ЖӘНЕ ЖІҢІШКЕЛЕП ТУРАУҒА АРНАЛҒАН
ДӨҢГЕЛЕК
•
Дөңгелек көкөністі, мысалы, қиярды, сәбізді, картопты,
порей пиязды және домалақ пиязды, сондай-ақ ірімшіктің
кейбір сұрыптарын тілімдеп кесуге және жіңішкелеп турауға
арналған.
•
Шараның білігін шараның осіне орнатыңыз.
•
Шараның білігіне тілімдеп және жіңішкелеп турауға арналған
дөңгелекті орнатыңыз.
•
Шараға жетекті кигізіңіз.
•
Қозғалтқыш бөлікті шараның жетегіне орнатыңыз.
•
ЕСКЕРТУ: Азық-түлікті тек итергішпен беріп, оның үстінен
ақырындап басып отырыңыз.
СҰЙЫҚ АЗЫҚ ӨНІМДЕРІН ШАЙҚАУҒА / АРАЛАСТЫРУҒА
АРНАЛҒАН ҚОНДЫРМА
•
Былғауышты кілегейді, жұмырқаның ағын, түрлі тәтті
тағамдарды шайқап көпіршіту үшін пайдаланыңыз.
Бұл қондырманы ешқашан да қатты қамыр илеу үшін
пайдалануға болмайды.
•
Сәл бұра отырып, қондырманы бекіту үшін өтпелікке
орнатыңыз.
•
Қондырманы қозғалтқыш бөлікке сырт етіп түскенше
кигізіңіз.
•
Жұмысқа кіріспес үшін былғауышты көпіршітілетін азық
өнімдері салынған шараға батырыңыз.Жұмысты төмен
жылдамдықтан бастаңыз (7-ші түймешік).
Summary of Contents for INDIGO IS-HB44K01
Page 1: ......