Сымсыз зарядтағышты пайдалану
6
6
Қазақ тілі
•
Сіздің сатып алған сымсыз зарядтағышыңызға байланысты бөлек зарядтағышты
сатып алуыңыз керек болуы мүмкін.
•
Мобильді құрылғының сымсыз зарядтау катушкасының орналасқан жеріне
байланысты мобильді құрылғыңыз дұрыс зарядталмауы мүмкін.
•
Мобильді құрылғыңызға қалың қап кигізсеңіз сымсыз зарядтағыш дұрыс жұмыс
істемеуі мүмкін. Егер сіздегі қап қалың болса, оны сымсыз зарядтағышқа мобильді
құрылғыңызды қоймас бұрын алыңыз.
•
Сымсыз зарядталу кезінде мобильді құрылғыңызға зарядтағышты қоссаңыз,
сымсыз зарядтау функциясы қолжетімді болмайды.
•
Егер желі сигналы әлсіз жерлерде сымсыз зарядтағышты қолдансаңыз, желі
қабылдауын жоғалтып алуыңыз мүмкін.
•
Сымсыз зарядтау кезінде Qi сымсыз зарядтағышы шу шығаруы мүмкін.
•
Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз.
Зарядтағыштың қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуат ысырабын болдырмау үшін
пайдаланбаған кезде зарядтағышты электр розетка ұясынан ажырату керек.
Зарядтау кезінде зарядтағыш электр розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді
болуы керек.